![]()
«ЖҰЛДЫЗЫ ЖАРЫҚ, КӨҢІЛІ КӨКТЕМ ӘСЕМ ҚЫЗ»
«Көп білем десең, Аздан бастап үйрен» деген ұстанымдағы әдепті, зерделі, қабілетті өрен Даниярқызы Данеш – жасыл желекті сұлу қала Алматы шаһарының тумасы. Ата-анаға деген құрметті бәрінен жоғары қоятын зерделі қыз 2007 жылы 2 ақпанда өнегелі отбасында өмір есігін ашқан. «Бала – өмірдің мәні, көңілдің сәні, алға жетелер шамшырақ» деп қарайтын үлкендердің қамқорлығына бөленіп өсіп келе жатқан Данештің ата-анасы – ақ тілеулі қолдаушысы мен тілекшісі.
![]()
Биік болмысты, жоғары ұстанымды, бір сөзді әкесі Балапанов Данияр – финансист, жеке кәсіп иесі. Шуағы мол, ой-өрісі кең, жаңашыл, ізгі ниетті анасы Балапанова Эльмира – PhD доктор, «Сорбонна Казахстан» институтының профессоры, ЖШС «ГК Энергомост» қаржы директоры қызметінде. Еңбегімен бақытқа жеткен қос бәйтерегі, ардақты әкесі мен аяулы анасы – парасатты жұп. Данеш – отбасының тұла бойы тұңғышы, көзқуанышы, жарқыраған жұлдызы, үкілеген үміті. Ізінен ерген екі бауыры бар. Сүйкімді інісі Даниярұлы Мансур мен сүйікті сіңілісі Даниярқызы Еркежан Данешті үлгі тұтады. Отбасындағы тәлімді тәрбиесін №72 балабақшасында жалғастырған Данеш жаңа ортаны жатсынбай қабылдап, әдеп әліппесін меңгеріп, тәрбиешілердің сүйіктісіне айналды. Өнерлі өрен 3 жасынан бастап классикалық балетке барып, 30 жылдық тәжірибесі бар білікті хореограф Камалиева Ардактан балет өнерінің қыр-сырын үйреніп, шеберлігін шыңдады. Камалиева Ардак – бүгінде «Kamali Dance Studio-ның» жетекшісі, педагог-хореограф. Білімпаз, ізденімпаз шәкірт Данеш Даниярқызы бүгінде №24 мектеп-лицейдің 7-сыныбының белсенді, озат оқушыларының қатарын толықтырып жүр. Ертеңгі болашағын бүгін өз қолымен жасап жатқан ынталы жас сабаққа ынталы, қоғамдық жұмыста белсенді, досқа адал, сырға берік. Салауатты өмір салтын ұстанатын мақсатшыл қыз синхронды жүзу спортымен бапкері Айнұр Керейдің жетекшілігімен тұрақты түрде айналысады. Айнұр Керей – 2008 жылғы олимпиаданың қатысушысы, Азия ойындарының екі мәрте Қола жүлдегері, синхронды жүзуден Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Жетістігі: 2015 жылы «Балалар Интеллектуалдық Клубы» жобасының математика пәні қашықтық монопәндік жарысында 15 сұрақтың 14 дұрыс жауап нәтижесімен ІІ орын иегері атанды.
2018 жылы www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтының информатика пәнінен ұйымдастырылған қашықтық олимпиадасының жеңімпазы, Диплом иегері. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «SHOW TIME» би конкурсының І орын жүлдегері атанып, Диплом иемденді. «GRAHD POOL» Фитнес орталық ұйымдастырған балалар Ашық біріншілігінде 11-12 жас қыздар арасында 50 метрлік қашықтықта І орын иемденіп, жеңіс тұғырына көтеріледі.
Сүйікті ісі: Сурет салу, қосымша білімін жетілдіру, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау, ғаламтор желісінен қосымша ақпараттар іздеу, табиғат аясында демалу.
Арманы: Жоғары білім алу, ІТ саласының маманы, білікті бағдарламашы болу.