Нұрлан Балауса 2005 жылдың 5 қыркүйегінде толқыны жағаға ұрған теңіз жағалауындағы Ақтау қаласында өмірге келді. Ғылыми зерттеу жұмыстарында белсенді, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқығанда тыңдармандарына қол соқтырмай қоймайтын өнерлі Балауса – Ақтау қаласындағы Н.Оңдасынов атындағы №5 орта мектептің 7 «А» сынып оқушысы. Қадірменді атасы Айтбаев Сағынғали мен әжесі Айтбаева Гүлсімнен тәлім-тәрбие алып өсіп келеді. Әдепті Балауса – әркез әділ сөйлеп, адал болуға тәрбиелейтін әкесі Сағынғали Нұрлан мен жүзіне мейірім, жүрегіне имандылық ұялаған анасы Жайыл Сабираның үкілі үміті. Шаңырағын қыдыр жайлаған әулеттің ішін бақытқа толтырып, көктемдей жайнататын Аяулым, Лилия есімді сіңілілері, Бекнұр есімді інісі бар.![]()
Жетістігі: Нұрлан Балауса – білім додаларына, сайыстарға қатысып, білімін шыңдап жүрген өрелі өрен. 2-3 сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазы, 2014 жылы Мектепішілік Президент күніне орай өткізілген «Көңілді старт» сайысынан Бас Жүлде, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында өткен іс-шараларға атсалыса қатысқаны үшін Диплом, «Ақмаржан» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Қазіргі заман билері» сайысынан I орын; Бастауыш сынып бірлестігінің «Табиғат – тал бесігім» апталығында мәнерлеп оқу сайысынан II орын; 2018 жылы 1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңінде «Химия», «Биология» секциясы бойынша III дәрежелі Диплом; Qaztest.kz сайтында өткен оқушылар арасында А.Байтұрсынов атындағы III Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасынан I дәрежелі диплом және Сертификат; Қалалық «Абай оқулары» сайысына белсене қатысқаны үшін Ынталандыру; Қазақстанның білім сапасының артуына сүбелі үлес қосқаны үшін Дипломмен марапатталды.
Сүйікті ісі: Ән айту, кітап оқу, анасына көмектесіп түрлі ас мәзірін дайындау.
Арманы: Атақты әнші болу.
![]()
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]