![]()
«ӨНЕР МЕН БІЛІМНІҢ ШАМШЫРАҒЫН ҚАТАР ЖАҚСАМ ДЕЙМІН»
Тұлғаның жан-жақтылығы оның адам ретінде даму жолында мәдени игіліктерді игеруіне мол ықпал етеді. Жас буын мына өмірге енді ғана қадам басқанда, сан салалы руханият көздерін, білімнің сатылы кезеңдерін бастан өткізеді. Бұл жолда болашағына бағдар жасап, жарқын күндерге ұмтылатын әрбір жасөспірім өзінше ізденіп, көзқарастары мен өмірлік азық болар білім нәрінен сусындап қалуға тырысады. Білімді «келешегіне керек қазына» деп есептейтін Станкулова Аружан – болашағынан үлкен үміт к
![]()
үттіретін оқушылардың бірегейі. Елінің ерке аруы 2002 жылдың 16 қарашасында еңселі елордада өмір есігін ашты.
Қазыналы қарттарын кие тұтатын отбасының шаттығы, бүлдіршін Аружан өнегелі отбасында тәрбиесін жетілдіріп, дүние тану қабілетін дамытты. Отбасының тірегі, қамқоршысы, сөзіне ісі сай әкесі Станкулов Азамат Мирасұлы мен жылуы мол, шапағатты, мейірбан анасы Ташбекова Роза – бала тәрбиесін басты орынға қойған асыл жандардың қатарында. Жарасымды жұп перзенттерінің өмірде өз орындарын тауып, оң мен солын ажыратып, саналы азамат болып қалыптасуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Жанұяны күміс күлкісіне бөлеп жүрген ағасы мен інілері – Аружан үшін аса қымбат.
«Бауырмен өмір қымбат» дегенді қуаттайтын Аружанның алдында арқа сүйер ағасы Абылмаганбет Азаматұлы – жоғары білімді жас, бауырларына айтар ақылы мен көрсетер өнегесі мол жаңашыл жас.
Аружанның ізінен ерген қос інісі Ерсайын мен Али қос қанаты секілді, бауырмал әпкелерін үлгі тұтады, жақсы көреді.
Отбасының екінші перзенті Аружан өзінен кейінгі бауырларына жанашыр әпке, ата-анасының ақ үміті мен көзқуанышы, қырмызы гүлдей құлпырған қызғалдағы.
Ақ бантигі желбіреген арманшыл балақай жүрек дүрсілін зорға басып, №15 мектеп-лицейдің табалдырығын қуана аттады. Мектептегі алғашқы күннен бастап, оқу-білімге үлкен ықылас танытып, шын жүрегімен білім көкжиегін бағындыруға құлшына кірісті.
Мектепке қадам басқан зейінді өрен өнер әлемінің де есігін ашып, білікті маман Магзумова Гүлмира Тоқтасынқызы жетекшілік ететін «Рауан» би ансамблінің құрамына қабылданады.
«Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рақатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес» деген сөзді айтқан орыстың ұлы жазушысы Антон Чехов арайлы, өнерлі Аружанның таңдаған жолының дұрыстығын айқындап бергендей десек, артық айтқанымыз емес.
«Білген адам білімді өмір бойы іздейді» деген ұстанымды бетке алып, ұстаздарының айтқанын екі етпей, сабаққа тыңғылықты дайындалып, табандылығының арқасында мектептегі маңдайалды озат оқушылардың қатарына еніп, жетістіктерге жетіп, білімпаз шәкірт ата-анасы мен ұстаздарының мақтанышына айналды.
Адамға мектеп ең алдымен болашағына қажет білімнің іргетасын қалауы үшін керек. Қазіргі заманауи мектептерде барлық білімді дайын күйінде бере салмайды, сонымен бірге өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Оқушылардың көп бөлігі зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғылыми-практикалық конференцияларға, интеллектуалды конкурстар мен олимпиадаларға қатысуда. Мұның барлығы баланың жаңа заман көшіне ілесе алатын, озық ойлы болуына көмектеседі. Осы жағынан алып қарағанда, мектептің берері мол. Осындай мүмкіндікті құр жібермейтіндердің қатарында талабы таудай шәкірт Аружан Азаматқызы да бар. 9-сыныпта Нұр-Сұлтан қаласындағы Ғафу Қайырбек атындағы мектеп-гимназиясына қабылданып, білім алуын әрі қарай жалғастырады.
Қандай жұмыс жасаса да барын с
![]()
алып, жақсы нәтиже көрсетуге, биікті бағындыруға тырысады. Талғамы жоғары қыздың әр іске қояр талабы да жоғары.
Ізденімпаз шәкірт саяхаттағанды жақсы көреді.Зейіні зерек қыздың кітап оқуды дағдыға айналдырғаны көңілге қуаныш ұялатады. Бос уақытында музыка тыңдап, спортпен шұғылданатын жанның сергек болатыны анық. Ал спортты серік еткен Аружанның өзі жаны сұлу, көркем мінез иесі болып бой түзеп келеді.
Өзгеге ұқсамайтын бала болмысымен ерекшеленіп тұратын зерделі жастың арманы – бірнеше тілді меңгеріп, би өнерінің майталман маманы болу.
Оның ең басты мақсаты – ата-анасы артқан үмітті ақтау. Ойында «перзенттік парыз» деген асыл ұғым жатады. Сол ұғымның астарынан үлкенді сыйлау, осы өмірге келгенің, осы күнге жеткенің үшін, бастысы кімге қарыздар екеніңді ұмытпау деген нәрселерді түйсінгенің. Үлгерім жөнінен үлгі болып, тіпті өзі құралпы жастардың көшін бастап, алдыңғы шепке шықса да тәубесін ұмытқан емес. Иә, ол үшін адамдықтың биігін бағындыру – өмір өзеніндегі зор жеңістің бірегейі.
Ақылы мен көркі үйлескен Станкулова Аружан: «Әр адам баласы салауатты өмір салтын сақтап, денсаулығына аса мән беруі керек. Ең алдымен, саналы да жарқын өмір сүру үшін, денсаулық қажет, сол денсаулықты сақтау өз еншімізде», – дейді.
«Талантты адам, барлық жағынан талантты» дегендей, талант иесі Аружан –
«Рауан» би ансамблінің құрамында өнер көрсетеді. Би тобының құрамында бидің түр-түрін үйрену үстінде.
«Рауан» би ансамблінің құрамында Халықтық өнерді дамытудағы қол жеткізген табыстары үшін І және ІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды.
Балдырған Аружан 5 және 9 жас аралығындағы БИ ӨНЕРІ НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША МЫҢНАН ТҰЛПАР, ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТІГІМЕН танылған «Рауан» би ансамблінің құрамында «Айгөлек» Республикалық телевизиялық «ән-би байқауының» екі мәрте І орын алған жүлдегерлері қатарында.
Жігері мен ұмтылысы жоғары Аружан – VІІ ашық жастарға арналған Тәуелсіз елдер қауымдастығының «Энергия молодых» Дельфий ойындарына қатысушысы Сертификатының иегері.
VІІ Ашық қалалық «Балбөбек» балалар шығармашылық конкурсының Диплом иегері. Сондай-ақ өнерімен өрге жүзген жас талап Аружан «Музыка весны» конкурс-фестиваліне қатысып, орта топ арасында суырылып шығып, Гран-При жүлдесін иемденіп, мерейі үстем болды. Осы конкурстың Грамотасын да марапат қорына қосып алды.
«Жастар жалыны – 2014» шығармашыл жастар фестиваліне қатысқаны үшін Сертификат иегері атанды.
«Арулар – асыл жандар» сайысына белсене қатысқаны үшін және «Мың бұралған биші ару» аталымы бойынша Мадақтама иегері атанды.
Рухани дүниесі бай, өнер мен әдебиетке жақын жан-жағына нұр шашқан Аружан «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың ІV Республикалық ән-би балалар мен жасөспірімдер арасындағы байқауының «Би» номинациясы бойынша Диплом иемденіп, Станкулова Аружан Бас Жүлде атағына лайық деп табылған өнерпаз жас.
Станкулова Аружанға ХVІІІ қалалық «Казахстан – наш общий дом!» «ЭСПО-2017» Халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны Алғыс хат табыс етілді.
Халықаралық би олимпиадасының халықаралық дәрежедегі заманауи, эстрадалық, халықтық билер Чемпионатында өнерлі қыз І орын жеңімпазы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді.
![]()
Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік Аружан «Жұлдызды шеру – 2018» байқауының «Жас дарын» номинациясы бойынша Дипломмен марапатталып, жетістіктерін еселей түсті. «Астана жас толқыны» балалар және жастар шығармашылығының Халықаралық байқауының Сертификаты иегері. Жастар жылы аясында өткізілген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Шаттық – 2019» Ашық шығармашылық қалалық байқауында «Ерекше жанр номинациясы» бойынша Күміс медальға ие болып, мәртебесі биіктеді.
Жүрегі мейірімге толы, көпшіл, бәріне көмектесуге дайын тұратын, адамгершілігі мол бойжеткен: «Адам болып өмірге келген соң, адам боп кету – парызың. Біреуге көмектескенің – өзіңе жақсылық жасағаның», – деп есептейді. Әрдайым ізгі ойлы, адал болғандықтан ба, оның жарыстағы да, өмірдегі де жолы ашық, күші мығым, бәсі жоғары. Өйткені, Станкулова Аружан Азаматқызы – ел келешегін өрістетер даңқты тұлға болуға лайық жас буын өкілі.