![]()
АЛТЫН АСЫҚТАЙ ҰЛ
Жаздың аптап ыстығында сағымға айналған сары даласының өзі өзіндік үнімен, табиғатпен сырласып, әсем әуен шығаратын қазақ даласына жетер жер жоқ әлемде. Табиғаты тамылжып тұрған өлке ұлы суретшілердің картинасына сұранып тұрған сұлулық. Жасыл орманы мен сарыарқаны жырға қосқан ақындар мен жыраулардың еңбегі ешқашан өшпейді. Алтын қанатты қыран қалықтаған көк аспанды бұлбұлдай үнімен тербетіп, өнер мен мәдениеттің кірпішін нық қалаған тума таланттар
![]()
мен әншілер қашан да ел есінде. Тарауы мол тіршілік пен тұрмысты тілге тиек еткен от ауызды, орақ тілді ақындарымыздың орамды ойы мен түйінді шешімге толы сөздерін естігенде таланты мен қабілетін еріксіз мойындайсың. Міне, тарихын сыр етіп бұғып жатқын, ұл-қыздары атын әлемге мәшһүр еткен қазақ даласы осындай таланттарға толы ел.
Жүз жылда бір туып, шығармалары мен еңбектері мың жыл жасайтын таланттар туралы сөз еткенде, өсіп келе жатырған өскелең ұрпақ, жастарымыз, оқушыларымыз көз алдымызға келеді. Заманы басқа болғанымен, талабы бір дарынды жастарымыздың атқарған істері мен жеткен жетістіктерін көргенде жүрегіңді үлкен қуаныш кернейді. Солардың бірі әрі бірегейі, жас болса да бала дауысымен үлкен сахналарда тыңдармандарын разы етіп, жеңіс қоржынын жүлдемен толтырып жүрген жастарымыздың бірі деп Болат Елдосты айтар едік.
Жас болса да жарға шығар қарқыны бар Елдос 2008 жылы 26 ақпанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келді. Перзентінің көңіл күйін анадан артық түсініп, жағдайын анадан артық айтар жан бар ма?! Жүрегінде иман нұры ұялап, таңдайынан ұлының амандығы түспейтін жанның ұлы Елдос туралы айтқандарын қағаз бетіне түсіргенді жөн көрдік.
«Ұлым Елдос Есік қаласындағы В. Терешкова атындағы орта мектепте 7-ші сыныпқа көшті. Ай күнім жетіп босандым. Баламның қолының дамымай қалғанын босанғанда ғана көрдім. Өте қиын жағдайда болдым. Егер узи түскенде көрген болса айтар еді, демек көрмеген ғой деген де ойлар келді. Жаратушы Тәңіріме алғысым шексіз. Елдосым кішкентайынан зерек, алғыр, болып өсті. Бала кезінен ойы да, сөзі де ересек адамдікі сияқты.
Баламның 3 жастан аса бастағанда музыкаға деген ерекше сүйіспеншілігін байқадық. Ритмге ілесіп билеп, ыңылдап әнге қосылып айтып жүрді. Туған қайын сіңілім сол жылдары Есік қаласындағы педагогикалық колледжінің музыка факультетінде оқып жүрген болатын. Менің анам да әнші болған. Марқұм нағашы апам вокалист, атам дәстүрлі әнші болған. Қайын сіңілім Елдосты өзінің вокалист апайына апарып, тыңдатып көруді ұсынды. Әкесімен ақылдаса отырып, ауылымызда ашылған балабақшаға 4 жасынан жіберіп, вокалистке де апарып келдік. Апайы керемет деп сүйсінді. Вокалист апайымыз Досжанова Айсара Есік қаласындағы
![]()
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ вокал сабағының маманы және Елдостың ең алғашқы вокалист ұстазы. Ақши ауылында тұрып, Есік қаласына аптасына 2-3 рет вокал сабағына келіп жүрдік. Отбасымызбен Айсара Адамбекқызына үлкен рақмет айтамыз. Балам апайын жақсы көреді. Ең алғашқы жаттаған әндері: "БАЛАПАН" және "ТӨЛДЕР" болды. Балабақшада алғаш рет сахнаға шығып "ТӨЛДЕР" әнін орындады.
2014 жылы 1-ші қыркүйекте мектепке даярлық тобына апардық. Ол жерде бастауыш сыныптар арасында өткен "ӘНШІ БАЛАПАН" атты байқауда "ӘКЕ" әнін орындап, «Бас жүлдеге» ие болды. «Бас жүлде» алды деп қуанышымыз қойнымызға сыймай баламды құттықтадым. Әкесі баласы ән айтқанда әр концертте жылайды. Мен де қатты уайымдап кетемін. Әр кез балама байқауға барған кездерде ең бастысы жеңу емес деп айтып жүремін. Жеңіле білу де өнер деймін. Қолымыздан келгенше жігерлендіріп отырамыз. Өзінің атасы Кажиев Болат Солтамбайұлы. Ал, апасы қайтыс болған. Жаны жәннатта болсын! Атамыз Ақши ауылында тұрады. Ал нағашылары яғни, менің әкем мен анам Талғар қаласында тұрады. Әкем Омаров Мұрат Мәжитұлы, анам Омарова Гүлнар Тұрғазықызы. Екі жақтың аталары мен апасы да қолдап, батасын беріп отырады.
2015 жылы алғаш рет үлкен кастингке бардық. Костюм тіктіріп дайындалып бардық. Балам Талдықорған қаласында өткен "BALA TURKVIZYON-2015" ұлттық іріктеуге қатысты. Ол кезде де ерекше көзге түсіп, баламнан сұхбат алды. Хабар арнасынан көрсетті. Содан бастап жылда барып жүрдік. Кейін ол " БАЛА ДАУЫСЫ" болып өзгерді. 2019 жылы да қатыстық. Үш тілде ән орындады. Қазақша,
![]()
орысша, ағылшын тілінде. Бірақ өтпеді. Қатысқанымыздың өзі үлкен жетістік деп білеміз. 2016 жылы Есік қаласында өткен "BI ЖҰЛДЫЗАЙ" атты республикалық фестивальге қатысты. Кейін облысқа өтті деп хабарласты. Талдықорғанда өтті. Бір күні балаңыз Елдос Республикаға өтті деп те хабарласқанда қуанышымызда шек болмады. Әкесі далада жүрген. Жүгіріп шығып айтып едім ол да не сенерін білмей, не сенбесін білмей рас па, рас па - дей берді күлімсіреп. Сөйтіп, баламды Бурабайдағы "Балдәурен" санаториясына демалуға жіберді. Сол жақта іріктеу турі өтті. Конкурсқа мен бардым. Елдосым ол жерде "ҚАЗАҚСТАНЫМ" әнін шырқап 1 орынға ие болды.
Бас жүлде мен 1-ші орын алған балаларға Астана қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) өтетін гала-концертке жолдама берді және смартфон сыйлады. Ол концертке әкесі екеуіміз бардық. Астана қаласында "ҚАЗАҚСТАН" ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА "1 МАУСЫМ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ" арналған керемет концерт өтті. Қазақстан Ұлттық телеарнасынан көрсетті. Сол жылы ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНДАҒЫ "Айтуға оңай" бағдарламасының да қонағы болдық. Ол жерде әнші Төреғали Төреәлі балам Елдосқа сағатын сыйлады және екеуі бірге «БОЛ ЖАНЫМДА» әнінің бір шумағы мен қайырмасын орындады.
2017 жылы балапан арнасына "БАЛАПАН ЖҰЛДЫЗ" атты концертке де шақырды. 2018 жылы «БАЛАПАН» телеарнасындағы "ДОС БОЛАЙЫҚ" жобасында қонақта болды. Сол жылдың соңында КТК арнасы ұжымыны
![]()
ң жаңа жыл қарсаңында көрермендерінің арманын орындау мақсатында түсірген "АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ" атты хикаяға түсті. Сөйтіп, баламның арманы орындалды. КТК арнасының атақты тілшісі Дина Төлепберген балама коньки сыйлады.
2019 жылдың сәуір айында БАЛАПАН телеарнасының "DARA BALA" телевизиялық жобасына қатысты. Барлығын БАЛАПАН арнасынан көрсетті. Балапан арнасының ұжымына да үлкен рақмет!.
Елдосым оқу озаты. Достары көп. Адамдармен тез тіл табысып кетеді. Өте мейірімді, жанашыр, сезімтал, бауырмашыл бала. Алла тіл көзден сақтасын!!! Сүйікті пәндері: ТАРИХ, ЖАРАТЫЛЫСТАНУ, МАТЕМАТИКА, ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ, МУЗЫКА, ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ. ХОББИІ - сурет салу, кітап оқу, футбол ойыны. Баламның дауысы ерекше. Балама Алла Тағалам ұзақ ғұмыр берсін, басына бақ берсін! Армандары орындалып, көздеген мақсатына жетуіне тілектеспін!».
Жетісітіктері:
- 2 «Ә», 4 «Ә», 5 «Ә» сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін – «Мақтау қағаздары»;
- 2019 жылы «Balapan» арнасындағы дарынды балаларға арналған «Dara Bala» телевизиялық жобасында таланты және ерекше қабілетімен ерекше көзге түскені үшін - сертификат;
- «Balapan» телеарнасының «Дос болайық» жобасына қатысқаны үшін –
![]()
«Алғыс хат»;
- «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен XI Республикалық балалар шығармашылық фестивалінен «Вокал» номинациясы бойынша кіші топ қатарында «I дәрежелі диплом»;
- Ұлттық «Бала дауысы - 2019» балалар ән байқауынының Лауреаты;
- IV Республикалық «Тайжарыс» радиобайқауынан «Бас жүлде».
Жанұясы:
Сахна төріне көтерілгенде көрермендерін еріксіз баурап алып, нақышына келтіре орындаған әнін тыңдармен жүрегіне жеткізе білетін күміс көмей Елдос өнегелі отбасының перзенті. Ізгілік пен ізеттіліктің, адамдық пен адалдықтың туын жоғары ұстап, тәрбиелі, өнегелі болуға үндеп, тәрбиелеп келе жатырған асқар тау әкесі Кажиев Ринат Болатұлы үнемі Елдостың бастаған ісін қолдап-қолпаштап отырады. Ұлы суретшілердің өзі болмысын толық аша алмайтын анасы Кажиева Жанар Мұратқызы жүрегі тек аналық махаббатқа толы асыл жан. Сахна төрінің жарық жұлдызы Елдостың Бекарыс ағасы мен Әмина, Баян есімді қарындастары бар.
«Алтын кездік қын түбінде жатпайды» - деген әдемі сөз бар, ел арасында. Уақыт өткен сайын бойындағы қабілеті мен талантын ашып, белестерді бағындырып келе жатырған Елдос осы бір сөзге лайықты алтын асықтай ұл.