Қоныс Бибізайнаб

Рейтинг:

«КІШКЕНТАЙ ҒАЛЫМ» ҚҰРМЕТТІ АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ
 
      Мектеп өміріне белсене араласып, қоғамдық жұмыстарға қатысып, «Кішкентай ғалым» Құрметті атағын иеленген өте дарынды Бибізайнаб Бауыржанқызы 2008 жылдың 11 қыркүйегінде Атырау облысы, Құлсары қаласында дүниеге келді. Бойында өнердің оты жалындаған өнерпаз «Жұлдыз» ықшам ауданындағы балабақшадан тәлім алып, таным көкжиегін кеңейтіп, №36 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады. Сол кезден бастап өзінің ізденімпаздығымен, жан-жақтылығымен, зерек болуымен ерекшеленді. Сыныптан сыныпқа тек Мақтау қағаздарымен ғана көшіп, би өнері саласында ғана емес, ғылыми жұмыстарда да жетістіктерге жетіп, өз жобаларын қорғай білді. Алғашқы ұстазы Мухамбетова Ботакөз Жексенғалиқызына шәкірттік алғысы шексіз. Сабырлы, мейірімді, сыныптастарының арасында беделді оқушы, мектепішілік өткізілген қоғамдық іс-шараларға ғана белсенді қатысып қана қоймай, өзіне тапсырылған істерді жоғары жауапкершілікпен атқарады. Бастауыш сыныптарда жүріп-ақ қабілетті шәкірт көптеген мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып үлгерді. Сынып старостасы  Бибізайнаб – болашағынан  зор үміт күттіретін жас талап.
      Жетістігі: Бастауыш сыныптарында Мақтау қағаздары иегері. 2016 жылы Бастауыш сыныптағы математика олимпиадасынан I дәрежелі Диплом, «Жұлдызды сәт» сайысынан және «Достық» жазғы сауықтыру лагерінде қыз балалар арасында ұйымдастырылған «Лагерь Ханшайымы – 2016» сайысынан Диплом, «Золотое Руно» Халықаралық ойын-байқауынан I орын жүлдегері.  2017 жылы «Зерде» облыстық байқауында «Математика, информатика» секциясы бойынша III дәрежелі Диплом иегері және  I орын жүлдегері. 2017 жылы «Дорога к знаниям» Республикалық интеллектуалдық марафонынан Сертификат, математика пәнінен «Кішкентай Эйнштейн» білім сайысынан III дәрежелі Диплом иегері. Республикалық ғылыми жоба байқауларында І орын алып, мектеп мерейін үстем етті. «Мәңгі ел, Қазақстаным!» атты оқушылар мен жасөспірімдер фестивалінде «Би» жанрында айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани жолындағы еңбегі үшін «Арулар» би тобы қатарында Бас Жүлде иегері. 2018 жылы математика пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасынан I дәрежелі Диплом, www.iQcenter.kz интеллектуалды білім порталы шығармашылық байқауынан «Шебер қалам» атты номинациясы бойынша II орын, «Балдырған» жазғы демалыс лагерінен «Үздік оратор» атағын иемденген. I Халықаралық «Талантты жастар» фестиваль-байқауында «Вокал» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат, Бастауыш сыныптардың қалалық семинарында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат иегері атанды. 4 «Ғ» сыныбында өткізілген «Ең үздік Larbojk» байқауының «Ең үздік видеопрезентация» номинациясы бойынша Диплом иегері. Республикалық «Ұлы дала  ұрпағымыз» балалар мен жастар байқауында «Хореография» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат, «Арулар» би тобы құрамында «Ковбой» биімен Бас Жүлде жеңімпазы. I Республикалық «Қазақстан таланттары» рухани-патриоттық байқауында «Хореография өнері» номинациясы бойынша II дәрежелі лауреат атанған білімпаз шәкірт. 
      Сүйікті ісі: Би билеу, ән айту, кітап оқу, музыка тыңдау, табиғат аясында демалу.
      Арманы: Би өнерінде жетістікке жетіп, өнер саласының жұлдызы болу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}