Ерлан Ботажан

Рейтинг:


«АЛДЫМА ҚОЙҒАН ҮШ МАҚСАТ – СУРЕТШІ, СӘУЛЕТШІ, ДИКТОР БОЛУ»

      Табиғаттың тамылжыған сұлулығын қағаз бетіне айнытпай түсіре біліп, ән айтып, би билегенде көрермендерін ерекше бір күйге бөлейтін өнерлі қыз Ботажан 2009 жылдың 21 ақпанында өмірге келді. Бала кезінен өнерге жақын болған ол «Байтемір» балабақшасында жүргенде-ақ ерекше қабілетімен, алғырлығымен алдыңғы қатардан көріне білді. Қаладағы Т.Тәжібаев атындағы №47 орта мектепте білім алып жүрген Ботажан түрлі мектепішілік байқаулар мен сайыстардың, пән олимпиадаларының, интернет арқылы қашықтықтан өткізілген интеллектуалдық марафондардың жеңімпазы. Атасы Баймедетов Баймурза мен қамқор әжесі Баймедетова Рыскүлдің өнегеге толы тәлім-тәрбиесін алып, өнер шыңында үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Ардақты анасы Баймедетова Жанна қызға тән әдептілік пен ибалықты қызының бойына сіңіріп, жүрегіне иман нұрын ұялатып келеді. Бір емес, бірнеше өнерді бойына жиып, ата-әжесі мен анасының үкілі үмітін арқалаған Ботажанның Даната есімді сіңілісі бар.
      Кішкентайынан оқуға, танып-білуге деген ыстық ықыласы күшейіп, мектепалды даярлық кезінде бағындырған алғашқы білім биіктігін мектепте де шыңдай түсті. Тәлімгерлерінің айтқанын қағып алып, кітапты жүргізіп оқи білген дарынды бала үшін мектеп бағдарламасын игеру қиын болған жоқ. Бастауыш сыныптарда алдыңғы қатарлы озат оқушылардың көшін бастады. Жыл сайын жетістікке жетуді жақсы әдет қылған дарынды жас бұл күнде мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық қашықтықтан интернет арқылы өткізілген сайыстар мен пән олимпиадалары, интеллектуалдық марафондарда жүлделі орындар алып, мақтау қағаздары мен дипломдарын иеленіп келеді. Ата-әжесінің ақыл-кеңесін құлағына құйып, рухани жан-дүниесін байытып, өзін жан-жақты дамытып, ұстаз тапсырмасын екі етпей жылдам әрі, тиянақты орындайтын оқушының жауапкершілігі мол. Мектепішілік өткізілген сайыстарда сынып мерейін өсіріп жүрген дарынның арманы биік, талғамы жоғары. Сурет саласында жетістіктерге жетіп, сурет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырғысы келеді. Сахна төрінде ән шырқап, өмірге жаңа туындылар әкеліп, әншілік өнерін де дамыту алдына қойған мақсаттарының бірі. Үлкен мақсаты – қала келбетіне көрік берер ғимараттар салатын сәулетші және тележурналистика саласында еңбек ететін диктор болу. Салауатты өмір салтын берік ұстанып, еліміздің кемелденуіне өз үлесін қосу үшін үнемі ізденіс үстінде жүретін Ерлан Ботажан – болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы.
     Жетістігі: Бастауыш сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәні бойынша өткізілген олимпиададан I орын жүлдегері. Мектеп оқушылары арасында өткізілген «Шамшырақ» олимпиадасынан I орын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мектепішілік «Ұлы дала аңыздары» олимпиадасынан I орын алып, мерейі үстем болды. 2017 жылы Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткізілген  «Дети рисуют мир» сурет салу шығармашылығы сайысынан Диплом иемденді.
       Сүйікті ісі: Сурет салып, би билеу, ән айту, отбасына көмектесу.
       Арманы: Суретші, сәулетші, теледидарда диктор болу, өнер әлемін бағындыру.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}