
«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕР ЖІГІТ, АБЫРОЙЛЫ АЗАМАТ АТАНАМЫН!»
Оқуға деген, білуге деген құмарлықты дамыту арқылы өсіп-жетілудің, дамудың жолына түскен өрелі ұландардың бірі – Жұмабай Шәмші. Қай заманда болмасын білімді ұрпақ толағай табыстарға жетіп, мақсатын межелі уақытында орындайды. Мұны жақсы білетін Шәмші өзінің шығармашылық қыры мен қабілетін ашуда жан-жақты толысып жүр. Бір үйдің шамшырағы Шәмші

Жұмабай 2009 жылы 7 қыркүйекте қазыналы қарттары бар өнегелі отбасында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүние есігін ашқан. Отбасының үлкендері, ардақты ата-әжесінің тәлімді тәрбиесін алып, келешекке сеніммен қадам басу үстінде. Қадірменді, ұлағаты мол атасы Ражабов Жұмабай Курмашевич парасаты мол жан болатын. Ал күн шуағындай мейірімді, ақпейіл әжесі Анарбаева Кулдар Кусаиновна – немерелерінің тілеуін тілеуден жалықпайтын әз Ана. Айбарлы азамат, асқар тау әкесі Ражапов Бақытжан Жұмабайұлы мен жылы сөзімен сүйіспеншілігіне бөлеп жүрген аяулы анасы Унайбаева Джумагуль Кунарбаевна – бала тәрбиесін бірінші орынға қойған жарасымды жұп. Талантты өрендер Алида мен Шәмші – өзара тату өскен бауырлар. Жумабаева Алида – отбасының тұңғышы, Шәмшінің үлгі тұтар жанашыр әпкесі, жанұяның қызғалдағы, үздік оқушы. Отбасының үлкендері олардың қол жеткізген табыстарын мақтан тұтады. Жас өрен 3 жасында «Жауқазын» балабақшасына барып, әдеп әліппесін меңгерді. 5 жасар балдырған Қ.Күржіманұлы атындағы №8 мектебінің даярлық тобына барды. Сабақ үлгерімі өте жақсы Жұмабай Шәмші қазіргі таңда Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 мектептің 5 «Ә» сынып оқушысы. Шәмші мектеп ішінде көптеген пән олимпиадалары мен білім бәйгелеріне қатысып, жүлделі орындарды иемденген.«Тәлімді тәрбие мен терең білімім – жетістікке жетудің басты қағидасы» деп есептейтін зерек ойлы шәкірт жанжақты білімге алуға құштар Шәмші бос уақытында футбол ойнап, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданады. Тарихи фильмдерді қатты ұнатады. Техникаға деген қызығушылығы басым.
Жетістігі: Жұмабай Шәмші – 1-4 сыныптарды «өте жақсы» оқығаны үшін Мақтау қағазымен бітірген үздік оқушы. 2019 жылы мектеп өмірінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, сапалы білім және саналы тәрбие үлгісін көрсеткені үшін Мақтау қағазымен марапатталып, мерейі үстем болды.
Сүйікті ісі: Спортзалда денесін шынықтыру, таза ауада серуендеу, музыка тыңдау, достарымен ала доп қуалап, отбасымен бірге демалу.
Арманы: Жоғары білім алып, ғажайып құрылыстар салуға қатысатын білікті маман, шебер архитектор атанып, халыққа адал қызмет ету.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]