Еркінқызы Перизат

Рейтинг:

      «Алаштың анасы» атанған Сыр елі – Қазақстанның болашағын жалғап, игі істердің ұйтқысы болар  мектеп жасындағы оқушыларға, талантты жастарға бай өңір. Туған жер топырағына аунап, самал желге еркелей бой түзеп келе жатқан, білімі мен таланты арқылы бәсекеге қабілетті ұландар бүгінде аймақтық, республикалық, тіпті, халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, жетістікті жетелеп жүр. Олардың әр қадамы – табысқа бастаған жеңіс пен марапатқа толы. Сондай өреннің бірі, ата-анасының  тұңғыш перзенті – Еркінқызы Перизат 2009 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылында дүниеге келген.      Перизат – атына сай бекзада болмысты жеткіншек. Бала күнінен әжесінің ертегісін тыңдап, ұлттық руханият әлеміне сусындап өсті.
      Білімпаз Қазақстанның болашағы қазіргі таңда №49 орта мектебінің 5 «Б» сыныбында оқиды. Сапалы білімімен, өзіндік көзқарасымен алдағы мақсаттарын айқындап алған.  
      Зерделі шәкірт – көптеген   оқу-білім  сынақтарының жүлдегері. 
      2016 жылы білімқұмар балаларға арналған «Үркер» Республикалық зияткерлік марафонының І дәрежелі жүлдегері атанды. «Балалар Интеллектуалдық клубы» жобасына математика және дүниетану пәндері бойынша халықаралық монопәндік жарысына қатысып, екі пәннен де озық білімін көрсеткені үшін І дәрежелі Дипломға ие болды. Сонымен қатар, дәл осы білім зияткерлік білім додасында әдебиет пәнінен де білімділігін байқатып, тағы да І орынға қол жеткізді. 
      2017 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ақбота» интеллектуалдық марафонында ІІ орын иегері атанды. 
      2018 жыл «Табиғат және адам» интеллектуалдық марафонында ІІІ орын, «Кенгуру – математика для всех» халықаралық деңгейдегі жарыста да ІІІ орын алған Перизаттың әлі де олжалар марапаттары болатынына сенеміз. 31 жыл ұстаздық еңбек өтілі бар Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Дәрібаева Нұржамал Әбілқасымқызына және сынып жетекшісі, білікті маман Өтеубаева Фарида Болатқызына шәкірттік алғысы шексіз. Шәкіртіне білгенін үйретуден жалықпайтын ұстазының үздік оқушыларының қатарындағы  Перизат туралы пікірі жоғары. «Сабақты жақсы оқиды, үйге берілген тапсырманы ұқыпты орындайды, сыныбының, достарының мақтанышы», – дейді ұлағатты ұстазы. 
      «Отбасым – бар бақытымның бастауы. Асылдың сынығы,  ақжаулықты әжем Әшірова Гүлжахан Раушанбекқызы – мен үшін телегей теңіздей мол ақылдың иесі. Ол кісінің ақылы мен тағылымға толы өнегесі біздің отбасымызда аса қадірлі. Ер азаматқа тән болмыс иесі әкем Абдукаримов Еркін – жанұямыздың тірегі. Үлкен әулетке ибалы келін атанып отырған аяулы анам Есенова Нүргүл – әрі ақылшым, әрі сырласым. Балауса мен Нұрай  есімді сіңілілерім мен Тәңірберген, Ернұр есімді інілерім бар. Кіші бауырларыма әпкелік қамқорлығымды білдіру – менің міндетім деп санаймын. 
      Сабақтан тыс кездері сурет саламын. Тоқыма тоқу, тігу жұмысымен айналысқан ұнайды. Ақ қанат армандарымның бірі – дәрігер болу. Болашақ белесінде ақ халатты абзал жан атанып, халықтың әл-ауқатын жақсартып, отандық медицинаның дамуына өз үлесімді қоссам деймін. Иә, білемін, дәрігерлік мамандық – жауапкершілігі зор жауапты мамандық. Себебі, сенің қолыңда адам тағдыры – болашақ тағдыры тұрады. Сапалы білім мен біліктілік ғана жарқын іске қол жеткізеді.Сондықтан да, алтын ұя мектебімде  барлық сабақты үздік нәтижемен жақсы оқып, білуге деген құштарлығымды арттырып келемін», – деп, алға қойған мақсат-мұраттары жайлы ой бөлісті ару Перизат. 
      Жас болса да, Перизаттың талғамы биік, ойы ұшқыр. Үлкендердің әрбір іс-әрекетінен өзіндік ой түйіп, сөздерін тұнық ақылымен пайымдап отыруға бейімделген. 
      Перизат – қырдағы қырмызы гүлдей құлпырған Сыр өңірінің бұрымдысы. Болашақта тек туған жерінің ғана емес, бүкіл Қазақстанның біртуар тұлғасы болсын!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Нұргүл- 26 марта 2020 13:59
Жаным қызым.😚Шукір Аллаға.Аллахыма мың мадақ.🙏

Нурбол- 26 марта 2020 14:06
Құтты болсын жаным. Биік белестерден көріне бер. 

Нуржамал- 26 марта 2020 16:54
Арманыңа жетуіңе тілектеспін.Биіктерден көріне бер✔

Нургуль- 26 марта 2020 17:51
Жаным қызым,қызғалдағым,мақтанышым менің.😚Шукір Аллаға🙏 Аллахыма мың мадақ🙏

Жулдыз- 26 марта 2020 19:45
Кутты болсын! Биiк шындардан кор
ине бер! Алар белесин коп болсын!!! 

Нуржаусын- 5 апреля 2020 09:22
Керемет! Жарайсың, Перизат! Тек қана алға! Ата-анаңның мақтанышы бол!

{lang_lastnews}