Касин Мапуза

Рейтинг:

«ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРЫҚ, КӨҢІЛІ КӨКТЕМ ӘСЕМ ҚЫЗ»

      «Көп білем десең, Аздан бастап үйрен» деген ұстанымдағы әдепті, зерделі, қабілетті Касин Мапуза 2003 жылы 14 шілдеде Моңғолия мемлекетінде дүние есігін ашты. Жақындарына деген құрметті бәрінен жоғары қоятын алғыр қыз «Бала – өмірдің мәні, көңілдің сәні, алға жетелер шамшырақ» деп қарайтын  отбасының қазыналы қарттары – ардақты атасы Мұғараж бен мейірбан әжесі Каухардың сүйіспеншілігіне бөленіп, тәлімді тәрбиесімен өсті. Бүгінде парасатты қариялар зейнеткерлер қатарында.  Биік болмысты, бір сөзді   әкесі  Касин мен шуағы мол, ізгі ниетті анасы Хуралған – мал шаруашылығы саласының еңбеккерлері. Ата-әжесі, әке-анасы қазіргі таңда Моңғолия елінде тұрады. Мұғараж атадан тараған текті әулеттің балалары мен немерелері өзара өте тату. «Бауырмен өмір мәнді» деген ұстанымдағы ағалы-інілі балалардың перзенттері – Мапуза мен Ахмет. Ізгілікке жақын Ахмет жақсы көретін әпкесі Мапузаны үлгі тұтады, құрметтейді, барлық жағынан оған ұқсауға тырысады. Бауырмал, көпшіл, сезімтал Мапузаның Гүлзира, Еркеш,Ферхан, Ерсұлтан есімді бауырлары бар. Отбасындағы тәлімді тәрбиесін Моңғолиядағы «Сарнай цэцэрлэг» балабақшасында жалғастырған өрелі өрен білім алар кез келгенде «Минжит Булган цогцолбар» мектебіне шәкірт болып қабылданады. Аталмыш білім ордасында Мапуза 9-сыныпқа дейін оқып, өзін тек жақсы жағынан көрсете алды. «Білім – маржан» деген ұстанымдағы Мапуза Касин 2014 жылы сынып бойынша «Үздік оқушы» атанып, Мақтау қағазымен марапатталады. 2018 жылы Алгебра пәні бойынша өткен олимпиаданың ІІ орын иегері атанады. Зерек қыз 2019 жылы Моңғолия мемлекетінде өткен «Кім шыдайды» атты Асса жарысының ІІІ орын жүлдегері. Білімпаз, ізденімпаз шәкірт Касин Мапуза бүгінде  Нұр-Сұлтан қаласындағы №86 мектеп-гимназияның 10 «Ә» сыныбының белсенді, озат оқушыларының қатарында. Сынып жетекшісі, география-биология пәнінің мұғалімі Есренова Тажигуль Нағашыбайқызының бағыт-бағдар беруімен жаңа ортаны жатсынбай қабылдап, жауапкершілігі мол ұғымтал шәкірт бүгінде ұлағатты ұстазының мақтанышына айналған. Ертеңгі болашағын қазірден өз қолымен жасап жатқан жаңашыл жас сабаққа ынталы, қоғамдық жұмыста белсенді, досқа адал, сырға берік. Руханият әлеміне жақын, ойы ұшқыр, көңілі жүйрік Мапуза – аға жеңгесінің ақ үмітін ақтап, үлгілі тәртібімен, оқуға деген құлшынысымен оларды қуантып жүр. Жібек мінезді көркем қыз тынбай ізденіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдері курстарына  тұрақты түрде қатысып, шахмат, дойбы ойындарын жетік меңгеруге де уақыт табады. Бос уақытында домбыра тартып, ән айтып, сурет салып, дәмді тағамдар әзірлеп, достарымен бас қосуды ұнататын инабатты ару өз болашағын білім саласымен байланыстырып, мұғалім болуды қалайды. Қосымша білімін жетілдіріп, өз бетінше ізденуден жалықпайтын талапшыл шәкірт келесі жылы ҰБТ-дан жоғары балл жинауды жоспарлауда. Алыстағы отбасын қуантып грант негізінде жоғары оқу орнына түсу – басты арманы. Біз де айналасын нұрға бөлеп жүретін арманшыл Мапуза Касинқызының кемел келешегінде мақсатына жетіп, ата-анасының мақтанышы, ұлағатты ұстаз, білімді де білікті маман боларына сенім білдіреміз.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Акбаян- 10 июля 2020 13:18
Тек алға!Жарайсың

{lang_lastnews}