![]()
«АДАМ БОЛУ – ПАРЫЗЫМ, МАМАН БОЛУ – МАҚСАТЫМ»
Текті әулеттің үмітін арқалаған, парасат-пайымы мен ұстанымы жоғары ұлан Құрманәлі Жандәулет Әбдіхалықұлы 2008 жылы 11 ақпанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында өнегелі отбасында өмірге келді. Ата-әженің ұлағатты тәрбиесін алған Жандәулеттің бойынан үлкен-кішіге деген құрмет пен ізет, имандылық, рухани тәрбиені көруге болады. Берілген міндетті атқару, жауапкершілікті болу және адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу – оның
![]()
бойындағы асыл қасиеттері. Ардақты атасы Шуленбаев Құрманәлі – Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагері, ел есінде сақталған танымал тұлға. Аяулы әжесі Шуленбаева Тұрсынкүл Күміс алқалы көпбалалы ана болатын. Биік болмысты әкесі Шуленбаев Әбдіхалық Құрманәліұлы мен мейірбан анасы Шуленбаева Жанар Әміржанқызының үкілеген үміті мен көзқуанышы, жанашыр әпкелері Айдана мен Ақмаралдың сүйікті бауыры. Зерек, алғыр балақай «Бәйтерек» балабақшасына барып, дүниетанымын кеңейтіп, әдеп әліппесін меңгерді. «Білім – бітпейтін қазына» деген ұстанымдағы өрелі өрен қазіргі кезде Д.Қонаев атындағы орта мектептің 5 «А» сыныбында білім алуда. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» дегендей, ұлағатты ұстазы, сынып жетекшісі – Қазақпаева Зағипа Әбирбекқызы. Мектеп директоры, білікті басшы – Тоқбергенова Гүлжамиля Жидебайқызы. Қаратау қаласындағы «Дарын» өнер мектебінде вокал және фортепиано үйірмесіне қатысады. Өнер ордасының басшысы – Көсекбаева Гүлмира Мейрамбекқызы. Өнерге баулып жүрген ұстаздары – Рысмендиева Эльнара Жанатқызы, Қалдыбекова Гүлфат Бақытжанқызы (вокал), Чекуридис Татьяна Викторовна (фортепиано). Өнер ордасының ұжымына қабілетті Жандәулеттің айтар алғысы шексіз. 5 жастан 10 жасқа дейін Таэквондо, Каратэ-до спортымен айналысқан. Спорт саласына еңбек сіңірген білікті бапкері Родион Ильич Цой көзі тірісінде жетістікке жетуіне ықпал еткен азамат еді. Білім мен спортты қатар алып жүрген, руханият әлеміне жақын өнерпаздың кемел келешегіне сенімдіміз.
Жетістігі: Құрманәлі Жандәулет – «Таланты Казахстана» конкурсынан «Вокал» номинациясы бойынша Гран-При алған жеңімпаз, өнерпаз ұлан. «Алтын жүлде» Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген Республикалық өнер және білім байқауының «Вокал» жанрының Лауреаты. Бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған III Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауынан «Вокал» жанры бойынша өнер көрсеткен, ІІ орын алған жүлдегер. 2019 жылы «Таразым – бақыт бесігім, ертегідей шаһарым» атты байқау-фестивалінен «Вокал» жанры бойынша І дәрежелі Дипломмен марапатталған. «Новый формат» Халықаралық конкурс фестивалінің І дәрежелі Диплом иегері. 2016 жылы «Мега-Талант» ІІ Халықаралық математика пәні олимпиадасынан 26 балл жинап, Диплом иемденді. 3-4 сыныптарды жақсы оқығаны, үлгілі тәртібі үшін Мадақтамамен марапатталып, Бастауыш сынып орыс тілі пәнінен өткен Республикалық Ұлттық Интернет олимпиада жүлдегері, Диплом иегері атанды. Каратэ спорты бойынша «Сары», «Қызыл», «Жасыл» белебеу иегері, 6, 7, 8 КЮ дәрежесі иемденген, 2016 жылы таэквондодан «Сары» белбеу иегері атанды. ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне таэквондо WТF жекпе-жегінен облыстық Ашық турнирде ІІ орын алған жеңімпаз. Балалар мен жасөспірімдер арасында таэквондо WТF жекпе-жегінен Мұстафа Өзтүрік атындағы облыстық Ашық турнирінде ІІ орынды жеңіп алды. 2017 жылы каратэ-до WKF бойынша Ашық облыстық турнир бойынша І орын жүлдегері атанды. 2018 жылы Талас аудандық каратэ-до WKF бойынша І орын жүлдегері. Жамбыл облыстық Ашық чемпионатында каратэ-до WКF жекпе-жегі бойынша І орын алды. 2018 жылы облыстық турнирдің футбол спортынан І орын алған жеңімпаз жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес.
Сүйікті ісі: Музыка тыңдау, фортепианода ойнау, ән айту, кітап оқу.
Арманы: Жоғары білім алу
, дәрігер-нейрохирург болып, медицина саласында қызмет ету, халықтың алғысын алып, жақындарының мақтанышына айналу.
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()