![]()
«АРМАНЫМ – ДИЗАЙНЕР СӘУЛЕТШІ БОЛУ»
Күлгенде көзі бірге күлімсіреп, жанарынан от шашып тұрған жалынды жас Әдемі Азаматқызы 2008 жылдың 10 қазанында дүниеге келді. Қолына қылқаламын алып сурет салса, табиғатқа тіл бітіретін талантты қыз қаладағы №34 «Балбұлақ» бөбекжайында тәрбиеленіп, өнегелі тәлім-тәрбиенің мөлдір бұлағынан қанып ішті. Бала кезінде-ақ бойындағы талантын көрсете білген Әдемі бүгінде Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының үздік оқушыларының бірі. Алғашқы
![]()
күндерден-ақ өзін жақсы қырынан көрсете білген жас дарын сыныпішілік, мектепішілік өткізілген іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Жас талғамайтын талант оқушының бағын асырып, қолына қылқалам ұстауға талпынған баланың бойында бүр жарып, сурет салу өнерімен тәлімгерлерін тәнті етті. Мұғалімнің айтқанын тез қағып алатын алғыр, қағілез, мінезі жібектей жұмсақ, шәкірт сыныптан-сыныпқа тек Мақтау қағаздарымен ғана көшіп отырды. Сабақтан тыс уақыттары анасына көмектесіп, үй жұмыстарына да қарасатын еңбеккор оқушы. Мектеп бағдарламасын еркін меңгерген озат оқушы ғана емес, бұрымы бұрала би билейтін қабілеті бар. «Непоседы» би студиясына барып, би өнерінің қыр-сырын үйреніп жүрген өнерпаздың толайым табыстарға жететіні анық.
Жетістігі: №34 «Балбұлақ» бөбекжай МКҚК-да ұйымдастырылған «Қыз – өмірдің қызғалдағы» атты байқауынан «Қылықты қыз» номинациясы бойынша Дипломға, «Тіл – достықтың мерейі» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысына белсене қатысып, жүлделі III орынға ие болды. 2015 жылы «8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне» арналған мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған қалалық «Сиқырлы қылқалам» байқауынан III орын иеленгені үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ақпараттық технологиялар, мектепке дейінгі және орта білім департаменті қолдауымен ұйымдастырылған «Білім жолы» зияткерлік марафонынан Сертификат, 2017 жылы бастауыш сыныптар арасындағы мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен Алғыс хат иемденді. 2017 жылы Бастауыш сынып оқушылары арасында онлайн өткізілген ұлттық интернет олимпиадасында математика пәнінен I дәрежелі Диплом, 2017 жылы мектепішілік математика пәні олимпиадасынан II орын алды. 2017 жылы Ресейдің Самара қаласында өткізілген «Радуга талантов» Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық фестиваль-байқауынан «Народный стилизованный танец» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреаты. Мектепішілік «Жыл оқушысы – 2018» байқауында «Жылдың өнер қыраны – 2018» атағына ие болғаны үшін Сертификат иегері. 2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген I аймақтық «Батыс жұлдыздары» атты байқауда «Қазіргі заман билері» номинациясы бойынша «Непоседы» би ансамблінің құрамында орындаушылық шеберлігі мен айрықша танылған таланты үшін I дәрежелі Диплом, «ПОНИ» Халықаралық ойын-байқауының ұйымдастыруымен өткізілген «Пифагорда қонақта» байқауынан Диплом иемденіп, Республикалық «Мен және менің полицейім» атты акция аясында өткізілген сурет байқауынан II орын жүлдегері атанып, мерейі үстем болды.
Сүйікті ісі: Кітап оқу, сурет салу, би билеу, шығармашылықпен айналысу.
Арманы: Жоғары білімді дизайнер-сәулетші болу.
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]