Айтым Анеля

Рейтинг:

       Адам тұлға болып қалыптасуы үшін үш нәрседен: бірінші – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдықтан сақтануы керек. Кемеңгер ақын, ойшыл Абай бұл кеселдерді күллі адамзат баласын қор қылатын кеселдер деп, қалай орнын тауып, дөп басқан. Адамдық ұлағатын зердесіне тоқи білген, еліміздің ертеңгі келбеті жолында болашаққа қанат қағып келе жатқан Айтым Анеля Ашимқызы – Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында 2005 жылдың желтоқсан айының 4 жұлдызында өмір есігін ашып, өнер мен білімнің шамшырағын жағу жолында ізденіс үстінде жүрген балауса балғын.
       Хакім Абай айтпақшы, құлақтан кіріп, тұла бойды алар бір ғана құдіретті өнер бар. Ол – ән өнері. Ән – адам жанымен егіз. Жанымен серік әнге елордалық өрен – Айтым Анеля ес білгелі құмар, бос уақытының басым көпшілігін шығармашылыққа арнайды.
      Ата-әжесі мал шаруашылығы саласында маңдайы терлеп еңбек еткен екпінді еңбеккерлер қатарында болғаны анық. Естелігі есте қалған, жарқын бейнесі жүректе сақталған, өмірден өтсе де көңілден кетпеген нағашы атасы тыл еңбеккері, мемлекеттік қызметте болған абыройлы азамат еді. Ал нағашы апасы балабақша меңгерушісі қызметін атқарған көкірегі ояу, көзі ашық жандардың қатарынан болатын.
        Отбасы – шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттің басшысы, озық ойлы, асқар таудай биік әкесі, алып қорғаны Ашим – Ішкі Істер департаментінде көп жылдары мемлекеттік қызметкер болып зейнетке шығып, қазіргі уақытта ЖШС Қауіпсіздік қызметі басшысы болып жүрген абыройы мен беделі биік азамат. Мейірім мен шапағаты мол көпшіл анасы – балалар ойын-сауық орталығының директоры, өз ісінің шебері.
      Отбасының тұңғышы, арқа сүйер ағасы – тергеуші, ал үлгі тұтар әпкесі – банк қызметкері. Екінші әпкесі үстіміздегі жылы мектепті бітіріп, Америка Құрама Штатындағы Чикаго қаласындағы беделді білім ордасы университет стипендиаты атанды.
        Отбасында жан жылуына бөленген бал балалығының қызықты шақтары елордадағы «Айгөлек» балабақшасында жалғасын тапты. Балабақша қабырғасында жүріп әдеп әліппесін меңгеріп, оң мен солын танып, жақсы жақтарын ұштады.
        Білім алар кез келгенде бір айтқанды қағып алатын зерек балақай Қарағанды қаласындағы №62 орта мектебіне тарыдай болып кіріп, 1-4 сынып аралығында білім алды. 5-сыныптан бастап Қарағанды қаласындағы №3 мектеп-гимназияға қабылданып, білім алуын осы мекемеде жалғастырады. «Білім – таусылмайтын байлық» деген ұстанымдағы өрелі өрен Айтым Анеля – қазіргі кезде Қазақ Ұлттық Өнер университетінің шәкірті.
        Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ білім алуға бар ынтасымен кіріскен ынталы үлгілі тәртібі және жақсы үлгірімімен озат оқушылардың санын толықтырып, ұстаздарының сүйікті шәкіртіне айналып, 1-5 сыныптарды Мақтау қағазымен бітірді. Өз сыныптастарымен оңай тіл табысатын көпшіл қыз қоғамдық жұмыстарға да қатысып, барлық іс-шараларда белсенділік танытты.
         «Білгенге – маржан, білмеске – арзан» дегендей, Анеля көптеген білім бәйгелері мен өнер сайыстарының, пән олипиадаларының қатысушысы сертификаттары мен Алғыс хаттарын иемденуші. «Mini-MISS JUNIOR» диплом иегері, «МИСС ВЫБИРАЙ» конкурсының Мадақтама иегері. «ЛЕСНАЯ СКАЗКА» конкурсының «Маленькая МИСС» номинациясын иемденген өнерпаз Анеля «BEST NATIONAL COSTUME FASHION HOUSE KARAGANDA» дипломымен марапатталған шәкірт. «Минута славы» байқауының «UCMAS» бойынша диплом, сондай-ақ 2015 жылы «UCMAS» ІІІ дәрежелі диплом иегері.
        Өздігінен ізденіп, қосымша білім алудан жалықпайтын ұлағатты ұлан 2014 жылы «Күншуақ» Республикалық байқауының ІІІ дәрежелі дипломын және«Парасат» зияткерлік марафонының облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломын, 2015 жылы атақты күйші Тәттімбеттің туғанына 200 жыл толуына орай өткізілген конкурстың І дәрежелі дипломын, «Осенняя мелодия» конкурсы бойынша «Дударай» ансамблінің құрамында қобыз-соло, фольклорлық ансамбль, кіші фольклор номинациясы бойынша І дәрежелі дипломын иемденіп, мерейі үстем болды. 2015 жылы «Парасат» зияткерлік марафонының облыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі диплом, «Русский медвежонок» Халықаралық сайыс бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, жетістіктің даңғыл жолына шықты.
        Жасынан көркем әдебиет пен сөз өнеріне жақын сезімтал қыз 2016 жылы орыс тілі пәні бойынша І дәрежелі диплом, Ағылшын тілінен Халықаралық блиц-турнир бойынша ІІІ дәрежелі диплом иемденіп, марапаттар санын арттыра түседі. Айтым Анеля Ашимқызы 2018 жылы Франция мемлекетінің астанасы Париж қаласында өткен «THE FESTIVAL BRIDGES IN PARIS» бойынша «Соло» номинациясының І дәрежелі лауреаты атағына лайық деп табылады. Сондай-ақ өнері өрге жүзген жас дарын «THE FESTIVAL BRIDGES IN PARIS» «Дуэт» номинациясының да І дәрежелі лауреаты атағын жеңіп алды.Талантты қыз «Мағжан оқулары» Республикалық байқауына қатысып, тағы да ІІІ дәрежелі диплом иемденіп, мақтау мен марапатқа лайық шығармашыл жас екендігін дәлелдейді.
       Бос уақытында шығармашылық жұмыстармен айналысатын дарынды Анеля ән айтып, сурет салып, музыкалық аспаптарда ойнап, күлкілі видеолар түсіргенді ұнатады. Саз өнерінің қыр-сырын меңгерумен қатар түрлі сахналық қойылымдарда ойнап, дәмді тағамдар пісіріп, тігін өнермен де айналысады. Жаны нәзік, көркем мінезді ару жан-жануарларға қамқор болып жүреді. Ашық мінезді, күліп жүретін ақылды қыздың достары өте көп. Оны бәрі жақсы көреді.
      Толыққанды азамат атануды қалайтын Айтым Анеля келешекте оқуын ойдағыдай бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, сахна шебері, атақты актриса атанып, танымалдыққа жеткісі келеді. «Талаптығы нұр жауар» деген бар, қанатың талмасын, жас дос!
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}