Байтілес Тоғжан

Рейтинг:

      Өмірге құштар, өнерге іңкәр, жүрегі дархан, көңілі көркем жас кім-кімнің де сүйсінуі мен қызығушылығын тудыратыны ақиқат. Талабы таудай, арманы биік жастардың қатарында 2003 жылы 23 маусымында 200 жылдық тағылымды тарихы бар Қызылорда  қаласында өмір есігін ашқан Байтілес Тоғжан Батырбекқызы да бар. 
      «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп қазақтың бас ақыны данышпан Абай Құнанбайұлы айтқандай, білуге құмар зерделі балдырған ынтымағы жарасқан өнегелі отбасында тәлімді тәрбие алуда.            
      Отбасы – шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің басшысы, озық ойлы, асқар таудай биік әкесі мен мейірім мен шапағаты мол көпшіл анасы – жарасымды жұп.
      Отбасында жан жылуына бөленген бал-балалығының қызықты шақтары екінші кезеңге ауысып, білім алудың кезеңі жеткенде оқуға ынталы Тоғжан мектеп табалдырығын аттап, білім әлемінің есігін ашты.
      «Білім – таусылмайтын байлық» деген ұстанымдағы өрелі өрен Тоғжан Байтілес қазіргі кезде аталған беделді білім ордасы М.Шоқай атындағы №187 ІТ мектеп-лицейінің 11 «А» сыныбында білім алып жүрген мектеп түлектерінің қатарында.
      Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ білім алуға бар ынтасымен кіріскен ынталы Тоғжан барлық пәндерден берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, үлгілі тәртібі және жақсы үлгерімімен озат оқушылардың санын толықтырып, ұстаздарының сүйікті шәкіртіне айналып, мұғалімнің көмекшісі, сынып басшысы болып сайланды. Өз сыныптастарымен оңай тіл табысатын көпшіл қыз қоғамдық жұмыстарға да қатысып, барлық іс-шараларда белсенділік танытты.
      Жасынан көркем әдебиет пен сөз өнеріне жақын Тоғжан Байтілес – қалалық «60 секунд» интеллектуалды сайысында жүлделі І орындарды иемденіп, қала әкімінің Кубогын иемденген білімпаз шәкірт.
      Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік, талантты Тоғжан – «Жас ұлан» ұйымының ІV слетінің ІІ орын иегері. 
      «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» дегендей, Тоғжан – көптеген білім бәйгелері мен өнер сайыстарының қатысушысы. Республикалық пәндік олимпиадасының қалалық кезеңінің ІІ орын иегері ретінде облыстық пән олимпиадасына жолдама алған талапкер.
      Республикалық Абай атындағы олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІ орын иегері атанып, облыстық пән олимпиадасына жолдамамен қатысты. Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиаданың қалалық кезеңінде 2019 жылы ІІ орын, 2020 жылы ІІІ орын жүлдегері атанды. Сондай-ақ Республикалық тарих пәні олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІІ орын алған жүлдегер.
      Өздігінен ізденіп, қосымша білім алудан жалықпайтын ұлағатты ұлан «USTUDY» бойынша 125 оқу орталығының үздік оқушысы атанған. Тоғжан бос уақытында қазақ әдебиетінің жауһар жырларын оқиды.
      Толыққанды азамат атануды қалайтын Тоғжан келешекте оқуын ойдағыдай бітіріп, ҰБТ-дан үздік нәтиже көрсетіп, грант негізінде Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетіне түсіп, тілші мамандығын игеріп, от ауызды, орақ тілді журналист атанып, танымалдыққа жеткісі келеді.
      «Жер ғаламы – біздің ортақ үйіміз, оның әрбір тұрғыны құндылықтары мен байлықтарын сақтай отырып, ұқыпты әрі қамқор бола білу керек. Табиғатқа сүйсіне қарап, жанымызды емдей аламыз, ол бізге күш-қуат береді, тек оны көріп, сезіне алуымыз қажет. Жер бетіндегі халық санының көбеюі, техниканың дамуы табиғи өмірге елеулі зиянын тигізеді. Қазіргі таңда адамзаттың негізгі мәселесі – қоршаған ортаны қорғау. Адамдардың экологияға қатысты білімінің төмендегі салдарынан Жер-Анаға қауіп келуде», – деп сыр бөлісті өз жазбасында. 
      Болашақта талантты оқушының туған жерінің өсуіне, оның табиғатының сақталуына, сонымен қатар, әрбір адамға үйден, бала-бақшадан, мектептен бастау алатын экологиялық түсініктің қалыптасуына қандай да бір еңбегімді қоссам деген ой-арманы бар. 
      Біз белсенді де ізденімпаз қыз Байтілес Тоғжан Батырбекқызының арманы орындалатынына сенімдіміз. Ол таңдаған жол сәттілік пен туған жердің гүлденуінің сара жолы екені анық. Алар асуың көп болсын! 
      «Талаптығы нұр жауар» деген бар, қанатың талмасын, жас дос!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Венера- 20 марта 2020 13:24

Талабын он болсын Ботам .Биз сенимен мактанамыз
Жаным талабың оң болсын! 😘

Венера- 20 марта 2020 13:36
Талабын он болсын Ботам.Биз сенимен мактанамыз.

Раушан Калжанова- 20 марта 2020 14:27
Білімді ұрпақ-еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын ерекше тұлға. Сенің жұлдызыңды жаға білген ата-анаң мен сынып жетекшің Айгүл Сқақова және бүкіл 187 ІТ мектеп-лицейі өзіңнен үлкен үміт күтеміз. Талабың оң, болашағың зор болсын Жас түлек! Біз саған сенеміз! Білімді ұрпақ-еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын ерекше тұлға. Сенің жұлдызыңды жаға білген ата-анаң мен сынып жетекшің Айгүл Сқақова және бүкіл 187 ІТ мектеп-лицейі өзіңнен үлкен үміт күтеміз. Талабың оң, болашағың зор болсын Жас түлек! Біз саған сенеміз!

Агира- 20 марта 2020 14:27
Жолың әрдайым ашық болсын! Осы бағытыңнан таймай, биік белестерден көрінуіңе тілектеспін! 

Сауле- 20 марта 2020 15:01
Алар асуларың әлі алда,бағындырар жетістіктердің көп болсын,Біз сенімен мақтанамыз Тоғжан!!!

Калиева Мейрам- 20 марта 2020 15:34
Тоғжан өте зерек, білімге ынтасы зор, талапты, дарынды, ақылды  бала. Жастайынан еңбекқор , жүрегі жұмсақ, ақкөңіл , адамдарға көмектесуге асығып тұрады.  Бәрінің қамын ойлайды, ата - анасын қатты қадірлейді, інісіне үнемі қамқор. Мектепте белсенді ,. Осындай көкірегі ояу жастар Қазақстанды басқа мемлекеттермен терезесі тең қылатынына мен сенемін !

Наргиза- 20 марта 2020 16:17
Жарайсың менің жан құрбым😍👍🏻 Мен сенімен әрқашанда мақтанамын😻

Майра- 20 марта 2020 19:26
Тек қана алға. Қазақ елінің әдебиетіне үлес қосар мықты азаматша бол! 

Гүлжан- 20 марта 2020 19:40
Саттилик! Армандары орындалсын!

Меруерт- 20 марта 2020 19:41
Байтілес Тоғжан оқуда озат,ақылды,зерек оқушы.Белсенді,жауапкершілігі өтттеее зор.Алда үлкен белестерді бағындырып,үлкен жетістіктерге жетуіне ұстазы ретінде сенімдіміз.Алған біліміңнің нәтижиесін көрсетіп ойға алған мақсаттарыңа жетуге тілектеспіз.Тек қана алға.Біз саған сенеміз!!!!!

Гүлжәзира- 20 марта 2020 20:06
Талабы зор оқушы.Қанатың талмасын.Тек биіктерден көрін!

Арайлым- 20 марта 2020 22:30
Жаным сәттілік тілеймін 

{lang_lastnews}