Абдулов Эльнұр

Рейтинг:

ӨНЕРІМЕН БАҒЫ ЕСЕЛІ ҰЛАН
 
      «Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй» деп Абай атамыз айтқандай, бала кезімнен ән айтуға әуеспін. Түрлі жанрдағы әндерді айтып, вокалдық мүмкіндігімді дамытып келемін. Ән шырқау арқылы жарыстарда жеңімпаз болу менің шабытымды ашып, алға жетелейтін күш береді», – дейді өз жазбасында 2006 жылы 6 мамырда Орал қаласында туған Абдулов Эльнұр Серікұлы.
      Үш жасынан балабақша қабырғасында тәрбиеленіп, білімнің бағдарына қанаттанған Эльнұр жан-жақты өнерлі. Әнмен қатар билеуге де балалық шағында бейім болған ол – бүгінде талай додалардың жүлдегері.
      Тәуелсіздік аспанында өнер жағалауын жағалап, 2012 жылы мектепке барған Эльнұр – қазір №26 жалпы білім беретін орта мектептің үздің оқушыларының қатарында. 
      Таланты су түбіндегі маржандай жарқырап, әжесінің қолдауымен №3 Саз мектебінде «фортепиано» аспабы бойынша дәріс алудағы талабы таудай бала – көптеген мектепішілік қоғамдық жұмыстар мен басқа да өнер байқауларының дарабозы. 
 
Шығармашылық шыңдалудағы талғамы жоғары Эльнұрдың жетістіктері:
– «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» байқауында «Вокал» номинациясы бойынша I орын иеленіп, Дипломмен марапатталды. 
– Республикалық «Қазақстан таланттары» байқауында «Эстрада вокал» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атағына ие болды. 
– «Ұлы дала ұрпағымыз» атты Республикалық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша жүлдегер атанды.
– Мектепішілік «Оқырман отбасы – 2017» отбасы сайысында өнерлі отбасы атағын жеңіп алды. 
– «Отбасы. Экология. Мәдениет» шарасы аясында «Sport's time» атты квест ойынында «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.
– «Отбасы. Экология. Мәдениет» шарасы аясында «Sport's time» атты квест ойынында жүлделі I орынға ие болғаны үшін Дипломмен марапатталды. Оны осы жетістіктері үшін, білім алып жатқан оқу ошағы Көкшетаудың «Бурабай курортына» демалуға жіберді. Онда да талантымен таныла білген дарынды өрен қоржынын марапатпен толтырып қайтты. 
– РОСО «Балдәурен» спорттық мерекелік шара «Олимпия» ойынында I орынға ие болды.
 
Әнші жігіттің жанұясы:
      Адамгершілік қасиеті жоғары әкесі Абдулов Серік – жоғары білімді мемлекеттік қызметкер. Отбасының түтінін түтетіп отырған анасы Бакеева Альмира – ТОО «Мед.Центр» мекемесінде кадр бөлімінің инспекторы. Ағасына қолғанат болуда жігері мықты інісі Абдулов Эльдар – енді ғана мектеп табалдырығын аттаған балдырған.
      Отбасындағы үлкендерден өнеге алып, ашық аспанды әнімен әуелететін Эльнұр: «Осы уақытқа дейін жетістіктерге жетуіме себепші – нағашы әжем», – дейді жас ұлан. Ол кісінің даналығы мен парасатының арқасында сахналарда жұлдызы жанып жүрген шығармашыл бала ақжаулықты асыл әжесіне алғыс айтады. 
      Біз де көңілі көк дөненнен жүйрік Эльнұрдың өнер жолында қиыншылықтарға мойымай, қыран құстай самғай беруіне ниеттеспіз! 
      Еліміздің болашақ «эстрада жұлдызы» атанып, ел сыйлайтын ел ағасы бол, Эльнұр Серікұлы!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}