«ЕЛ КЕЛЕШЕГІ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА»
«Мектеп – кеме, білім – теңіз» дейді қазақы тәмсіл. Сол теңізде капитанның ықпалымен жол тауып кету – өмірден өз бағытыңды табу. Алдыңнан бағыт беріп, жол көрсеткен бағдаршам ұстаздардың үміт артатыны да – сол. «Талай жылғы еңбек нәтижесіз қалмаса екен?» – дейді. Заман дамып, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алдырған осынау жаңа технологиялар дәуірінде білім алушыларға мүмкіндік мол. Сол мүмкіндікті толығымен пайдаланып жүрген дарынды жастың бірі – Бауыржан Жанатұлы.
«ХХ ғасырдың бізге сыйлаған басты бақыты – еліміздің тәуелсіздігі. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Бұл жолда халқымыздың сан қилы тағдыры, жүріп өткен иірім жолдары мен асу-асу белдеулері жатыр. Сол айтулы белестен әрі қуанып, әрі қобалжып жүріп ірі қадам жасадық. Тәуелсіздігімді жарияладық, Сарыарқа төсіне бүкіл әлем мойындаған болашақтың қаласы – Нұр-Сұлтан қаласының тұғырын нығайттық. Кез-келген адам өз өмірінде белгілі бір арманның жетегінде жүреді. Сол арманына жету үшін бойындағы бар күш-қайратын жұмсайды. Адамның алдына қойған мақсаты мен мүддесі – оның шын мәніндегі ұлылығы мен кісілігін көрсетеді. Менің де нұрлы арманым мен биік мақсатым бар: ол – туған елімнің бір перзенті болып қаланып, өз халқымның көсегесін көгертіп, мерейі мен мәртебесін биіктету. Мен де өзімді елін-жерін басқа елдермен терезесін тең етуге ықпал етер азаматтардың алдыңғы қатарында көргім келеді...» Бұл – дарынды жас, зерек ой иесі Бауыржан Жанатұлының ішкі толғанысы.
«Ел келешегі – білімді жастардың қолында» деген пікірді қуаттайтын ізденімпаз, талапшыл Бауыржан Алматы облысына қарасты жасыл желекті әдемі шаһар Талдықорған қаласында 2004 жылы 21 шілдеде өмір есігін айқара ашқан.
Өнегелі отбасының алтын тірегі, биік болмысты әкесі Жанат Бекпаев пен шапағаты мен шарапаты мол мейірімді анасы Анар Майжанова – көп бала тәрбиелеп отырған жарасымды жұп. Арқа сүйер ағасы Бақжан 1990 жылы, жанашыр әпкесі Жадыра 1993 жылы, сүйкімді қарындасы Еркежан 2006 жылы өмірге келген. 2009 жылы қыркүйек айында Бауыржан Жанатұлы Үшарал қаласында мектепке дайындық сыныбына қабылданып, білім әлеміне енсе, 2010 жылы Сарыөзек ауылында 1-сыныпқа қабылданды. 2011 жылы Семей қаласында 2-сыныпқа, 2013 жылы Сарыөзек ауылында 4-сыныпқа барып, 2018 жылы Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясына 9-сыныпқа оқуға қабылданды. Осы оқу жылдарында өте жақсы оқығаным үшін «Жас қыран», «Жас Ұлан» деген белгілерді иемденіп, білім көрсеткішінің жоғары екенін дәлелдеді.
Сурет салу, кикбоксинг, дзюдо, тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатысып аудандык, облыстык, республикалық, халықаралық жарыстарда көптеген медаль, грамота, диплом иемденген білімпаз Бауыржанның жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.
2012 жылы Семей қаласында ШҚО-ның бірнеше дүркін чемпионы Оразғали Асылбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан қалалық турнирде ІІІ орын, Кербұлақ ауданының чемпионатында І орын иемденіп, мерейі үстем болды. 2014 жылы 7-10 наурыз айы аралығында Жаркент қаласында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жасөспірімдер арасындағы чемпионатында 10 жас ұлдар арасында ІІ орын, 2014 жылы Семей қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 10 жас жасөспірімдер арасындағы чемпионатында жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін вице-президент Мақсат Шотаевтың қолынан Грамота алып, жетістік биігінен көрінді.
2014 жылы Сарыөзек ауылында тоғызқұмалақтан Кербұлақ ауданының оқушылар арасындағы Жекелей біріншілігінде ұлдар арасында ІІ орын, Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық округінің 60 жылдық мерейтойына арналған тоғызқұмалақтан оқушылар арасындағы Чемпионатында 2 тақта ұлдар арасында І орын алып, жеңімпаз атанды.
2014 жылы білімге алғашқы күннен ден қойған ынталы шәкірт Бауыржан Жанатұлы 24 мамыр күні «өте жақсы оқығаны үшін» Мақтау қағазымен және лентамен марапатталып, «Жас қыран» деген белгіні мектеп директоры ерекше салтанатпен табыстады.
Өрелі өрен 2014 жылы жаз айында Талдықорған қаласында Алматы облысы мектеп пен колледж оқушыларының VІІ жазғы Спартакиадасында ұлдар арасында тоғызқұмалақтан үшінші тақта бойынша ІІ орын иемденді.
2014 жылы 2-5 қазан аралығында Балпық би ауылында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жастар арасындағы чемпионатында 18 жас ұлдар арасында І орын алғаным үшін марапатталып, жетістіктерін еселей түсті.
2014 жылы 3-6 желтоқсан аралығында Текелі қаласында ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан Алматы облысының чемпионатында 12 жас ұлдар арасында ІІІ орынға табан тіреді.
2015 жылы 2 наурызда Қадырханов Бауыржан тоғызқұмалақтан «І спорттық дәреже» атағын иемденіп, 3-6 наурыз аралығында Текелі қаласында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жасөспірімдер арасындағы чемпионатында 12 жас ұлдар арасында жүлделі ІІ орын иемденді.
2015 жылы Халықаралық ПОНИ турнирінен және «Ақбота – 2015» марафонынан Сертификат иегері атанды. 2015 жылы 23 мамырда Бауыржан Жанатұлы «өте жақсы оқығаны» үшін Мақтау қағазымен және лентамен марапатталды. Осы оқу жылдарында өте жақсы оқығаны үшін «Жас Ұлан» деген белгі тағынып, галстукты марапаттап берді.
2015 жылы жазғы уақытта тоғызқұмалақтан Астана қаласында өткен Республикалық чемпионатқа қатысып, ІІ орын жүлдегері атанды.
2015 жылы 22-25 қараша аралығында Текелі қаласында Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай тоғызқұмалақтан Алматы облысының чемпионатында 12 жастағы ұлдар арасында ІІ орын үшін Мадақтамамен марапатталды.
2016 жылы 28-31 қаңтар арасында Текелі қаласында тоғызқұмалақтан ҚР-сы Тәуелсіздік күніне 25 жыл толуына орай Текелі қаласының Ашық біріншілігінде 12 жасар ұлдар арасында І орын алғаны үшін планшетпен және Грамотамен марапатталып, жемістің тәтті дәмін татты.
2016 жылы 3-6 наурыз аралығында Ұзынағаш ауылында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы Алматы облысының чемпионатында 12 жастағы ұлдар арасында І орын жеңімпазы атанып, Орал қаласында өтетін Республикалық чемпионатқа жолдама алды.
2016 жылы 21.03-01.04 күндер аралығында Орал қаласында өткен тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатына қатысып, осы чемпионатта талантты жас Бауыржан Жанатұлы «24 kz» телеканалында тоғызқұмалақ туралы ой бөлісіп, өз пікірін білдірді.
2016 жылы 5 мамырда Кадет сыныбының «Ант қабылдау» рәсімі өтті. Қадырханов Бауыржанды кадет сыныбының командирі етіп заңды түрде сайлады.
2016 жылы 6 мамыр әскери полиция бөлімшесінде полковник Улдаханов Айдос «Батыр шапағаты Бауыржан Момышұлы» деген медальмен марапаттап, мәртебесі биік болды.
2016 жылы ағылшын тілінен «British Bulldog» Халықаралық ойын-жарысына қатысып, І орын иемденді. 2016 жылы 16 мамырда Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Кеңес Одағының батыры Темірбек Ибрагимовты еске алуға арналған жасөспірім 12 жастағы ұлдар арасында тоғызқұмалақтан өткен VІІ Республикалық жарыста ІІІ орын иемденді.
2016 жылы 26-30 маусым аралығында Текелі қаласында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жекелей рапид және блиц Чемпионатында ерлер арасында І орын, Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жастар мен жасөспірімдер арасындағы Ашық турнирде ІІ орынның жүлдегері.
2016 жылы тамыз айында Алматы қаласының «Сәлем» лагерінде «Мистер- Сәлем» ұлдарды сынау, байқау сайысында Бас Жүлдені алып, жетістіктерін көбейтті. 2016 жылы 16 желтоқсанда Сарыөзек ауылында ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған аудандық қоян-қолтық ұрыс жарысы бойынша ІІІ орын алды.
2017 жылы 20-25 маусым аралығында тоғызқұмалақтан Алматы облысының жекелей чемпионатының рапид түрі бойынша ерлер арасында ІІІ орын жүлдегері болды.
2017 жылы маусым айында Талдықорған қаласында өткен облыстық жыл сайынғы жол жүрісінің жас инспекторы «Қауіпсіз дөңгелек – 2017» сайысының «Жас жол реттеуші» байқауында ІІ орын, жаз айында Талдықорған қаласында «Alpha Intellectual Arithmetic» Халықаралық Дамыту орталығының олимпиадасында І орын, мемлекет және қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан Халықаралық турнирде Бауыржан Жанатұлы «Үздік» ойыншы номинациясына лайық деп табылды.
2017 жылы 15-18 қазан аралығында Қапшағай қаласында тоғызқұмалақтан өткен Алматы облысының жастар чемпионатында 14 жастағы ұлдар арасында жүлделі І орын, Сарыөзек орта мектебі МДШО бойынша география пәнінен 14 қарашада өткен мектепшілік олимпиадада І орын алып, марапаттар санын арттырды. 16-19 қараша аралығында Іле ауданында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған Алматы облысының Кубогында ІІ орынды иемденді.
Егеменді еліміз Қазақстан Республикасы 16 желтоқсан Тәуелсіздік Ұлы күні маңызы бар тарихи думанда, еліміздің туы асқақтап, Өркениет көшіне ілескен мерекесін тойлауға белсене атсалысып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін жалынды жас Бауыржан Жанатұлы майор Б.Касеновтың қолынан марапатталды.
2017 жылы 16 желтоқсанда ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай Десанттық шабуылдаушы әскери қызметкерлердің жасөспірім балалар арасындағы өткізілген қоян-қолтық төбелестен +45 кг салмақта ІІІ орын, Щучинск қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының юниорлар мен жастар арасындағы Жекелей чемпионатында блицтен ұлдар арасында ІІІ орын иегері атанды.
2018 жылы 23 қаңтарда химия, биология, география және өзін-өзі тану пән апталығында «Бәрін білгім келеді» атты танымдық ойын сабаққа белсене қатысқаны үшін ІІ орынға, Сарыөзек орта мектебі МДШО бойынша 22.01.18-26.01.18 жылы өткен «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты апталығында өткізілген «Ойна, ойла, оқы!» атты қолөнер байқауында І орын алып, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағы берілді.
2018 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының құрылуына 21 жыл толу мерекесін тойлауына белсене атсалысып, өз өнерін жоғары деңгейде көрсеткені үшін ұлағатты ұланды Сарыөзек гарнизонының Әскери полиция бөлімінің бастығы А.Жақсыбаев марапаттады.
2018 жылы 3-6 мамыр аралығында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тоғызқұмалақтан 15 жастағы жасөспірім ұлдар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында ІІ орын, 10-15 шілде аралығында тоғызқұмалақтан ерлер арасында рапид түрінен өткен Алматы облысының Жекелей чемпионатында ІІІ орын жүлдегері.
2018 жылы ер балалардың бойындағы білімді, тапқырлығымен өнерді және жақсы қасиеттерді байқау, ата салтын насихаттау, сахна мәдениетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2018» байқауында Бас Жүлдені иемденіп, Дипломмен мадақталды.
Астана қаласында 2018 жылы Республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары нәтижесінде тоғызқұмалақ жарысынан 1 орын алғаны үшін мараппатталды.
2018 жылы Щучинск қаласында Республикалық «SportFEST Kazakhstan» мектеп спартакиадасының финалдық ойындарына белсенді қатысып, 22-25 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан Алматы облысының командалық чемпионатында ІІ орын алып, жүлдегерлер қатарын толықтырды.
2018 жылы Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген Алматы облысы әкімінің «Көшбасшы – 2018» жастар сыйлығының «Жас Ұлан» ұйымының үздік көшбасшысы» номинациясы бойынша марапатталып, 250 000 тг сыйлық Сертификатын иемденді.
2019 жылы ҚР БҒМ «Балдәурен» Республикалық оқу сауықтыру орталығы Қазақстандық жас патриоттар Академиясына қабылданып, «Патриот» медалінің иегері.
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының иегері, «Білім Бұлағы» аталымының жеңімпазы QazTest.kz сайтында өткен оқушылар арасында қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы ғалым, жазушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні олимпиадасындағы жоғарғы нәтижесі үшін ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды.
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының иегері, «Білім Бұлағы» аталымының жеңімпазы QazTest.kz сайтында өткен оқушылар арасында қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Е.Б.Бекмаханов атындағы І Республикалық Қазақстан тарихы олимпиадасындағы жоғарғы нәтижесі үшін ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
2019 жылы 1-6 наурыз аралығында өткен тоғызқұмалақтан 19 жасқа дейінгі ұлдар арасында өткен Алматы облысының чемпионатында «РАПИД» түрінен І орын, «БЛИЦ» түрінен І орын, «КЛАССИКА» түрінен ІІ орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Астана қаласында өткізілген Республикалық «SportFest Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындарына тоғызқұмалақ жарысынан ІІ орын алды.
2019 жылы 21-26 сәуір аралығында тоғызқұмалақтан 15 жасқа дейінгі ұлдар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында «КЛАССИКА» түрінен І орын, тоғызқұмалақтан 15 жасқа дейінгі ұлдар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында «БЛИЦ» түрінен І орын алып, жетістіктерін еселей түсті. Тоғызқұмалақтан 15 жасқа дейінгі ұлдар арасында өткен Алматы облысының Чемпионатында «РАПИД» түрінен ІІІ орын иегері атанды.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және «Жастар жылы» аясында өткізілген «Ұлы дала жастары Рухани жаңғыру жолында» ІІІ Республикалық жас патриоттар Форумына қатысты.
ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қорының иегері QazTest.kz сайты дарынды оқушыларды анықтау мақсатында қазақстан тарихы пәні олимпиадасындағы көрсеткен жоғарғы нәтиже үшін І дәрежелі Диплом иемденіп, табысы молая түсті.
«Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебінің ең басты «АЛАМАН» курсында бизнесті заманауи маркетинг құралдары арқылы бастау және жүйелеу бойынша тренингті сәтті аяқтады.
«Мектеп Лигасы» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жарыста І орынға ие болып, жеңімпаз атанды.
2020 жылы Жетісу телеарнасында Бауыржан Жанатұлы «Таңжарық» бағдарламасында тікелей эфирде 15 минуттық сұхбатқа шықты.
Жақсылыққа жақын жүретін, жетістікке үнемі жететін Қадырханов Бауыржан Жанатұлы жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, алдына биік мақсат қойып, соған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
«Адамгершілік асыл қасиет – ізгіліктің бастауы. Көркем мінезді болсаң, сәттілік есіктері өзінен-өзі ашыла түспек. Біліміңді ізденіспен ұштастыра түс. Бір ғана салада тоқтап қалма, шыңға жетуге жан-жақтылық маңызды», – деп айтып отыратын ата-анасының ақылына сусындап жүрген Қадырхан Бақытжан – өзіндік ерекшелігі бар, ұстанымы да бөлек жан. Ұлы істерді жасау үшін, «ұлы» болып туылу міндет емес. Бастысы – ұлылыққа ұмтылар жігер мен күш қажет. Жетістікке жетер жолда жақындарыңның қолдауы да маңызға ие. Отбасының қолдауымен тұлғалық жолын қалыптастыруға ұмтылып жүрген өрен «ЕГЕР СЕН ӨЗІҢДІ ҚИРАДЫМ ДЕП САНАСАҢ, ОНДА ШЫНЫМЕН ҚИРАҒАНЫҢ. ЕГЕР СЕН «БҰЛ МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛМЕЙДІ» ДЕП ОЙЛАСАҢ, ЕШҚАШАН НАР ТӘУЕКЕЛГЕ БАРА АЛМАЙСЫҢ! ЕГЕР СЕН ЖЕҢІСТІ АҢСАП, БІРАҚ «ЖЕҢЕ АЛМАЙМЫН – АУ» ДЕГЕН ОЙ ҚЫЛАҢ БЕРЕТІН БОЛСА, ЖЕҢІЛІСТІҢ АЩЫ ДӘМІН ӘБДЕН ТАТУЫҢ МҮМКІН. ӨМІР МАЙДАНЫНДА ӘР КЕЗ ЖҮЙРІКТЕР МЕН МЫҚТЫЛАР ЖҮЗЕ БЕРМЕЙДІ. БІРАҚ ЕРТЕ МЕ, КЕШ ПЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕТІН АДАМ, ӨЗІН ЖЕҢІСКЕ ЛАЙЫҚПЫН ДЕП САНАҒАН АДАМ БОЛЫП ШЫҒАДЫ!» деген қанатты сөздерді басшылыққа алып, жан-жақты жетілуге ден қойған.
«Білімсіз – өмір тұл». Адамзат баласы – бір-бірінен ақылының кеңдігі, білімінің тереңдігі арқылы ғана озбақ. Ғасырлардан-ғасырларға жалғасқан өзгермес қағида – осы! Егер шәкірт өмірінде мықты ұстаз кездессе, оның білім бағытындағы биіктерден көрінуі – заңды құбылыс.
Ғаламдық өркениет дамудың озық үлгісіне көшті. Сондықтан рухы биік елдің ұландарын тәрбиелеп отырған ата-аналар да өз перзенттерін тың серпіліспен, оқуға деген зор құштарлықпен қалыптастырып жетілдіруде.
Тумысынан зерек, алғыр бала Бауыржан да балдырған шағынан озық технологиялардың құрылымына қызығып, өз ойымен конструктор құрастыруға, логикалық тапсырмаларды шешуге талаптанып өсіп келеді.
«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт. Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса. Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» деген даналық ойды басшылыққа алған ата-анасы Бақытжанды ұлтын сүйетін азамат етіп тәрбиелеуде тер төгіп келеді. Отбасында тағылымды тәрбиені көріп өскен жеткіншек келешекте елдің елеулі азаматы, халқына пайдасы тиер маман болуды көздейді.
Жаңа дәуір – білім дәуірі. Білектінің емес, білімдінің және жүректінің заманы. Жылдам ойлап, тез шешім қабылдайтын, мақсатын жүзеге асыратын арманшыл жастардың заманы. Оңтүстіктің қасиетті топырағынан нәр алып, биік мүдделі мұраттарды ойлаған Қадырханов Бауыржан – осындай жастардың қатарында. Білімдар ұлан білім бәйгесінде, түрлі додаларда да топ жарып келеді.
Білімдар ұлан білім бәйгесінде, халықаралық додаларда да топ жарып келеді. «Ұлық болам десең, жомарт бол» депті Сайф Сараи. Атақты пәлсапашының бұлай ойлауының да сыры бар. Өйткені жомарттың жүрегі кең, көңілі дархан болады. Өресі биік өрен Бауыржан болашақта «табысты мамандық иесі болып, жеке кәсіп ашып, толайым табыстарға жетіп, жоқ-жітікке қаржылай көмегімді тигізсем» деген арманы бар екенін жасырмайды. Тура жолдан тайқымас жан бала арманының соңынан жүреді.
Тұлпар мінсе, тау тұлғасы биіктей түсіп, додада аты асқақтайтын батырлардың бүгінгі жалғасы Бауыржан әкесі мен анасын саялы бәйтерекке балайды. Жан-жағыңдағы ағайынға бауырмалдылық танытып, берекелі отбасының ұйтқысы болып отырған ата-анасы Бауыржандай есті бала үшін нағыз адамгершіліктің үлгісі.
Бауыржан үшін әр сөзі алтынға бергісіз, ақылы дара, сөзі сара атасы Бекбаев Қадырхан Жексенбайұлының орны бөлек. Атасының әрбір сөзін жүрек түкпірінде сақтап, тәлімді тәрбиесімен ержетіп келе жатқанына қуанады. Алаш ардақтылары: Абай Құнанбаев, Ахметбек Нұрсила – ерекше құрмет тұтып, қадірлейтін азаматтары.
Талдықорған қаласындағы №28 IT лицей-мектебінің 10 «А» сынып оқушысы Қадырханов Бауыржан Жанатұлы бір жыл ішінде 50 кітап оқып бітіруді жоспарлаған. Кемел келешегінде Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін қосып, Қазақстанда бизнес саласын дамытып, шет елдермен бәсекелестікте озып шығуды, өнеркәсіптік Бренд жасауды армандайтын жас талаптың армандары орындалып, сәттілік серік болсын деген жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!