Бекқалиева Мансия Аманбекқызы 2004 жылы 9 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келді. Үлкен арманға қол сөзған Мансия – «Балдырған» балабақшасының түлегі. Жүрегінде Отанға деген патриоттық оты лаулап тұрған талантты жас Мансия – Шетпе кентіндегі М.Атымов атындағы №6 орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Атасы Айтманов Бекқали Есқалиұлы – «Социалистік жарыстың жеңімпазы», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, «Құрмет» кітабына енген беделді азамат болған. Асыл әжесі Дабысқызы Райса – отбасының ұйытқысы, тілекшісі. Ардақты әкесі Айтман Аманбек Бекқалиұлы «Қаламқас» мұнай-кен орнында 26 жылға жуық еңбек етіп келеді. Мейірбан анасы Құлыбекова Нұрбану – әулеттің әрін, шаңырақтың шаттығын кіргізіп отырған аяулы ана. Шығармашылыққа жақын ақынжанды шәкірт Мансияның Ақдәулет, Жандәулет есімді бауырлары бар.![]()
Жетістіктері: Мансия Аманбекқызы – 1-8 сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазын иемденген озат шәкірт. Негізгі орта білімі туралы «Үздік аттестат» иегері. Өрелі өрен Мансия – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 5-6 сыныптар арасында өткізілген «Үкілі қыз» сайысының «Қылықты қыз» номинациясының иегері; 2014 жылы Бастауыш сынып оқушыларының VIII аудандық олимпиадасында Ана тілі пәнінен III орын; Бастауыш сыныптар апталығында патриоттық өлеңдерді Мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысқаны үшін Мадақтама; 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен – елімнің патриотымын» атты патриоттық әндер сайысынан Алғыс хат; «Кенгуру-математика для всех» Халықаралық интеллектуалдық байқауынан Сертификат; 2018 жылы «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінен Сертификат иегері. Аудандық «Өзін-өзі тану» пәні олимпиадасы бойынша I дәрежелі диплом иемденген жүлдегер. 2019 жылы оқушыларды ақындық, шешендік өнерге баулитын «Ақберен» мектепішілік байқауынан «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша «Үздік» деп танылғаны жөнінде диплом; «IQANAT» олимпиадасының I кезеңінің жеңімпазы екенін растайтын Сертификат иегері.
Сүйікті ісі: кітап оқу, білімін жетілдіру, басқа тілдерді меңгеру, музыка тыңдау.
Арманы: Болашақта екі мамандық иесі: әуе кемесінің жолсерігі (стюардесса) және қазақ-орыс-ағылшын тілін жетік меңгерген аудармашы болу.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]