Жамбыл Жансултан

Рейтинг:

     Тыңнан түрен салу – техника мен әлемдік желі дамыған заманда, Абайша айтқанда, мыңмен жалғыз арпалысқанмен бірдей. Иә, заманауи жастар бұрынсоңды болмаған, ешкім ойлап таппаған ғылым саласының сырына үңілуге үйір. Реті келсе, дара жолын салуды қалайды. Білім мен ізденістің май шамын жастық жалынымен тұтатып, серпілістің шетін сөгуге бейім.
    Атам қазақ: «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп бекер айтпаса керек-ті. Дәл осы сөз ғылым-білім жолына түсуді көздейтін, терең зерттеуді қажет ететін ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы – археология ғылымын дамытуға өз үлесін қосуды армандайтын арда ұл Жамбыл Жансұлтан Русланұлына арналғандай. «Жақсыдан жақсы туады» дегендей, тәрбиелі өрен – жақсы әкеден тараған текті ұрпақ. Болашақта ғылымның терең сырына қанығып, ғалым болуды көздейтін қазақ ұланы зиялы, перзентінің бақыты үшін еңбек ететін ата-анасын үлгі тұтады.
    «Ақылына адамгершілігі сай, білімі мен біліктілігі жоғары әкем Есмағамбетов Руслан Жамбылұлы – «Транстелеком» АҚ компаниясының инженері. Асқаралы әкем – мен үшін адамгершілік қасиеттер мен рухани құндылықтарды бойына сіңіре білген, жеке өмірі мен кәсіби өмірін ұштастыра білетін тұлға. Аналық махаббатына бөлеп, бар жақсыны бойыма дарытып жүрген алтыннан ардақты анам Нұрбалаева Әсел Бақтиярқызы – өз ісінің үздігі, «Алем-Строй» ЖШС-нің есепшісі қызметінде», – дейді Қазақстан болашағы Жансұлтан ата-анасы жайлы өз сөзінде.
     Жамбыл Жансұлтан Русланұлы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында 2011 жылдың 15 шілдесінде дүниеге келді. Отбасында ата-анасына қамқор, үлкендерге серік, қарындасына тірек, бауырмал бала – кішкентайынан озық ой мен ерекше ақылдың иесі. Жансұлтан ізінен ерген қарындасы бес жасар Гүлфайрузды қатты жақсы көреді. Жезқазған қаласының №6 «Балауса» балабақшасының тәрбиеленушісі кішкентай Гүлфайрузға ылғи ағалық ақ пейілімен қамқор болып жүреді.
     Шақырым жолдың бастамасы алғашқы бір қадамнан басталатыны белгілі. Бүлдіршін Жансұлтан 2013 жылы Жезқаған қаласының №6 «Балауса» балабақшасына барды. Бөбекжай өмірінде белсенділік танытып, ақылын толықтырып, ортамен араласуға үйренді. Ертеңгіліктер мен мерекелік шараларда алғырлығын танытты. 2016 жылы Жезқазған қаласының №7 мектеп-лицейінің мектепке дейінгі тәрбие мен білімді қатар беретін мектепке дейінгі дайындық сыныбында тәлім алды. Одан кейін, балалық асуынан бел асып, 2017-2018 оқу жылында аталмыш білім ордасының 1-сыныбын үздік көрсеткішпен бітірді. Бұл көрсеткіші – оның білім әлемінде әрі қарай да осы қарқынын жалғастыра беретінін аңғартады емес пе?! Білім алудың алғашқы жылында жақсы қырынан көзге түскен талантты шәкірт – мектептегі маңдайалды озат оқушылардың алдыңғы қатарында.
    «Жаста оқыған білімің тасқа жазғанмен бірдей» деген ұстанымдағы өнерлі өрен жан-жақты ізденіп, өзін рухани-ғылыми-мәдени қырынан жетілдіріп отырады. Дарынды шәкірт – 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Saturn» атты робототехникасы академиясының оқушысы. Жаңа ғасырдағы кемелдену жолына қадам басқан қатарластары сияқты білім бұлағынан сусынын қандыруға ынтық. Білімнің шексіз, шетсіз даңғыл жолына енді ғана аяқ басса да, толағай табыстарға қол созды. Аз уақыт ішінде өнегелі жас ұстаздарының «сүйікті шәкірті», «саналы ұланы» атанып үлгерді. Жансұлтан Русланұлы – 2017 жылдың қараша айының 11 күні «Иннополис Кидс – 2017» атты робототехника пәнінен өткен І қалалық олимпиаданың жүлдегері. Білген үстіне біле түссем дейтін талапшыл ұлан 2018 жылдың 27 мамырында өткен «ROBOSPORT» атты робототехника пәнінен ашық турнир бойынша ІІ орын иемденіп, жетістіктерін молайта түсті.
   Сондай-ақ, алдына қойған мақсатына жетпей қоймайтын жауапкершілігі мол ұғымтал ұлан – 2018 жылдың 30 қыркүйегінде Жезқазған қаласында «Saturn» робототехникасы академиясының «Ein&Stein» факультетінің «First Lego League» бағдарламасының «Aqua Adventure» сеансы аясында өткен бірінші ғылыми көрмесінің «Rising Star Award» сертификат иегері. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, осы кезден-ақ талабы мен мақсаты жағынан қатарластарынан жоғары тұрған Жамбыл Жансұлтан – 2018 жылдың 28 қазан айында Жезқазған қаласында «Saturn» робототехникасы академиясының «Ein&Stein» факультетінің «First Lego League» бағдарламасының «Space» сеансы аясында өткен бірінші ғылыми көрмесінің «Robot» дипломын иеленген талантты жас.
     Жеткен жетістіктерімен жақындарын қуантып жүрген жаңашыл, ізденімпаз шәкірт 2018 жылдың 23 желтоқсанында Жезқазған қаласында «Saturn» робототехникасы академиясының «FLL Junior» бағдарламасы бойынша ұлы өнертапқыштарға арналған ІІІ аймақтық көрмесінің жеңімпазы атанып, тағы бір белеске көтерілді. Қабілетті өнертапқыш – 2019 жылы наурыз айында Қарағанды қаласында өткен «Роболэнд 2019» V Халықаралық робототехника фестивалінің сертификат иегері.
      Оқудан тыс уақытта суда жүзу, футбол ойнау, қолөнермен айналысу, шахмат ойнау – оның сүйікті істері.
    «Қайткенде де, ақылыңа көбірек азық беруге тырыс», – дейді орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой. Білім мен бәсекеге қабілетті болу талабы – бас орынға бағыт алған кезеңде, жасөспірім ұрпақтың білімнің сан саласын игеруге мүмкіндігі жоғары. Бастысы – терең талап, ортаймас ақыл, төзімділік пен ізденістің жолында еңбек ету. «Жетістікке жетудің жолы – көбірек білудің арқасында» дейтін Жансұлтан көп тіл біліп, шет ел тілдерін меңгеріп, сол бағытта жұмыс жасауды армандайды. Қазірдің өзінде тілдік біліктілігі қатарластарынан жоғары. Қазақстандай байтақ елдің қырағы ұланы жетістік қамалына ақылы мен білімінің күшімен шығып келеді.
     Келешектегі арманы мен мақсаты айқын. Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатар дарынды жас Жамбыл Жансұлтанның жігері мықты, талабы таудай азамат боларына сенеміз!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Аслан- 12 марта 2020 17:02
Красаучик !!!

{lang_lastnews}