![]()
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», – дейді ұлы ақын Абай. Ал атақты Македонский: «Мен ұстазым Аристотельді әкемнен кем құрметтемеймін. Өйткені, ата-анам маған өмір сыйласа, ұстазым сол өмірді қалай сүру керек екенін үйретті», – деген екен. Бойындағы талабын шыңдап, ұстазын ұлықтап жүрген ұлағатты ұрпақтың бірі – Әбілмансұр Тойлыбайұлы. Үш жүздің басын қосқан хан Абылайдың азан шақырып қойған есімін еншілеген ер жігіт: «Қазақ елінің дамуына титімдей болса да, үлесімді қоссам» деп армандайды.
Алдамберген Әбілмансұр Тойлыбайұлы 2005 жылдың 14 қыркүйегінде Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Талай ақынның жырына, суретшінің қылқаламына, сазгердің әуеніне арқау болған Каспий жағалауындағы жайсаңдар елі қанаты қатайып, биікке бағыт алған тағы бір өренін додаға қосып жүр. Ұлықпандай әншінің аспанында әуелеген өнерлі өлкенің ұлы Әбілмансұр білімде бәсі биік балдырған боп қалыптасты.
Дарынды ұл үш жасты толтыра сала, Ақтау қаласында орналасқан №26 «Қарлығаш» балабақшасында тәрбиеленді. Балабақша қабырғасында жүріп, қоғамдық шараларға белсене атсалыса бастаған балдырған 2012 жылы Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінің бірінші сыныбына қабылданды. Содан бері жыл сайын оқу озаттарының қатарында оқу жылын тәмамдап жүр.
Инемен құдық қазудың қаншалықты қиын екенін білсе де, ол білімнің соңына шам алып түсті. 2018 жылдың мамыр айында конкурстық іріктеудің нәтижесімен Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныбына қабылданды.
Жоғары дәрежелі білім ошағында оқитын оғлан – түрлі деңгейдегі сайыстардың, олимпиада мен конкурстардың жеңімпазы. Ол «Бастау» республикалық математикалық турнирінің 2014 жылы қалалық, облыстық кезеңдерінде І орын, республикалық кезеңінде ІІІ орынды еншіледі. Ал 2016 жылы қалалық, облыстық кезеңдерінде І орын, республикалық кезеңінде ІІ орынды еншіледі. Тың идеяларды қолдайтын «Зерде» республикалық шығармашылық жобалар конкурсында да топ жарды. 2015 жылы аталған байқаудың қалалық кезеңінде ІІІ орынды иемденіп, үздік үштікті түйіндеді.
Есепке жүйрік шәкірт «Шексіз математика» халықаралық конкурсының 2014, 2015, 2016 жылдардағы додасында күмістен медаль тағынса, 2017 жылы қола жүлдегері атанды. «Балалар интеллектуалдық клубы» жобасының қашықтық олимпиадасында 2015 жылы математика пәні бойынша І орын алса, орыс тілі пәнінен ІІІ орынға тұрақтады. Сондай-ақ, 2016 жылы қашықтықтан өткізілетін «Кенгуру» халықаралық зияткерлік конкурсында математика секциясы бойынша ІІ орынды иеленді.
Барлық пәнді қызыға оқитын білімдар 2016- 2017 жылдары өткізілген қалалық пәндік олимпиададан Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІ орынның тұғырына шықты.
«Білім – жанып тұрған шырағдан», – дейді халық даналығы. Осы білімнің биігін бағындыруды мақсат еткен Сұлтанмахмұт та, Мағжан да, Шоқан да қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болуды аңсады. Бүгінгі көзі ашық, көкірегі ояу жандар – сол ұлт зиялыларының өлшеусіз еңбегінің ізбасарлары.
Әбілмансұр Тойлыбайұлы да – заңғар биіктікке көз тастап, арман қанатымен «ұлтқа қызмет қылсам» деген жастардың бірі!
Трудно переоценить роль знаний, как в истории цивилизации, так и в современном обществе. Каждому человеку хочется быть образованным, побольше знать, побольше уметь. Но путь к знаниям нелегок, он требует упорства, настойчивости. Как говорится в пословице: «Мир освещается солнцем, а человек знанием», знания – это и есть жизнь! Именно благодаря знаниям мы имеем возможность двигаться вперед, развивая свою личность и цивилизацию в целом.
С определенным взглядом на мир, мечтающий в будущем внести свой непосильный вклад в развитие нашей страны, став достойным гражданином Республики Казахстан, наш юный герой Алдамберген Абильмансур Тойлыбаевич родился 14 сентября 2005 года в городе Актау Мангистауской области. Город Актау – в переводе это «Белая гора» на берегу Каспийского моря. Но не только своей историей и нефтяными запасами богата Мангистауская земля, она также является Родиной многих знаменитых личностей и не менее знаменитого, смелого, стремящегося к знаниям подрастающего поколения. Одним из них и является наш герой Абильмансур.
В трехлетнем возрасте, как и все его сверстники, он стал воспитанником детского сада №26 «Карлыгаш». Разносторонне развитый, общительный, веселый мальчик активно участвовал на утренниках детского учреждения. Любознательный и смышленый ребенок, быстро изучил буквы, научился считать. В 2012 году он пошел в первый класс школы №11 с физико-математическим уклоном.
И с тех пор он ежегодно завершает учебный год на «отлично». А руководство школы награждает его похвальными листами за отличную учебу и примерное поведение.
Есть такое выражение «рыть иголкой колодец», которое означает, что только упорство, терпение и труд приведут человека к заветной цели. Так и наше юное дарование на пути поисков соответствующих знаний много занимался, интересовался полезной информацией, углубленно изучал школьные предметы. В 2018 году в мае месяце попробовал свои силы и возможности во вступительном тестировании, в результате успешно сдал экзамен и стал учащимся 7-го класса Интеллектуальной школы имени Назарбаева.![]()
В настоящее время наш юный гений – победитель многих школьных олимпиад и конкурсов. Так, принимая участие в 2014 году в Республиканском математическом турнире «Бастау» на этапах городского и областного уровней, он стал обладателем I-го места, а на республиканском уровне завоевал III-е призовое место. В том же конкурсе, проходившем в 2016 году на этапе городского и областного уровней он вновь стал победителем и занял I-е место, а на республиканском уровне завоевал призовое II-е место.
Приняв участие в конкурсе национальных творческих проектов «Зерде», талантливый мальчик также стал победителем группы. А в 2015 году на этом же конкурсе, прошедшем на городском уровне, он вошел в «тройку лучших» и стал обладателем III-го места. Одаренный неординарными способностями мальчик с развитым абстрактным и логическим мышлением, способный с легкостью решать математические примеры и задачи стал обладателем серебряных медалей на международных конкурсах «Шексіз математика» 2014, 2015, 2016 годов, а в 2017 году он стал обладателем бронзовой медали данного конкурса. В 2015 году приняв участие в проекте дистанционной олимпиады «Балалар интеллектуалдық клубы» по математике, он завоевал I-е место, а по русскому языку – III-е место. В 2016 году в Международной интеллектуальной олимпиаде «Кенгуру», проходившей дистанционно, в секции математика он завоевал II-е место. Увлеченно изучая все школьные предметы, любознательный юноша в период 2016-2017 учебного года на городской школьной олимпиаде по истории Казахстана вышел на II-е место.
Абильмансур уже сейчас понял, что все молодые люди стремятся добиться чего-то в жизни. Кто-то хочет стать успешным бизнесменом, кто-то учителем, врачом, или инженером. Но для этого нужно упорно трудиться, не покладая рук, стремиться к цели и верить в свои силы.
Пожелаем нашему юному гению удачи и успехов в его творческих поисках!