Байтелина Сандугаш

Рейтинг:

    «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», – деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөзі қызылордалық ару Байтелина Сандуғаш Жасұланқызының ақ армандары мен Отанына деген шексіз сүйіспеншілігіне арналып айтылғандай.
      Қасиетті де киелі мекен Сыр өңірі көпшілікке таныс. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 2007 жылы 18 маусымда дүниеге келген есімі ерекше қыз халқымыздың салт-дәстүріне сай ата-әжесінің қолында тәрбиеленеді.
    «Отбасы» атты ең биік бәйтеректің қорғаны мен қамалы болып жүрген атасы Ахмет Бәйтелі – теміржол саласында көп жыл қызмет жасаған еңбек ардагері. Ақ жаулығы кіршіксіз пейіліндей аппақ мейірбан әжесі Ахмет Назира да зейнетке теміржол саласынан шыққан. Тәрбиелі, өнегелі, көпшіл, бауырмал Сандуғаштың екі сіңлісі мен бір інісі әпкесінен үлгі алып, үлкен мақсаттарға ұмтылып өсуде.
    «Шұғыла» балабақшасына 3 жасында бастап барған зерек қыз бірден көпшіліктің сүйіктісіне айналды. Балабақшада өтетін түрлі мәдени іс-шараларға белсене қатысатын өнерлі балақай сол кезден бастап Алғыс хат, дипломдарды иелене бастады. Сандуғаш Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінен «Бейбітшілік әлемі», 2013 жылы 4-5 маусымда болған «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім» атты ІІІ Халықаралық балалар фестивалінде ерекше өнер көрсеткені үшін І орынды жеңіп алады. Одан басқа балабақшадан алған 5 марапаты да бар.
     Білім баспалдығының алғашқы сатысын басып, Сандуғаш 2013 жылы №266 мектеп-лицейдің орыс сыныбының шә-кірті атанды. «Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде» деген ұлы данышпан Аристотельдің ұлағатты пікірін қағидасына айналдырған Сандуғаштың қазіргі жеткен аласармас асулары – мектептегі ұстаздары мен ақылшы ата-әжесі, ата-анасының орасан зор еңбегі нәтижесі, қолдауы.
    Білім көкжиегін бағындыруды шындап қолға алған талапты қыз өзінің алғырлығымен, өнерге құштарлығымен көзге түсті. Дарынды өрен 2016 жылы Қорқыт ата атындағы әуез мектебінің скрипка класына барды. Талмай ізденіп, тынымсыз еңбектенген Сандуғаш Жасұланқызы 2017 жылы ІІ Халықаралық «Тоника» номинациясымен өткен конкурста І орынды жеңіп алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ізденімпаз, мақсатшыл қыз мектеп қабырғасында жүріп математика, познание мира пәндерінен олимпиадаларға қатысып, грамота және дипломдармен марапатталған. Қазіргі таңда барлығы 28 грамотасы бар. Өзбекстандағы Ziyouz.uz мәдениет порталы мен Дүниежүзілік әдебиет және өнер академиясының ұйымдастыруымен «Сүйейік, табиғатты аялайық!» атты балалар мен жасөспірімдер арасында өткен халықаралық шығармашылқ байқауда «қолөнер» жанры бойынша I орын алып, абыройы асқақтады. www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Қазақ тілі (орыс сынып) пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жеңімпазы атанып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «XIX Сәтбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясында жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін I Дәрежелі диплом иегері атанды. Сонымен қатар, «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «МӘҢГІ ЕЛ, ҚАЗАҚСТАНЫМ!» ғылыми-практикалық конференциясындағы құнды ғылыми-жобасы, баяндамасы үшін тағы да I Дәрежелі дипломды қанжығасына байлады.
    «Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде» деген ұлы данышпан Аристотельдің ұлағатты пікірін қағидасына айналдырған Сандуғаштың қазіргі жеткен аласармас асулары – мектептегі ұстаздары мен ақылшы ата-әжесі, ата-анасының орасан зор еңбегінің нәтижесі, қолдауы. Сандуғаштың қол жеткізген жетістіктері мен тәлімді тәрбиесі үшін атасы Ахмет Бәйтелі, әжесі Ахмет Назираға 6 алғыс хат берілді.
    Жаңашыл, дарынды Сандуғаштың қолы бос кезінде айналысатын сүйікті ісі – сурет салу. Сондай-ақ арманшыл қыз ән салуды да жақсы көреді. Сандуғаш оқуын ойдағыдай аяқтап, болашақта дизайнер болуды армандайды.
      2019 жылды ұлт көшбасшысы «Жастар жылы» деп жариялады. Жасампаз Қазақстан болашағы – жастар легі. Елбасы: «Сендер – тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар!» – деген еді. Сондықтан да Сандуғаш Жасұланқызы мен оның қатарластарына артылар жүктің салмағы ауыр.
     Келешектің кемеліне қадам басар дара жолыңда жұлдызың биіктен жарқырап, өмірің өрісті болсын Сандуғаш! Өзіңдей озық ойлы жастар барда Мәңгілік елдің ірге тасы мықты бола бермек!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}