Жубан Мадина

Рейтинг:

     Қазақ халқы ежелден өнерге жақын. Қазақтан түрлі өнер саласының иегерлері шыққан. Бойына түрлі өнерді тоғыстырған жандар қатары аз емес. Бойына сан өнерді тоғыстырған жан болып өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бірі – Жұбан Мадина Абатқызы.
     Жұбан Мадина Абатқызы 2007 жылы 5 қазанда Ақтөбе қаласында дүниеге келді. Атаның ақылын алып, әженің мейіріміне қанып өскен қазақтың қаракөзі. Әкесі Абат пен Раушанның тұла бойы тұңғышы. Сөйте тұра қылығымен тәнті қылып, айтқанына көндіретін еркесі. Өзінен кейін ерген Ботакөз бен Дианадай сіңлілері, Ибраһим мен Исадай інілері бар.
     Мадина Абатқызы ең алғашқы жетістіктеріне Ақтөбе шаһарындағы «Жидек» балабақшасында тәрбиеленіп жүріп-ақ жете білді. Ол өзінің білімділігімен, даралығымен, әрнәрсені үйренуге ұмтылысымен ерекшеленді.
    Сымбат алғаш мектеп табалдырығын 2013 жылы жеке меншік мектебінде аттады. Білім ошағындағы алғашқы күндерінен ол өлең жаттап, мәнерлеп оқуымен, математика, қазақ тілі пәндеріне ерекше құмарлығымен, сурет салып, интеллектуалды ойлау қабілетімен көріне бастады.
     – Мен қай салада жетістікке жетіп, жүлде иеленсем де ол ұстазым Мамбетова Раушан Рысмағанбетқызының арқасы деп білемін. Қазақ «Бұлақ көрсең, көзін аш» демей ме?! Менің талантымды танып, қабілетімді жанып, ары қарай биікке өрлеуіме, өз сауырыма қамшы басып, өзімді шыңдауыма себепкер бір жан болса, ол – ұстазым, дейді үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиеленген тәлімді қыз.
       Ол кішкентайынан белсенді болуға дағдыланған. Нәтижесінде түрлі облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындарды алып жүр.
     Ол 2014 жылы облыстық «Жас суретші» байқауына қатысып, ерекше дарындылығын көрсеткені үшін марапатталса, 2015 жылы «Инфоурок» Халықаралық қашықтықтан өткізілетін олимпиадада математика пәні бойынша І орынға ие болды. Ал 2016-2017 оқу жылында республикалық ғылыми негізгі пәндер олимпиадасында қазақ тілі пәнінен І орынға қол жеткізсе, 2017-2018 оқу жылында «Зерделі» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған дарынды оқушылар арасындағы республикалық қашықтықтан өткізілетін «Мәнерлеп оқу» сайысында білімділігімен көзге түскені үшін марапат мінберіне көтерілді. Сонымен қатар, 2018 жылы Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ақтөбе – туған өлкем, тұнған шежіре» зияткерлік байқауында ІІ орынды еншіледі. Осы жылы ІІ Халықаралық «Тоника» фестиваль-конкурсында ол І дәрежелі лауреат атанды. Жетістіктер жалғасын тауып, республикалық «Нұрлы жастар» байқауында «Көркемсөз» номинациясымен ерекше көзге түскен ол тағы да құрмет төріне шықты. Осы жыл олжалы болса керек, ол мектепшілік «Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ бастауы» апталығында «Поэзия – жанымның серігі» атты поэзия кешінде І орынға қол жеткізді.
      «Дарабоз» оқу орталығы ұйымдастырған республикалық мәнерлеп оқу конкурсында бәйгенің бас жүлдесін батыстың батыл қызы қанжығасына байлап әкетті. Сондай-ақ, республикалық ІҮ «Самға, самұрық» балалар байқауында көркемсөз аталымы бойынша үздік деп танылды.
       ІІ Халықаралық балалар шығармашылығы байқауында да оның бағы жанды. «Көркемсөз» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі лауреат атанды.
       І республикалық «Жас талант» байқауында да ол осал болмады. «Көркемсөз» номинациясы бойынша өнер көрсетіп, бас жүлдені қоржынына байлады.
      Қазіргі таңда 2018-2019 оқу жылын жоғарғы сыныптарын қаладағы №6 Ғұбайдолла Ақтаев атындағы орта мектебінде жалғастырды. Онда да ол өзін жан-жақты көрсете білді.
        ҚР-ның Тәуелсіздігіне 27 жыл қарсаңында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік баға жетпес байлығым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысында II орын иеленді.
        Мектепішілік «Күз ханшайымы – 2019» сайысында I орын иегері атанды.
     Сайыстарға дайындалуына қол ұшын беріп, қамқор болып жүрген сынып жетекшісі Алданазарова Алтынай Насридинқызына айтар алғысы шексіз. Білікті де, тәжірибелі мұғалім өзінің оқушыларының әрбір жетістігіне шын қуанып, шәкірттерінің биік белестерден көрінетініне сенім білдірді.
      Өрімдей жас қыздың жеткен жетістіктерінің бұл бір парасы ғана. Оның бағындырған белестері ауыз толтырып айтарлықтай. Табиғатынан өте мейірімді, ақылды, алғыр және әр ісіне аса тиянақтылық пен жауапкершілікпен қарайтын қарлығаш болашақта «Денсаулық сақтау министрі» боламын деп алдына мақсат қойған. «Ел келешегі – бүгінгі жас».
        Айқын мақсатың арманыңа жетелеп, биік шыңдардан көріне бер!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}