Бектас Нурдаулет

Рейтинг:

     Қоршаған тылсым дүниені тану, білімге талпыну – әрбір адамзат баласының алдына қойған мақсаты. Ұғына білген жан үшін оқу-білім – жанған шырақ. Нарық заманына сай бір қадам алға жылжып отыру – заман талабы. Отбасында алған тәлімді тәрбиесімен саналы азамат болып қалыптасқан Бектас Нұрдәулет де егемен елдің білімді жастарына тән кемел біліммен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: «Алдымда толған таңдау, толған арман, алайын анасын ба, мынасын ба?» деп, өз таңдауына сай жан-жақты жетіліп келеді. Ол 2002 жылы 23 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы, Керейт ауылында татулығы тасыған, берекесі асқан шаңырақты шаттыққа бөлей дүниеге келді.
       Қазақ халқы қай кезде де ұлт тәрбиесінде немқұрайлылық танытпаған. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп, бала тәрбиесіне сара жол салып кетті. Ата-анасының тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы. «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» дегендей, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік орны бар әкесі Бегимов Бегалы мен алақаны аялы меірбан анасы Куандыкова Анаркүл – отбасы ырзығын адал еңбектерімен тауып отырған еңбекқор жандар. Ардақты әкесі Бегалы – электрик, ал аяулы анасы Анаркүл – есепшілік қызметте. Үлкен ағасы Ғалымжан – жоғары білімді маман, ұлағатты ұстаз. Екінші ағасы Сәкен – Алматы қаласында жұмыс жасап жүр. Жанашыр әпкесі Қарлығаштың мамандығы – экономист-бухгалтер. Үшінші ағасы Жасұлан – ҚР Ішкі Істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ОҚО-ның «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары» қызметкері.
      Өнегелі отбасы балдырған Нұрдәулетті дүние тануға, әдепті болуға тәрбиелеп, мектеп баспалдағына бағыттады. Қатар достарымен бірге Нұрдәулет О.Ағыбайұлы атындағы орта мектебінде 1-6-сынып аралығында білім алады.
       «Оқу-білімсіз өнер де жоқ. Оқу мен білім – әрбір адамның жарқын өмірінің кепілі» деген ұстанымдағы Бектас Нұрдәулет 7-сыныптан бастап, Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектебінде білім алуда. Дарынды шәкірт сапалы білімі мен зеректігін байқауларда шыңдап келеді. 2017 жылы облыстық «Білімді ел – Мәңгілік ел» айдарымен өткізілген өнер фестивалінде көрсеткен өнері үшін дипломмен марапатталды. Аталған жылы «Ұлы Жеңіске-72 жыл», «ҚР-ның Қарулы күштеріне-25 жыл» атты салтанатты шеруде жүлделі ІІІ орын алып, мадақтаманы марапат қоржынына салды. 2018 жылы ҚР-ның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйым
дастырылған мектепішілік сурет байқауының ІІ орын жүлдегері, ҚР-ның Қарулы күштерінің 26 жылдығына және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай өткізілген аудан мектептерінің 10-сынып оқушыларының бес күндік әскери оқу-дала жиынында үздік отыздық командирінің көмекшісі атанғаны үшін Бектасов Нұрдәулет арнаулы грамотамен марапатталып, мерейі үстем болды.
        Білім алудың тиімді жолын таңдау – қабілеттілікке жетелейді. Білімнен қуатты күш жоқ. Сапалы біліммен қаруланған адам жеңілмейді. Жас ізденуші ғылыми бағытта да мүмкіндігін жетілдіріп, жобаларда тың көзқарасымен танылып жүр. Оқушылардың Кіші Ғылыми Академиясының облыстық сырттай байқауына тарих секциясы бойынша қатысып, алғыс хат иегері атанды. 
       Бүгінгі күн талабы бәсекеге қабілетті болудың бірден-бір шарты – тілдік сауаттылықтың артуы. Зерек шәкірт бос уақытында тілдік деңгейін тереңдету мақсатында қосымша бірнеше тілдерді оқып-үйренуде. Тілдік нормаларды еркін меңгерген жас полиглот халықаралық «British bulldog» конкурсында І орын дипломымен марапатталып, ерекше қабілетімен дараланды. 
        Бектас Нұрдәулет – Түркістан облысы оқушыларының «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпадасының және халықаралық «Золотое руно» ойын-конкурсының, «Кенгуру-лингвист» лингвистикалық конкурсының сертификаттарын иемденген дарабоз. Талабы мен талғамы бір арнаға тоғысқан жас ұлан бос уақытында футбол ойнап, теннис секциясына барады. Ағылшын тілін жетік меңгеру үшін, өз бетінше ізденеді. Көркем әдеби кітаптар оқып, заманауи әуендерді тыңдайды. 
      «Әрине, марапат мерейіңді өсіреді. Әйтсе де, бір жетістікпен шектелмей, алға ұмтылу маңызды. Болашақта өзімді жан-жақты дамытып, жоғары білім алып, шет тілдерін жетік білу арқылы жер-жаһанды толықтай аралап шықсам деймін. Отандық кәсіпкерліктің дамуына өз үлесімді қосып, жеке кәсібімді ашсам деп армандаймын. Жүрек қалауым мені алысқа жетелейтініне сенемін!» – дейді бозбала Нұрдәулеттен алдағы мақсат-мұраттары жайлы сұрағанымызда. 
        Талабы таудай, ұстанымы жоғары, мақсаты биік жас Бектас Нұрдәулет бүгінгі күні Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология факультетінде білім көкжиегін бағындыруда. 
       Дүниені тану, білімге талпыну – әрбір адамның түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну әлдеқайда жылдам болса, ол – адамның еңбекқорлығы. Ал, еңбектену арқылы білімге талпынған адамның сөзі – ем, мейірімі көп, өзі кең болады. Біз де мақсаты айқын, жоспары жүйелі дарынды ұланға сәттілік тілейміз.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}