Әбіш Елдар Дәулетұлы 2002 жылы 25 қаңтарда Астана қаласында дүниеге келді. Алғашқы таным көкжиегі Ақтау қаласындағы «ҚазТрансОйл» балабақшасынан басталды. Ақтау қаласының №1 орта мектебін жақсы тəмамдады. Дүниеден озған әулеттің ақылшысы болған атасы Әбіш Кекілбаев – үлгі-өнеге иесі болған жан. Парасатты әжесі Жұмабаева Клара – ұйып отырған шаңырақтың данагөй қариясы. Отбасының қорғаны әкесі Кекілбаев Дәулет Әбішұлы мен отбасының ұйтқысы анасы Кекілбаева Нурида Амангелдіқызы – жанұясы жарасқан жұптар қатарында. Олар – балаларының болашағы үшін барын аямайтын ең асылдары. Алдында үлгі болар, жол көрсетер ағасы Әбіш Баязит Манғыстау облысының әкімшілігінде жұмыс істейді, қарындасы Әбіш Алуа Ақтау каласының №1 орта мектебінде оқиды. Елдар – қарындасына қамқор аға. Елдар – өте жақсы музыкант. Ол домбыра, барабан, гитара, пианино аспаптарында еркін ойнайды.
Жетістігі: Жалпы білім беретін пəндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде І дəрежелі Дипломмен марапатталды. «РОССИЯ-КАЗАХСТАН: ПЕРСПЕКТИВЫ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ» ІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы Сертификатын жəне І дəрежелі Дипломын иемденді. ХХХХІV Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында І орынға ие болып, мəртебесі биік, мерейі үстем болды. 2019 жылы Бейбітшілік жəне келісім сарайында өткен Əбіш Кекілбаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай жыр-жауһарларды мəнерлеп оқыды.
Актер болуды армандайтын Елдар мақсатына қадам-қадамымен қол жеткізіп келеді. Н.Жантурин атындағы музыкалық драма театрында қойылымдарға қатысып жүр: «Ханума», «Ант», «Алғашқы махаббат» т.б. және белгілі орыс актерлерімен «В ожидании моря». Сонымен қатар, көптеген белгілі музыканттармен бірге сахнада ойнаған. Бұл – Елдардың жеткен жетістігінің бір бөлігі. Қазіргі таңда Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Драма, театр жəне кино» факультетінде оқып жүр.









[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]