![]()
«Жетістіктің тоқсан пайызы – тер, он пайызы – шабыт» деген ұстанымдағы жалынды, жігерлі, қабілетті өрен. Ақмола облысы, Степногорск қаласының перзенті. 2011 жылдың 23 желтоқсанында өмір есігін ашқан.
Отбасының саялы бәйтерегі, ұлағатты атасы Исмайлов Аликул Бапаұлы – балалар көз дәрігері болса, мейірбан, ақ пейілді әжесі Бегимбаева Закида Рахаддиновна – эпидемиолог-дәрігер. Ақ халатты абзал жандардың қатарында әкесі, ағасы, әпкесі де бар. Қамқор ағасы – Исмаилов Ершат Аликулұлы – Степногорск қалалық емханасында терапевт-дәрігер, ал әпкесі Исмаилова Гулбах Аликулқызы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Достық» емдеу орталығының терапевт-дәрігері. Адамгершілігі мол ардақты әкесі Исмаилов Бердак Аликулұлы – Степногорскідегі көпсалалы ауруханада кардиолог-дәрігер қызметін абыроймен атқарып жүрген азамат. Көркем мінезді, нұр шұғылалы анасы Жолдыбаева Фариза Бердибекқызы №1 «Айгөлек» балабақшасының логопед-мұғалімі қызметінде. Анасы тағы бір перзентін асыға күтуде. Талапты, дарынды балақай алдымен Степногорск қаласындағы №1 «Айгөлек» балабақшасына барып, таным көкжиегін кеңейтті. Өресі биік өрелі ұл, білімпаз шәкірт бүгінде Степногорск қаласының білім бөлімінің «№9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 2 «А» сыныбында білім баспалдығымен біртіндеп көтерілуде. Салауатты өмір салтын ұстанатын көпшіл ұлан мектептен тыс өтетін барлық қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Өнерге бір табан жақын Кемел – спорттық жарыстардың да жеңімпазы. Домбыра үйірмесіне үзбей қатысып, өнерін шыңдап жүреді.
Жетістігі: 2017 жылы 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шараға өз үлесін қосқаны үшін және 30 метрге жүгіруден 6.6 секунд нәтижемен І орынға ие болып, Мадақтама иегері атанды. 2017-2018 оқу жылы Білімқұмар балаларға арналған «Ертегілер әлемінде» тақырыбы бойынша Республикалық «Үркер» зияткерлік марафонының қатысушысы сертификат иегері; 2018 жылы Кіші доп лақтырудан 11 метр нәтиже көрсеткені үшін ІІІ орын және Мадақтама; осы жылы 30 метрге жүгіруден 6.1 секунд нәтижемен І орын үшін Мадақтамамен марапатталды. 2019 жылы «Бала шабыты» Халықаралық конкурстық жобасының «Unigue Stars» дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауында 7-16 жас аралығында «Орындау өнері» номинациясы бойынша домбырада өнер көрсеткені үшін І орын жүлдегері және диплом иегері.
Сүйікті ісі: Домбыра тарту, шахмат ойнау, достарымен серуендеу, өзін-өзі дамыту.
Арманы: Кемел келешегінде аспан әлеміне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу. Дәрігерлер династиясын жалғастырып, ақ халатты абзал жандардың қатарын толықтыру. Қандай іс атқарса да, халқына пайдалы болып, еліміздің мақтан тұтар азаматына айналу.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]