Болмысын жоғалтпаған адам – бақытты адам. Қазақы тәрбиеден асып түсер мектеп жоқ. Қазақ халқы тәрбиенің өзін жеке-жеке салаға бөліп қойғандай. Сол сияқты анасының жолын куып, қазақ өнерімізді дәріптеп жүрген айдай сұлу Айсәуле Меңдібайқызы – мақтауға тұрарлық оқушы.
Ол 2007 жылы 22 мамырда еліміздің бас қаласы Астана қаласында дүниеге келді. Асқар тау әкесі Меңдібай Көшербаев – мұнай саласының маманы. Ал қазақ халқының ұлттық киімдеріне өзіндік қолтаңбасын қалдыруда атсалысып жүрген ісмер анасы Назгүл Малаева бүгінгі күні бар уақытын бала тәрбиесіне арнап, тәлімді тәрбие беруде.
Өнерлі жеткіншек Айсәуле – отбасындағы бес баланың төртіншісі. Бекназар есімді ағасы, Бибігүл, Бибінұр атты әпкелері, соңынан ерген Нұрдана есімін иеленген сіңлісі бар.
Балауса ару кішкентайынан өнерге құмар болып өсті. 2011 жылы желтоқсан айында Астана қаласындағы №56 «Береке» балабақшасына қабылданды. Бөбекжай қабырғасында жүріп-ақ, бүлдіршіндер арасында зеректігімен, аңғарымпаздығымен ерекшеленді. Балабақша сахнасында, мерекелік жиындарда ән салды, би биледі. Оның өнерге, әнге деген махаббаты балабақшадан басталды десек артық айтқандық емес.
2013 жылы бас қаладағы №66 мектеп-лицейінің 1-сыныбының табалдырығын аттады. Мектептегі әртүрлі іс-шараларда зеректігін байқата білді. Әр оқу жылын үздік бағаға бітіріп, жыл соңында мектеп әкімшілігінің мадақтамасына ие болып келеді. Бастауыш сыныптарда білікті, тәжірибесі мол ұстазы Мая Рахметқызының алғыр шәкіртіне сіңірген еңбегі зор.
Талапшыл баланы «әнші боламын» деген арманы 2015 қыркүйек айында «Қарақат» мектеп-студиясына жетелеп әкелді. Онда бірнеше музыкалық аспаптарды тартып үйренді. Атап айтар болсақ, домбыра, жетіген аспаптарында күйді құйқылжыта, төгілтіп орындайды. Тыңдаған жанның құлақ құрышын қандырады.
2016 жылы түрлі өнер додаларында топ жарып, оқ бойы оза шықты. «Асыл мұра», «Күмбірлеген домбыра үні», «Отаным деп шырқаймын», «Абыз-домбыра» байқауларының жеңімпазы атанып, ет жақындарын шаттыққа бөлеп келеді. Өнерден кәсіби тұрғыда сабақ беретін мұғалімдері оның әлі де алар асулары көп екендігіне сенеді. Абай атамыздың «әнді сүйсең, менше сүй» дегені – дәл осындай өнерлі жасқа қарап айтылса керек-ті. Айсәуле де өнерді өзінің жан серігіне балайды.
2017 жылы «Астана жұлдыздары» тақырыбында өткен республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер және «Музыкальное созвездие» халықаралық өнер байқауларының «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бас жүлдесін жеңіп алды. Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Шаттық – 2018» қалалық ашық шығармашылық байқауының «Вокал» жанры номинациясы бойынша «Алтын медаль» иегері атануы – оның өнерге, шығармашылыққа деген ынтасын арттыра түсті.
«Дәстүрлі ән» үйірмесінің жетекшісі, ұстазы Гүлшат Серікқызына және №66 мектеп-лицейіндегі музыка пәнінің мұғалімі Манзура Кеңесқызына Айсәуленің және ата-анасының айтар алғысы шексіз.
Бос уақытында бауырларымен шахмат, дойбы ойнап, ағасы Бекназармен бірге домбыра шерткенді ұнатады. Ұлттық өнер өренінің болашаққа жетелейтін арманы – білім щаңырағын «Алтын белгімен» бітіріп, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенті атану. Елге белгілі, әлемге танымал, атақты әнші болуды жан-жүрегімен қалайды.
«Өнерліге өріс кең» дегендей, жас Айсәуленің алар асуы, шығар шыңы алда. Тек ғана сәттілік серік болғай!
Айсауле Мендыбайкызы Едил родилась 22 мая 2007 года в городе Астана. Ее отец Мендыбай Кушербаев работает в нефтяной отрасли, а мама Назгуль Малаева бывший работник, мастер “Индпошива национальных костюмов казахского народа”. Сегодня она ведет домашнее хозяйство и занимается воспитанием детей. Айсауле - четвертая из пятерых детей в семье. У нее есть брат Бекназар, старшие сестры Бибигуль и Бибинур и младшая сестра Нурдана, которая идет следом за Айсауле.
Aйсауле с ранних лет росла смышленной малышкой, и будучи ребенком всегда тянулась к искусству. В декабре месяце 2011 года она была принята в детский сад №56 «Береке» в городе Астана. Уже в те годы, находясь в стенах детского сада, она отличалась высоким разумом и воображением. С детства пела песни и выступала на концертах в праздничные дни. Примечательно, что ее любовь к искусству, а именно исполнению песен началась с детского сада.
В 2013 году она пошла в первый класс школы-лицея №66 города Астана. В школе она продемонстрировала свои лучшие качества. Ежегодно она оканчивала учебный год только на «отлично». Большая заслуга в воспитании Айсауле принадлежит ее любимой классной руководительнице Майя Рахметкызы.
Мечта ребенка стать известной певицей, в сентябре месяце 2015 года привела ее в школу-студию «Каракат». Там она научилась играть на нескольких музыкальных инструментах. В частности, на домбре и “жетыгене” она великолепно исполняет национальные “кюи”.
Для нее 2016 год выдался успешным. Она стала обаладателем множества призов и наград выигрывая в различных музыкальных конкурсах. Айсауле является победителем Конкурсов «Асыл мұра», «Күмбірлеген домбыра үні», «Отаным деп шырқаймын» и «Абыз-домбыра». Ее учителя убеждены, что юное дарование ждут впереди большие победы.
В 2017 году она выиграла Гран-при в номинации «Традиционная песня» Республиканского конкурса талантливых детей и подростков в Международном музыкальном конкурсе «Музыкальное созвездие» под названием «Звёзды Астаны». Ну, а пиком ее славы стала победа вместе с полученной золотой медалью в номинации «Вокал» в Городском открытом творческом конкурсе «Шаттык-2018» прошедшем среди детей и подростков.
Родители Айсауле выражают огромную благодарность руководительнице кружка «Традиционной песни» Гульшат Сериккызы и учителю музыки школы-лицея №66 Манзуре Кенескызы.
В свободное время Айсауле нравится играть в шахматы, рисовать и играть на домбре вместе со своим братом Бекназаром. Мечта Айсауле - после окончания средней школы с “отличием” стать студенткой Казахской национальной академии искусств. Она хочет стать известной певицей нашей страны.