Улыкпанова Жамиля

Рейтинг:

     Тобыл өзенінің, оған Әбілсай мен Қостанай деген салалары құятын биік жарқабақты жағада орналасқан киелі өлке. «Алтын астық – қазақтың басты байлығы» ақ таңы арайланып ататын, қырманы астыққа толы Қостанай өңіріндегі тату-тәтті Ұлықпановтар әулетінде үлкен қуаныш орын алды. Ол үлкен бақ пен шаттық 2008 жылы 23 қаңтарда ана жолын жалғап тон пішетін нәзік болмысты сәбидің дүниеге келуі болатын.
     Іңгәләған сәби үнімен отбасының бақытының несібесін екі есе үдетіп, бақыт теңізінде тербелген нәрестеге жақындары азан шақырып Жамиля деген есім қойды.
     Алғашқы тәй-тәй басқан қадамдарынан-ақ әкесі мен анасының маңдай бағын бес елі еткен Ұлықпанова Жамиля Жасұланқызы – озық ойлы жеткіншек.
     Алты құрлық өзгерсе де адалдықтың түп тамырынан қол үзбейтін әкесі Ұлықпанов Жасұлан – еліміздегі шағын және орта кәсіп саласының дамуына азаматтық үлесін қосып жүрген кісі. Жеке кәсіпкерліктің тізгінін ауыздықтап, мал және ауыл шаруашылығы жұмыстарын қатар алып жүр. Бойында жастық жалыны бар кезінде спортпен айналысқан әкесі аяулы қызының болашағы баянды, келешегі кемел боларына сенеді. Сондықтан үнемі «Жамиля сен намысын биік қоятын қазақтың қызысың. Бойжеткен шақта анаңдай жылы жүректі, қардай ақ пейілді болсаң мен үшін бақыт деген осы», – деп нұрлы ақылын құлағына құйып келеді. Жамиляның анасы Гүлзира Қабылмажитқызы «НК «ҚТЖ» АҚ-ы жүк тасымалдары» Қостанай жедел-локомативтілік ісінде жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы.
    Жамиля үйінде үш ағайындының ортаншы перзенті болғандықтан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді де жақсы біледі. Дильназ апасы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы болса, Назым сіңілісі «Аяна» балабақшасының тәрбиеленушісі. Дильназ апасының да, Жамиляның ғылым салаларына өзіндік көзқарастары қалыптасқан. Дильназ лингвистика жағынан жақсы болса, Жамиля математика бағытына қызығушылық танытады.
       Жамиля 6 жасынан бастап, 9 жасына дейін Өнер мектебінің оқушысы атанды.
    Адам болмысының алтын арқауы, тәрбие бастауын отбасынан алған Жамиля 2010-2014 жылдары №61 балабақшаға барған. Онда алғашқы танымын кеңейтіп, бөбекжайдан кейін №24 бастауыш гимназия мектебіне оқуға қабылданды.
      Оқу жылының әуелгі аяқ алысынан-ақ зеректігімен көзге түсіп, ұстаздарының мейіріміне бөленген жеткіншек қазіргі таңда жеңіс жалауын желбіретіп келеді. Таудай талап пен ақ айдынға бет алған алып кемедей алдынан шыққан білім бәсекелерінде жеңісті қолдан бермей жүрген оның марапаттары жайлы айтып тауысу тіптен мүмкін емес.
      Ең алғашқы марапаты менталды арифметика сайысынан айдар тағуы болған Қазақстан болашағы әлі күнге дейін ешбір жарыста жүлдесіз қалған жоқ.
     №24 мектеп гимназиясының оқушысы бола жүріп, 2016 жылы ағылшын тілі олимпиадасында ІІІ орын, мектепішілік ғылыми-қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ғылыми жұмыстар байқауында жүлделі орындарға араласқаны үшін алғыс хат алған. Сондай-ақ, «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңінен ІІ орын және 2017 жылы қатысқандығын растайтын сертификат иеленсе, «Ақ бота» интеллектуалдық олимпиадасынан сертификат олжалаған.
     Туған жер топырағында әрбір басқан қадамы алтын тақтан кем емес өрен, 2017 жылы І тоқсанда өткен мектепішілік олимпиадада І орын, ІІІ тоқсанның кешенді олимпидасында ІІ орын, 2-4 сынып оқушылары арасында өткен «Бастау» Х республикалық математикалық турнирінен ІІІ орын, 2018 жылы ІІ-ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
      Мұнымен жүзден жүйрік ақылды қыздың бағындырған белестері толастамайды. Іске ақылымен жүгіретін текті ару математика пән бойынша облыстық юниорлық олимпиадада ІІІ орын, жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік олимпиадада математикадан ІІ дәрежелі мадақтама, 2-4 сынып оқушылары қатысқан қалалық кешенді олимпиадада ІІ орын, 2018 жылы «Дарынды түлек» зияткерлік ойынынан ІІІ орын алып, сол жылы мектебінің намысын түрлі сайыстарда қорғап, мерейін үстем еткені үшін «Жыл оқушысы» атағын иеленді.
      Алғыр ойдың иесі 2019 жылы облыстық олимпиада барысында математика, қазақ тілі пәндерінен ІІ орын еншілеп, «Достық» білім беру орталығы, қалалық білім беру басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған қалалық 5-сынып оқушылары арасындағы сайыста ІІ орын жеңімпазы атанып және орталықта оқуға 40 пайыз жеңілдік беретін сертификат ұтып алды.
     Жамиля Жасұланқызы, халықаралық «Зерде» олимпиадасынан І орын және математика пәні бойынша облыстық юниорлық олимпиададан ІІІ орын алғаны үшін мектепте «Ғаламат жұлдыз» номинациясының иегері атанды.
     Тілегін еңбегімен орындауға күш сала заңғарларды межелейтін Жамиляның ендігі арманы – республикалық деңгейдегі физика-математика бағытында тереңдетілген негізде білім беретін мектепке түсу.
       Ақ арманы айдан биік ақмаңдайлы арудың осы көздегені орындалары анық. Алатаудай шыңды нысанаға алған пейіліңе аласармас бақыт биігін тілейміз, Жамиля!







[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}