Алдаберген Бейбарыс

Рейтинг:

«ӨСКЕНДЕ ДӘРІГЕР БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ»
 
      Кішкентай кезінен-ақ зерек болып, жаңа нәрсе көрсе, соны біліп-тануға асығып тұратын, қолына ұстап көрмейінше тыным таппайтын, жаңалыққа жаны құмар болып өскен өнерлі Бейбарыс 2010 жылдың сәуірдің 10-ыншы жұлдызында, Атырау облысында дүниеге келді. №38 мектеп-лицейінің 4 «А» сынып оқушысы. Әкесі Рустам темір жол саласында еңбек етсе, анасы Марина ақ халатты абзал жандардың қатарында дәрігер болып қызмет етіп келеді. Балалық шақтың бақытқа толы әткеншегінде бірге тербеліп, шаңырағына қыдыр қонған әулеттің ішін сәби күлкісіне толтырып келе жатқан Шара есімді қарындасы мен Нұриден есімді інісі бар.
      Бар қызығушылығы музыкалық аспапқа түсіп, қазақы домбыраның қоңыр үнін көпшілікке жеткізе білген өнерлі жас Алтын Жұматина атындағы өнер мектебінің домбыра сыныбынан тәлім алып келеді. Білмегенін сұрап, білімін толықтырып отыруға құмар оқушы қай нәрседен де хабары бар, жан-жақты болып отырады. 
      Жетістігі: 5 жасында «Айгөлек» балалар байқауына қатысып, Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты көркем сөз байқауынан  ІІІ орынды иемденді.
    2020 жылдың 7 қаңтарында Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында өткізілген «Рождественские звезды» байқауына домбырашы балалармен бірге қатысып, I орынды жеңіп алып, жеңіс тұғырына көтерілді.
      Сүйікті ісі: Кітап оқу, теннис ойнау, білімін жетілдіру. Лего ойыншықтарынан анимация мультфильм түсіру. Түсірген видеоларын өзінің Lego Planet каналына жүктеді.
      Арманы: Жоғары білімді білікті маман, ақ халатты абзал жан атану.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}