Жакен Айым

Рейтинг:

«БИЗНЕС САЛАСЫНДА ҮЛКЕН ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТІП, 
ТАБЫСТЫ КӘСІПКЕР БОЛСАМ ДЕЙМІН»
 
      Қолы қалт етсе сурет салып, домбыра тартып, би билейтін өнерлі бала Айым Абзалқызы 2009 жылдың 16 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келді. Бақытқа толы балалығын Айым №105 балабақшасында өткізіп, өнегелі тәрбие көрді. Білуге құмар өрелі өрен Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған мектеп-гимназиясының табалдырығын аттап, бүгінде №39 мамандандырылған физика-математикалық лицейдің 5«Ә» сыныбында білім алуда. Дарынды ұстаз, физика оқулықтарының авторы атасы Бақынов Жакен мен шәкірттері халықаралық, республикалық олимпиадаларда жүлде алып жүрген әжесі Бақынова Мәукеннің тәрбиесінде болып, қазыналы қарттардың тәлімі мен өнегесін санасына сіңіре білді. Адалдық пен адамгершілікті бәрінен де биік қоятын әкесі Бақынов Абзал «Jusan Bank» АҚ-да бас сарапшы болып қызмет атқарса, жүрегіне имандылық нұры орнаған анасы Жұмағұлова Гүлдария – маркетинг саласының маманы. Ізінен ерген інісі Әлиасқарға өзінің қамқорлығын көрсетіп, әріп үйретеді, ойнатады. Бастауыш сыныптарды тек Мақтау қағаздарымен бітіріп, алғашқы сыныптардан-ақ оқуда озат болып, білімділігімен көзге түсе білді. Сабаққа үлкен дайындықпен барып, мектепішілік өткізілген пән олимпиадалары мен интеллектуалдық сайыстарда жүлдегер атанып, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып келеді. Сабақтан тыс уақытта анасына, үй шаруасына көмектесіп, қосымша сабақтарға да үлгеретін Айым қазақ әдебиетінің қаймағы болған ақын-жазушылардың көркем әдебиетін оқығанды ұнатады. Мұғалім тапсырмасын екі етпей орындайтын тіл алғыш, алғыр, қандай істе де жауапкершілігі мол, ашық мінезді, қолы қалт етсе, сурет салатын қабілеті бар талантты оқушы Айымның келешегі кемел, болашағы жарқын болары сөзсіз.
      Жетістігі: 1-4 сыныптарын өте жақсы оқығаны және үлгілі тәртібі үшін Мақтау қағазымен марапатталған. «Ақ бота» Республикалық интеллектуалдық марафонынан Диплом иемденген. 2017 жылы Республикалық «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ән-би телефестивалінің лауреаты атанды. 2016-2017 жылдары «Пони» Халықаралық ойын-байқауынан жүлдегер, 2017 жылы Алматы қаласында «Мереке» жасөспірімдер студиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаз мереке» балалар мен жасөспірімдер арасында VII Республикалық ән-би байқауынан «Аспапта ойнау ансамблі» номинациясы бойынша I орын, 2018 жылы «Ғұмырдария» Халықаралық балалар шығармашылығын ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Гүлденді дала» балалар мен жасөспірімдердің арасындағы ән-би өнер байқауынан «Ансамбль» номинациясы бойынша Бас Жүлде иегері. «Солнечный свет» қашықтықтан өткізілген Халықаралық интернет олимпиадасынан ағылшын тілі бойынша I орын, математика пәні бойынша жүлделі II орын алған. «Шың-Олимп» Математикалық білім қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Весений олимп» Мәскеулік математика байқауынан 2018 жылы II орын, 2019 жылы III орын және «Тайжарыс-Талант» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Елім деп соғар жүрегім» атты Республикалық байқаудан I орын алған жүлдегер оқушы.   
      Сүйікті ісі: Домбыра тарту, сурет салу, би билеу, шахмат ойнау.
      Арманы: Кәсіпкер болу, қайырымдылық шараларымен айналысу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}