Жолдасбаев Бексұлтан

Рейтинг:

«ЖАН-ЖАҚТЫ ЖЕТІЛГЕН ЖАСТАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ».
 
      Жігерлі, төзімді, батыл, көпшіл Бексұлтан Рахатұлы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында  2008 жылы 19 желтоқсанда мерейлі отбасында өмірге келген. «Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу» деген ұстанымдағы кісілігі кемел, жүрегі дархан, шарапаты мол ата-анасы Бексұлтанның  жарқын болашағына сенеді. Бексұлтан – отбасының тұла бойы тұңғышы, жарқыраған шамшырағы. Ізінен ерген Аида, Алпамыс есімді сүйкімді бауырлары бар. Өрелі ұл үнемі бауырларына қамқор болып жүреді. «Несіп» балабақшасына барған Бексұлтан таным көкжиегін кеңейтті. Талапшыл ұл 2015 жылы Жаңазен қаласындағы №21 орта мектепке шәкірт болып қабылданып, білім әлемінің есігін ашты. Қазіргі таңда аталған білім ордасындағы маңдайалды оқушыларының бірі, сынып белсендісі, ата-анасы мен ұстаздарының мақтанышы Жолдасбаев Бексұлтан аталмыш мектептің 5 «Ғ» сыныбында білім алуда. Салауатты  өмір салтын ұстанатын жігерлі өрен спортпен шұғылданып, 2016 жылдан бастап бокс үйірмесіне қатыса бастады. Қазіргі кезде жетістіктерімен ата-анасын қуантуда.
      Жетістігі: Бексұлтан Рахатұлы – бір Алтын, 2 күміс медаль иегері. 2015 жылы «Несіп» балабақшасын тәмамдап, Мадақтама иегері атанды. «Білімді ұрпақ – ел тірегі» атты апталық аясында «Жас суретші» сайысында ІІ орын алған жүлдегер шәкірт. 2018 жылы «Астана қаласына – 20 жыл»,  «Жаңаөзен қаласының 50 жылдығы» және  номинациясының «Балаларды қорғау күніне» арналған бокстан 2007-2009 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен «БСЖМ» Ашық біріншілігіне қатысып, ІІ орын алып, Диплом иегері атанды. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған бокстан 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен қалалық Ашық турнирінде +20 кг салмақ дәрежесі бойынша ІІ орын жүлдегері. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында  Жаңаөзен қалалық Ашық турнирінде +25 кг салмақ дәрежесінде І орынға ие болып, Дипломмен марапатталды.
      Сүйікті ісі: Спортпен  шұғылдану, достарымен бас қосу, жақсы кино көру, сазды ән тыңдау, отбасымен бірге уақытты көңілді өткізу.
      Арманы: Болашақта Қазақстанның атын шығаратын спортшы атану, өз ісінің білікті маманы болып, адал еңбек ету, елінің мақтанышына айналу.









[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}