Жұмабай Тахмина

Рейтинг:

«АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕРЕҢ МЕҢГЕРГЕН КӘСІБИ АУДАРМАШЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ»
 
      Қылығы сырт келбетімен үйлескен, тал шыбықтай көркем сымбатымен қырмызы гүлдей құлпырып өсіп келе жатқан Тахмина Нұрбекқызы 2012 жылдың 30 қаңтарында Атырау қаласында дүниеге келді. Талаптың тұлпарын тақымға басқан өнерпаз балалық көктемін «Мирас» президенттік балабақшасында өткізіп, ұлы білім ордасының табалдырығын №36 мектеп-гимназиясында аттады. Қазіргі таңда 2 «Ә» сыныбының оқушысы. Жүздің біріне ғана емес, мыңның біріне таңдап қонатын киелі өнерді бойына сыйдырған, кішкентай кезінен сахнада көптің көзайымына айналған қабілетті Тахмина бүгінде аталған мектептің үздік оқушыларының қатарында білім алып келеді. «Тәрбие басы – талбесік» демекші, өнерлі бала әдептілік пен адалдықты, үлкенге құрмет көрсетуді тәлім ете білген әкесі Башенов Нұрбек жеке кәсіппен айналысса, инженер-технолог анасы Шугайпова Жазира еңбекқорлық пен инабаттылықты үйреніп келеді.
      Тахмина – облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған талантты шәкірт. Мектепішілік пән олимпиадалары мен интеллектуалдық сайыстарға үзбей қатысып келеді. Логикалық ойлау қабілетін дамытатын көптеген жарыстарға қатысып, ұстаздар мен педагогтардың оң бағасын алып, өзінің қарым-қабілетін байқатты. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ақын сөзін жүрегіне тоқып алған Тахмина шет тілдерін танып-білу үшін ағылшын тіліндегі кітаптарды көптеп оқып, болашақта кәсіби аудармашы боламын деген арманына жақындап келеді. 
      Жетістігі: 1-сыныбын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазымен марапатталған үздік оқушы. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жеті Өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткізілген «Алатау шыңы» II Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауынан «Хореографиялық өнері» номинациясы бойынша «Мирас» ансамблі құрамында II дәрежелі Диплом иегері. Мектепішілік 1-сынып оқушылары арасында өткізілген «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты сайыста алғыр, озық ойлы, зеректілігімен танылғаны үшін III орын иемденген. 2018 жылы «ALMALY.KZ» V Халықаралық балалалар шығармашылығы мен өнері сайысында «Хореография эстрада 5-8 лет» номинациясы бойынша Гран-При иегері. 2018 жылы Алматы қаласында өткізілген «Жеті Өнер» II Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-байқауында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті, рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін «Хореографиялық өнері» номинациясы, «Ұлттық би» жанры бойынша «Мирас» ансамблі құрамында GRAND PRIX жүлдесінің иегері.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, ағылшын, шет тілдерін үйрену, спортпен шұғылдану.
      Арманы: Жоғары білімді маман, әлемдік дәрежедегі дәрігер, кәсіби аудармашы болу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}