«ЗАМАНАУИ ЖАСТЫҢ ЖАРҚЫН КЕЛБЕТІ»
Тамыры мықты болмай, ағаш жетіле алмайды. Сондықтан да, бүгінгі жас буынның саналы азамат, терең білімді игерген, қабілеті ерекше, серпінді жас болып
жетілуінде – ата-ана мен ұстаз тәрбиесінің орны ерекше. Жас ұланның бойынан орын алатын өркениеттілік, зиялылық, дарындылық, парасаттылық оның өмір жолының жарқын айнасы болары сөзсіз. Ал мұндай қасиетке бейімдеу – отбасы мен мектеп тәрбиесіне, қоршаған ортасының ықпалына байланысты. Адам бақытты өмірге өзі қадам жасайды. Ол үшін өз бойындағы барлық қабілеттің көзін ашып, мүмкіншіліктерді ақылмен пайдалана отырып, саналы ой түйіндесе, алынбайтын қамал болмасы анық. Біздің жас досымыз Самат Жоламан да уақытын пайдалы, сүйікті істерімен айналысуға жұмсайды. Дене сымбаты мен күш-жігерін шыңдау үшін спорт мектебіне барып, жаттығады. Қосымша өнерін жетілдіру мақсатында гитарада ойнайды. Өнерлі, талапты жанға өрістің кең екеніндігін нақтылай түседі. Қол жеткізген марапаттары да аз емес. Ең бастысы, талпынған адамның мұратына жететініне сенімді. Уақыт шеңбері тынымсыз қозғалыс үстінде. Сол себепті де жаңарған білім, жаңашыл идея, тың жобалар да күн сайын артып келеді. Жаңа ғасырдың заманауи бағытына сай зейінді оқушы Самат Жоламан уақыт ағымымен бірге жаңаша көзқараста жетіліп келеді. Спорт пен өнерден басқа, тілдік танымын да ұштап, қосымша ағылшын тілі курсына барады. Осы тілде сауаттылығын жетілдіріп, еркін сөйлеуге машықтанып жүр. Амангелдіұлы Жоламан 2004 жылы 27 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. №3 «Бөбек» балабақшасының түлегі №3 қазақ мектебінің бастауыш сыныбында білімін жетілдірді. Қазіргі күні Жаңақала мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. «Отбасы – құнды қазынам, бар байлығым» деп түсінетін өрелі ұлан – парасатты ойымен танылған атасы Самат Бекбулатов пен ардақты әжесі Уразбике Бекбулатованың сүйікті немерелерінің қатарында. Арқа сүйер тірегі, әкесі Амангелді Бекбулатов пен күн дидарлы анасы Айгүл Бекбулатова, ізіне ерген інісі Самат Алимжан – Жоламан үшін қымбат қазына.
Жетістігі: «Бөбек» балабақшасының «Сәт сапар, бүлдіршін» Мадақтамасы, «Балауса» тынығу лагерінің Мадақтамасы, Халықаралық «Кенгуру-математика для всех» конкурсының ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері. Ағылшын тілі пәні курсының «Elementary» деңгейін толық аяқтағандығын растайтын Cертификат иегері. Ағылшын тілі пәні бойынша Диплом жеңімпазы. V облыстық «Intel-logic – 2014» логикондар, логикалық есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнирінің ІІІ дәрежелі Диплом жүлдегері. Республикалық «BRITISH BULLDOG» ағылшын тілі пәні ойын-конкурсының Сертификаты, мектепішілік «Рубик-Кубик» жинау чемпионатына белсенділікпен қатысқандығы үшін Диплом жеңімпазы. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар облыстық байқауының «Авиация саласындағы жобалар» секциясы бойынша ІІІ орын Грамотасымен марапатталды.
Сүйікті ісі: Гитара тарту. Шахмат ойнау. Спортпен айналысу.
Арманы: Кемел біліммен келешекке қадам баса отырып, «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алу. Елшілік қызметте жүру.
![]()
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]