Реджепов Балкан

Рейтинг:


      Реджепов Балқан – «Адам болып өмірген келген соң, адам боп кету – парызың» деп есептейтін ұлағатты ұланның жарыстағы да, өмірдегі де жолы ашық, жоспары мығым, талабы жоғары. Зеректігі мен білімге ынтасы бір төбе Балқан 2010 жылы 24 мамырда тарихы терең Маңғыстау облысы, көз тартарлық ғимараттары көп Ақтау қаласында өмірге келді. Отбасына деген құрметі зор Балқан бүгінде ата-анасының қолғанаты мен көзқуанышы. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында 7 жан тату-тәтті өмір кешуде. Биік болмысты еңбекқор әкесі мен жаны жайсаң, көңілі дархан, мейірбан анасы – бала тәрбиесін басты орынға қойған парасатты жандар. Балқан отбасының кенжесі, үкілеген үміті. Алдында жанашыр үш әпкесі, арқа сүйер ағасы бар Балқан рухани жағынан бай, өресі биік ұл болып ержетіп келеді. Ол спортқа біртабан жақын, Аман Тұяқбаев атындағы спорт кешенінде еркін күрес бойынша жаттығып жүр. Футбол спортына деген қызығушылығы да жоғары. «Білім арзан, білу қымбат» деген ұстанымдағы білімпаз шәкірт қазіргі кезде Жаңаөзен қаласындағы №17 орта мектебінің 4-сыныбында білім баспалдағымен біртіндеп өрлеуде. Сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұстазы Баракова Айгүлге айтар алғысы шексіз.
      Жетістігі: Реджепов Балқан – 1-сыныптан бастап оқу озаты, сыныбының мақтанышы. Көптеген білім бәйгелерінің, қашықтықтан өткізілетін олимпиадалардың, зияткерлік сайыстардың қатысушысы, І, ІІ орындардың жүлдегері.
        Сүйікті ісі: Саяхатқа шығу, ғаламтор қарау, спортпен шұғылдану, жасыл алаңда достарымен ала допты қуалау, ата-анасына көмектесу.
        Арманы: Жоғары білім алып, өз ісінің майталман маманы атанып, ел дамуы мен гүлденуіне өз үлесін қосу.




[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:


    0
  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}