![]()
«ЖЕТІСТІККЕ ТЕРЕҢ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ЖЕТУГЕ БОЛАДЫ»
Тәрбиелі, талантты, руханиятқа жақын өрен Ақерке Қазақстанның жүрегі елордада 2010 жылы 23 ақпанда ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында дүниеге келген. Асқар тау әкесі Әбілғазы мен жаны жайсаң, жүрегі дархан анасы Алия – отбасының үкілеген үміті мен жарқыраған жұлдызы. Ақеркенің алдында арқа сүйер қамқор ағасы Нұрасыл бар. Пайымы терең ұлағатты жандардың жалғасы Ақерке 3 жасынан бастап «Ақниет» балабақшасына барып, дүниетанымын кеңейтті.
![]()
«Білім – бар бақыттың бастауы» деген ұстанымдағы Кеңес Ақерке Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 4 «Ә» сыныбында білім алуда. Оқуда озат шәкірт Ақерке мектепте өтетін барлық мәдени іс-шараларға белсене атсалысып, білім көкжиегін кеңейтіп келеді. Салауатты өмір салтын ұстанатын өнерлі өрен ән айтып, домбыра шерткенді ұнатады. Бос уақытында қосымша үйірмелерге қатысып, анасына көмек беруге де уақыт табатын ойы ұшқыр, қиялы жүйрік өнерпаз қыз сапалы білім алуға ден қойған талаптылардың қатарында. Ата-анасы мен ұстаздарының мақтанышы болып жүрген Кеңес Ақеркенің кемел келешегінде талай белестерді бағындыратыны анық.
Жетістігі: 1 «Ә» сыныбында өткен «Ал, қанекей, аналар!» атты сайысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат иемденді. Кеңес Ақеркенің ата-анасына қыздарының сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін Алғыс хат табыс етілді. Ақерке Әбілғазықызы – 2-сыныпты өте жақсы оқығаны үшін Мақтау қағазымен марапатталған үздік оқушы. 2017 жылы ағылшын тілі пәні бойынша «First Friends» 1-бөлімін сәтті бітіргені жөнінде Сертификат иегері атанды. Қазақ халық аспаптар бөлімінің оқушылары арасындағы мектеп байқауында ІІ орын иегері атанды. «Гүлдер» демалыс лагерінің Мадақтамасын иемденген өнерлі өрен 2018 жылы «Junior Fashion Week» жобасы бойынша Грамота иемденді. №4 мектеп-гимназиясында өткен «Күз аруы – 2018» байқауының І орын жеңімпазы. «Жас өнер: әлемдік өнерге қарай!» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде вокалистер, аспапта орындаушылар, хореограф, бейнелеу және қолданбалы өнер VІ жас таланттар фестивалінің қатысушысы Сертификаты иегері. «Өнерлі өрге жүзер» аталымы бойынша «Мектеп жұлдыздарының» бірі болды. 2019 жылы «Бүгінгі ұрпақ – ел болашағы» атты өнер сайысында ерекше өнер көрсеткені үшін Алғыс хат иегері атанды. «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған «Күй күмбірі» атты ансамбльдер байқауының ІІ орын жүлдегері атанған өнерпаздың болашағы жарқын болмақ. 2019 жылы Корея мемлекетінің астанасы Сеул қаласында өткен «Салют талантов» конкурсында І орын иемденді.
Сүйікті ісі: Қолөнермен айналысу, әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, безендіру, түрлі-түсті қағазды, матаны жапсырмалау, сурет салу, тәтті тоқаштар пісіру.
Арманы: Мектепті ойдағыдай бітіру, ағылшын тілін жетік меңгеру, шетелдерде білімін жетілдіру, білікті маман атану.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]