Ерболатулы Бакбол

Рейтинг:


        Бақбол Ерболатұлы – білім мен спортты жанына серік еткен ұғымтал, зерек өрен. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында 2008 жылы 4 амырда өмір есігін ашты. Текті әулеттің төл перзенті Әкесі Ерболат – Қытай медицинасы саласында дәрігер, ақ халатты абзал жан. Анасы Шолпан – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ұстаздық қызметте. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген ұстанымдағы жасынан оқуға, білімге құмар Бақбол «Бал бала» балабақшасында сауатын ашып, бірінші сыныптан бері №81 «English school» мектеп-гимназиясында білім алып келеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуден жалықпайтын ұлағатты ұлан қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласындағы беделді білім ордасының 5-сыныбында оқиды. Мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысушы, көптеген білім бәйгелері мен зияткерлік сайыстарға қатысып, жақсы нәтижелерімен қуантып жүрген ізденімпаз, жаңашыл, талапшыл шәкірт. Бірнеше білім бәйгелеріне, республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алып жүр.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Как ты так пропиярился

{lang_lastnews}