Едил Айзара

Рейтинг:


       Ақ басты Алатау шыңдарында арман оты тұтанады. Құдды бір адамзаттың биік шыңы тәрізді көрінеді. Қос елдің ортасын бөліп тұрған алып таудың ұлылығы да сонда шығар. Осы тау бөктерінде туылып, өзінің бойындағы асыл қасиеттерді жани жүрген Еділ Айзара Дәуренқызынан жәннатты Жетісу жері үміт артып отыр. Өзгелер «Сағындым Алматымды» деп жырлаған арман қаланың төсінде биік мұраттар мен мақсаттарға талпынысын еселеп жүр.
       Айзара Дәуренқызы 2008 жылы 22 шiлдеде Алматы облысында дүниеге келді. Әкесі Кенжебеков Дәурен де, анасы Ахметова Әлия да – жеке кәсіпкерлер. Өзінің ізінен ерген інісі Еділ Бақдәулет – 3-сынып оқушысы.
     Бала күнінен зерек қыз 2012 жылы Алатау ауданындағы №168 балабақшаның табалдырығын аттап, мектепке дейінгі даярлықтан өтеді. 2014 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың атын иемденген №140 мектеп-гимназияның бірінші сыныбына қабылданған ол озат оқушылардың қатарынан көрініп, алғырлығын танытты.
      Ақын атындағы білім ошағы мен қолына қалам ұстағандардың әдеби ортасында қалыптасқан аруға Алматының сұлулығы шабыт сыйласа керек-ті. Айзара «көркемсөз» оқу, әдебиет әлеміне саяхаттан алдына жан салмады. Ауыз әдебиетімен сусындаған, ата-бабамыздан қалған қасиет бойына дарыған балғын 2016 жылдың қазанында «Жастар жаққан жұлдыз» атты балалар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық көркемсөз оқу сайысында үздік өнер көрсетіп, үшінші орынға тұрақтады. 2016 жылы М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндер мен ақын өлеңдерін оқудан сайысқа түсетін «Жырлайды жүрек» республикалық байқауында көркемсөз оқудан бас жүлдені қанжығасына байлады.
      Қаракөз қазақ қызының жетістік жолы мұнымен тоқтап қалмады. Ары қарай биікке қанат сермеген ол 2017 жылдың қарашасында Алматыда өткен республикалық «Самға, Самұрық» ән-би, «көркемсөз» оқу сайысында да екі бірдей номинациядан жүлделі орынды еншіледі. Сонымен қатар, 2018 жылы Ә.Байжанбаев атындағы республикалық ІІ «Алаштың алтын дауысы» жас дикторлар байқауында талаптан сүрінбей өтіп, үдеден шыға білген Айзара бас жүлде иегері атанды. Осы жылдың маусым айында Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен халықаралық «ART TALANT-TURKEY – 2018» конкурсында да топ жарып, дүбірлі доданың бас жүлдесін жеңіп алып, елге сүйіншілеп қайтты.
      Білім аламанында қай кезде де алдыңғы қатарда жүреді. Сынып жетекшісі Абжанова Гулбану Сарсенбайқызы зерек оқушыны қолдаудан танған емес. Әрдайым оқу-білімге деген ынтасын арттырып, құштарлығын дамытып отырады. Биік шыңдарға жетелеп, бұлақ көріп, көзін ашқан ұлағатты ұстазды шәкірті де үлгі тұтып, салған сара жолымен келеді.
     Болашақта елге белгілі тележүргізуші болуды армандайтын Айзара бос уақытын кітап оқып, өлең жаттаумен өткізеді. «Қазақ елінің мақтаны болсам» дейді алыс арманға көз тастаған ару!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}