Абуирхан Алинур

Рейтинг:

      Жасампаз Қазақстанның бүгінін келешекке жалғар ұландарының өр рухты, бәсекеге қабілетті болуы – аса маңызды. Жас буынның білімді болуы – мектеп қабырғасында алған білімі мен жеткен жетістіктеріне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Болашақты бірге қалап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жастар қашанда ортасына сыйлы, оқуда озат, қатысқан жарыстарынан жүлдесіз, марапатсыз қайтпайды.
       Әбүірхан Әлінұр Әбүірұлы – жарыстарда жүлдегер, жеңімпаз атанып, мерейі асқақтап жүрген жеткіншектердің бірі. Мүшел жасқа қадам басам дегенше, талай додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, нағыз білімді, елге қызмет етер азамат болатындығын дәлелдей білген Әлінұр – дарынды оқушы.
        Ол қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» деген өсиетті сөзін білім алу жолындағы өзінің мотивациясы деп есептейді. Осындай даналық ойлар арқылы өзін-өзі сынға алып, қамшылап, жігерлендіріп отырады.
        Намысты, қайраты мықты өрен 2005 жылы 15 шілдеде Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келді. Бала кезінен зерек, аңғарымпаз бала болып өсті.
    Оның отбасы – қазыналы қарттары бар жанұя. 1949 жылғы атасы Толеуов Абюрхан Толеуұлы – «Ескене» шаруа қожалығының басшысы, әжесі Әбеуова Орынтай Кабешқызы – 1953 жылы дүниеге келген ақ жаулықты ана. Әулеттің үлкендері – қарттықтың ақ шапанын иығына жамылып, бойлары ұлағат пен ұлылыққа толған данакөз қариялар. Әлінұрдың тектілігі, үлкендерді сыйлап, біреудің ала жібін аттамауы – осы кісілердің өнегелі тәрбиесі мен парасатқа толы болмыстарындағы тектіліктің нәтижесі. Немерелерінен бар жақсылықты аямайтын қариялар – бүгінде әулетінің саялы бәйтерегі.
      Әкесі Тулеуов Абюр Абюрханұлы – 1974 жылғы, «Қазақмыс Мэйкер-Жезқазған» ЖШС-і мамандандырылған энергия ремонттық басқарма басшысы. Анасы Исина Ақнұр Абикеновна – 1975 жылғы, Жезқазған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы. 1998 жылғы арқа сүйер ағасы Толеуов Әлішер Әбүір-ұлы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ІІІ курс студенті, қарындасы Абюрқызы Айзия – 2014 жылғы, балабақша тәрбиеленушісі.
     Әлінұр 2011 жылы Жезқазған қаласындағы №13 орта мектебінің табалдырығын аттаған еді. Алғашқы ұстазы Қалманбаева Ақбаян Құрметовна білімге деген құштарлығын оятып, есімі жадында сақталып қалды. Осы мектептің математика пәні мұғалімі Жанадилова Ардақ Мұқатайқызы ой-өрісін дамытып, білім көкжиегін кеңейтуіне жол ашты. 2017 жылы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсіп, Бекожина Гульжанат ұстазының жетекшілігімен білім баспалдақтарымен жоғары өрледі.
       2018 жылы Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауысты. Табалдырықтан төрге жетелейтін білім әлемінде бәсі жоғары, интеллектісі дамыған азамат ретінде қалыптасып келеді. Озық ойлы өрен: «Күш – білімде!» – деп есептейді. Сондықтан да Елбасымыздың: «Бой салыстыратын емес, ой салыстыратын заман» деген ұлағатты сөзін жанына серік етіп, сол жолда үлкен жетістіктерге жетуде аянбай тер төгіп келеді. Білімі мен ізденімпаздығы арқылы талай белестерді бағындырып отыр. Білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарына Әлінұрдың шын жүрегімен айтар алғысы мен мадақтаулары шексіз.
        Оның дәлелі – 2014 жылы математикадан мектепішілік «Жас Пифагор» олимпиадасында ІІІ дәрежелі диплом, «Жас Отан қорғаушылар» әскери саптық байқауында ІІІ орын иегері. Сонымен қатар, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында бас жүлдені еншілеген. Мұның өзі – оның топпен шапса да, жеке шапса да дараланып, жүйрік шығар нағыз дүлдүл, сауырына қамшы тигізбес тұлпар екендігін айқындаса керек. Одан өзге, білімді шәкірт – «Дарынды балалар шеруі», «Зерек бала – 2015» номинацияларының жүлдегері.
       2015 жылы қалалық деңгейде өткен математикадан V қалалық «Жас Пифагор» олимпиадасында І орын, қала мектептері көшбасшыларының байқауында алғыс хатқа ие болды.
      2017 жылы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінен олимпиада барысында ІІІ орынға, «Таным – 2015» облыстық рейтингтік олимпиадалық жарыста І орынға шығып, жеңіс жалауын желбіретті.
      Әлінұр бос уақытында бір мезгіл спортпен шұғылдануды, сурет салуды, ағаштан бұйымдар жасауды ұнатады. Өйткені, осындай жұмыстардын жанына сая табады. Мұндай қосымша істерді үлкен махаббатпен, жауапкершілікпен атқаруға әбден дағдыланған. Онан қалды, сәл қолы босай қалса, жануарлар әлемі туралы бағдарламаларды тамашалап, отбасымен бірге табиғат аясында демалуды құп көреді.
       Келешектің кемел қақпасын айқара ашуға дайындық үстінде жүрген Әлінұр Қазақстанның үлгі тұтар азаматы атағына лайық болып, елін көркейтіп, оны шетелдерге танытуды мақсат етеді. Заманауи шет тілдерді меңгеріп, ата-анасының, жақындарының мақтан тұтар азаматы болуды – адамгершілік борышы, текті әулеттің ұрпағы ретіндегі перзенттік парызы санайды.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}