Дастанова Алина

Рейтинг:


       Дастанова Алина Дастанқызы – «Үлкен өнердің – үлкен, таза мінезі болуға тиіс» деген ұстанымдағы руханият әлеміне жақын шығармашыл жас. Атырау облысы, Атырау қаласында 2007 жылы 3 тамызда өмірге келді. Талапты балдырған №14 «Нұрай» балабақшасына барды. Дастанова Алина жылуы мол отбасында тәлімді тәрбие алып, жақсы қасиеттерді бойына жиып өсіп келеді. Кемеңгер атасы Қолханбаев Қораш Қарағанды қаласында дүниеге келген. Әжесі Назарова Мария Ақтөбе қа-ласының тумасы болатын. Ардақты ата-әжесі мәңгілік дүниеге са-пар шеккелі де біраз болған. Асқар тау әкесі Қолханбаев Дастан – Атырау мұнай басқармасының инженері қызметін абыроймен атқарып жүрген азамат. Ажарына ақылы сай мейірбан анасы Тусубаева Әсел балаларының жақсы оқығанын, өмірге деген адал болуын, сабырлы да салмақты болуын, үлкен тұлға болып қалыптасуын қалайтын абзал жан бала тәрбиесін басты орынға қойған. Арқа сүйер ағасы Қолханбаев Ислам – №19 Қаныш Сәтбаев атындағы гимназиясының 8 «Б» сынып оқушысы. Сүйкімді сіңлісі Дастанова Аида – Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында 4 «Г» сыныбында дәріс алуда. Ұлттық аспап домбырада ойнап, халық әндерін зерделейді. Ізінен ерген інісі Қораш Әли – №14 «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушісі. Өресі биік өнерпаз Алина Дастанқызы – қазіргі кезде №19 Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 «Ә» сыныбында білім нәрімен сусындауда.
      Сүйікті ісі: Домбырамен ән айтқанды, күй тартқанды ұнатады. Алгебра, ағылшын, қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерін жақсы көреді. Сонымен қатар ол сурет салумен, қолөнермен айналысады. Салауатты өмір салтын ұстанып, апта сайын баскетбол ойнауды әдетке айналдырған.
       Арманы: Мектепті өте жақсы аяқтап, болашақта өнерімен биіктен көрініп, көпке танымал болуды қалайды. Қазақ халқының ұлттық құндылығын әлемге паш ету – басты арманы.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}