2018 жылы «Өрлеу» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған олимпиада барысында қазақ тілі пәнінен І орын алған Беркінбай Назлы Саматқызы өзін Қазақстан Республикасының білімді азаматшасымын деп санайды. Мектепте үздік оқушы, ұстазының үмітін, берген білімін тасада қалдырмайтын дарынды шәкірт Назлы еңбектенуде, бір нәрсені білуде ешбір кедергіге қарамайды. Алдына мақсат қойып, соған жету үшін, қолынан келген әрекеттің барлығын жасайды.
Арманының адастырмайтынына сенетін Назлы 2009 жылы 17 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылында дүниеге келді.
Атасы Жанұзақов Беркинбай Жұмагүл 1955 жылы, ал, әжесі Прімаханова Райса 1958 жылы туған. Екеуі де – зейнетке шығып, бір әулеттің ардақты қарияларына айналып, кішіге ақылын айтып отырған аса қадірлі жандар. Ұрпағын жолын жалғастырушы, ошағымның иесі деп санайтын дана кісілер – немерелерінің әрбір жетістігіне қуанып, жарысқа қатысарда қолдап, жол көрсетуге білімі жететін, озық ойлы, көпті көрген қадірлі жолнұсқаушылар. Бүгінде екеуі – Назлыдан басқа да немерелерінің қамқоршы ата-әжесі.
Әкесі Жанузаков Самат Беркинбайұлы – «Автопарк» ЖШС-нің жүргізушісі. 1981 жылы дүние есігін ашады. Анасы Молдахметова Ғайын Болтайқызы – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 1982 жылы туылған. Інісі – Беркінбай Шыңғыс Саматұлы 2011 жылы туған. М.Құрманғалиева атындағы №32 мектептің оқушысы.
Берекесі мен бірлігі жарасқан шаңырақта асыл кісілерден тәрбие алып, өмірден өз орнын табуға талпыныс үстінде жүрген жасөспірім – сынып жетекшісі Ахметова Эленора Дузжасарқызының айтуынша, өте алғыр, мінезі ерекше, айтқанды құлағына құйып алатын, үй тапсырмаларын үнемі орындайтын, барлық сабаққа әркез дайындықпен келетін оқушы. Мұғалімі Назлыдан өскенде тау тұлғалы, жан-жақты азаматша шығарына сенім білдіреді.
Назлы Саматқызы 2016 жылы Ақтөбе облысындағы №32 орта мектеп-гимназиясының табалдырығын аттады. Қазіргі таңда озат қатарластарының арасында өзінің оқушылық кезеңдегі дара жолын сала алған жас буын өкілі.
2017 жылы қазақ тілінен өткен республикалық ұлттық интернет олимпиадасында І, ағылшын тілінен ІІ, дүниетанудан ІІІ орын дипломымен марапат мінберіне көтерілді. Одан бөлек, математика пәнінен бағын сынап, білім деңгейін дәлелдеп, сертификатқа қол жеткізді.
Сабағынан тыс уақытта «Достық» облыстық балалар мен жасөспірімдер су спорт мектебіне барады. Жүзудің әдіс-тәсілдерін шебер меңгеріп, жаттықтырушысының еңбегін ақтап жүр. Тіпті, жүзуден «За волю к победе!» деген мадақтама грамотасы да бар.
МКҚК Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйіндегі «Халықтық билер үйірмесінің» мүшесі Назлы ертегіге негізделген кітаптарды оқығанға әуес. Сондай-ақ, билегенді, суда жүзгенді, достарымен бірге саяхатқа шыққанды жақсы көреді.
Арманы – бірнеше шет тілін меңгеріп, әлемді тану, небір таңғажайыпты көзімен көру, ата-анасының үмітін ақтау. Олардың алдында табыс биігінен көрінетін абыройлы, мәртебелі, білімді, көркем мінезді қыз болып, сенімнің биік шыңынан көріне білу!
Обладательница I места по казахскому языку на олимпиаде прошедшей в 2018 году, организованный Республиканским научно-методическим центром «Өрлеу» Беркинбай Назлы, считает себя высокообразованным гражданином Республики Казахстан. В школе она учится на “отлично”. Целеустремленная девочка не видит препятствий для достижения каких либо целей.
Беркинбай Назлы родилась 17 сентября 2009 года в селе Жабасак, района Айтеке би Актюбинской области.
Дедушка Жанузаков Беркинбай Жумагулулы 1955 года рождения и бабушка Прмаханова Раиса 1958 года рождения всегда поддержат своих любимых внуков добрыми напутствиями. Как говорят в народе:«Дом, где есть старики, полон славы и богатства»,так и они старались как много повидавшие на своем веку принять активное участие в воспитании подрастающего поколения. Они для внуков стали покровителями, всю жизнь учат их уму-разуму, потому что обладают глубокой всеобъемлющей мудростью народа. Внуков они приучают к справедливости, гуманизму, внимательному отношению к тому, что говорят родители, а также сумели внедрить в сознание ребенка все то доброе и хорошее, что имели.
У казахов есть мудрое высказывание: «Отец – это высокая гора, мать – родник у подножия этой горы, а дети подобны росткам на его берегу». Отец Назлы Жанузаков Самат Беркинбайулы работает водителем в ТОО “Автопарк”, он 1981 года рождения, а мама Молдахметова Гайын Болтайкызы 1982 года рождения - учительница английского языка. У Назлы есть младший брат Беркинбай Шынгыс Саматулы 2011 года рождения, он учащийся средней школы №32 имени М. Курмангалиева.
В 2016 году она пошла в первый класс средней школы-гимназии №32. О целеустремленной девочке, получившей хорошее воспитание, классная руководительница Ахметова Элеонора Дузжасаркызы отзывается с теплотой и восхищением. “Назлы очень ответственный ребенок, беспрекословно выполняет все поручения, на занятия приходит всегда подготовленной, характер покладистый, общительная”, – говорит она.
На прошедшей Республиканской интернет олимпиаде она принимала участие и при этом стала обладателем: I места по казахскому языку; II места по английскому языку; III места по природоведению. А также попробовав силы в математике, и показав хорошие результаты она получила сертификат.
Освоив различные стили плавания, в свободное от учебы время она посещает спортивную школу по плаванию. И даже получила грамоту “За волю к победе!” участвуя в состязаниях. А также она дополнительно ходит и в “Кружок народных танцев”. Еще она любит прогулки на природе с друзьями.
А мечта ее заключается в освоении нескольких иностранных языков, путешестововать по миру, расширить свой кругозор, посмотреть удивительные места. А также оправдать надежды родителей, стать достойной дочерью своего народа!