Базарғали Дильнара

Рейтинг:

«ҰЛЫЛЫҚ ҰЛАҒАТЫН ДАРЫТЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНДАР – ЖАҚЫН ЖАНДАРЫМ»
 
      «Менің отбасым – менің қорғаным, тірегім әрі сүйенішім. Әкем мен анамның айтуымен әдептілік әліппесін қатаң ұстанамын. Олар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөліседі, бастысы менің жақсы адам болып өсуім маңызды екенін ұғындырды. Менің оқудағы және спорттағы жетістіктерім – отбасым мен жақындарым үшін ерекше мақтаныш. Келбеті кемел, жүрегі дархан әкем Базаргалиев Тыныштық пен ақылына ажары сай анам Дюсалиева Алияның ақылымен білімге түбегейлі бет бұрдым. «Кітап – рухани байлығым». Мен үшін одан асқан қымбат қазына жоқ. Әсіресе, сыйлыққа кітап алғанды, кітап ұсынғанды жақсы көремін. Мен үшін спорт өмірімнің бір бөлшегіне айналғандай. Физикалық тұрғыдан дене бітіміңді жетілдіруде спорттың орны ерекше. Спорт пен білімді қатар алып, мектеп партасында терең біліммен қаруланып, саналы тұлға болып қалыптассам деген мақсатым бар. Отбасының кенжесімін, алдымда үлгі тұтар әпкем Дильназ бар. Ұлылық ұлағатын дарытып келе жатқан менің әр бастамам мен жеңісті бәсекелеріме қолдау білдіріп отыратын ата-анам мен бауырларыма, жақын жандарыма үлкен ризашылығымды білдіремін», – дейді дарынды Дильнара.      Руханият әлеміне, би өнеріне жақын Базарғали Дильнара тарихы терең Орал қаласында 2008 жылы  қараша айының 8 жұлдызында өмір есігін ашқан. Отбасылық тәрбиені туған қаласындағы №20 балабақшасында жалғастырып, жаңа ортаға бірден бейімделіп, өзін жақсы жағынан көрсете білді. Балабақша қабырғасында әдеп әліппесін игеріп, жақсы мен жаманды ажыратуды үйренді. Ынталы балақай барлық іс-шараларға белсене қатысып, тапқырлығымен, алғырлығымен ерешеленді.
 
«Дарын дегеніміз – дұрыс таңдау жасай білу» деген  ұстанымдағы Дильнара:
      Сапалы білімнің биікке жетелейтінін түсінетінін  балауса – БҚО, Орал қаласындағы Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының табалдырығын аттап, шәкірт атанды. Ұстаздарының ұшқыр ойлы шәкірті «инемен құдық қазғандай оқуда» біртіндеп жетістікке жетуде. Қазіргі кезде талапшыл Дильнара – 5-сынып оқушысы. Талабы таудай, арманы асқақ Дильнара мектепте таным көкжиегін кеңейтіп, түрлі үйірмелерге қатыса бастады. Шығармашылыққа жақын сезімтал өрен бейнелеу өнері мен би үйірмесінің тұрақты қатысушысы, сынып белсендісі.
      Жетістігі: Базарғали Дильнара – есеп шығарудың шебері. Бастауыш сынып бойынша математика пәнінен өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасының және 2017 жылы дүниетану пәнінен өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасының жеңімпазы, І дәрежелі Диплом иегері. 3-сыныпта мектепішілік қазақ тілі пәнінің олимпиадасына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат алған. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар» пәні бойынша Республикалық Қашықтық Олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі Диплом иегері атанды. Өнерпаз өрен «За творческие достижения и вклад в развитие хореографического искусства» мәтініндегі Диплом иегері. 2017 жылы «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының «Хореографиялық өнер» номинациясы бойынша Бас Жүлде иегері атанған жеңімпаз. «2018 жылы «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген Республикалық өнер және білім байқауына қатысып, «Шұғыла» би ансамблінің құрамында жеңімпаз атанып, Бас Жүлдені иемденді. «Өнерлі өрге жүзеді» дегендей, Хореография өнерінің «Наурыз Думан» облыстық Ашық фестиваліне қатысып, «Халық билері» номинациясы бойынша, «Шұғыла» би ансамблінің мүшесі Базарғали Дильнара Тыныштыққызы  І орын алып, жүлдегерлер қатарынан табылды. 2018-2019 оқу жылы Халықаралық «ПОНИ» Пифагорда қонақта – байқауының Дипломымен марапатталған.  2019 жылы «Advance» тіл үйрену орталығына ағылшын тілі бойынша қатысып, «General English, Starter level» курсын бітіргені туралы Сертификат иегері. 2020 жылы облыстық «Бұраң бел» атты байқауда «Хореография» қазақ биі номинациясы бойынша «Шұғыла» би ансамблі марапатталды.       Сүйікті ісі: Кітап оқу, математикалық шешімі қиын есептерді шығару, сурет салу, анасына көмектесу, би билеу, слайм жасау, табиғат аясында серуендеу.
      Арманы: Оқуын ойдағыдай аяқтап, грант негізінде жоғары білім алу, есепші мамандықты меңгеру, ата-анасының мақтанышына айналу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}