Қанатқали Аяулым – «Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек» дегенді есте сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге ниет қылған зерек шәкірт. Атырау қаласында 2005 жылы 1 маусымда дүние есігін ашқан. Ата-анасы бала тәрбиесінде Мағжан Жұмабаевтың «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер» деген сөзін басшылыққа алып, балаларының жеке тұлға ретінде жетілуіне көп мән береді. Перзенттерін шексіз махаббаттарына бөлеп, оларға демеу болып, талабы мен бастамаларын қолдаудан жалыққан емес. Отбасының саялы бәйтерегі, асыл текті атасы Нұғманов Сәулен мен мейірімі шексіз ақпейіл әжесі Нұғманова Айман – зейнеткерлер қатарында. Жаны нұ
![]()
рға толы мейірбан анасы Нұғманова Әсел – перзенттерінің бақытын басты орынға қойған. Аяулым – отбасының тұңғыш перзенті, ата-әжесінің көзқуанышы. Ізінен ерген сіңілісі Шырайлым жанашыр әпкесін үлгі тұтады. Атырау қалалық №43 балабақшасына барған Аяулым көн нәрсені үйренді. №38 мектеп-лицейдің шәкірті атанған Қанатқали Аяулым бүгінде 9-сынып оқушысы. Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік ару Аяулым – шығармашылыққа жақын, спортпен де айналысады, каратэден жасыл белбеу иегері.
Жетістігі: Қанатқали Аяулым – өнерімен өрге жүзген өнерпаз. Қазақстанның талантты, модельдері мен дизайнерлерінің Халықаралық форумы бойынша 2015 жылы топтық би байқауының жүлдегері, «Топтың ең талантты бишісі» номинациясының иегері. «Звездный танец» хореографиялық байқауының топтық би бойынша 2015 жылы жүлделі І және ІІ орындарды иемденген. 2015 жылы «Ақ сұңқар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсында топтық би бойынша І орын жеңімпазы, жеке би бойынша 2016 жылы Бас Жүлде иегері. 2016 жылы «Ақбөбек» III Республикалық шығармашылық байқауы топтық би бойынша ІІ орын, жеке би бойынша Бас Жүлде иегері. «Күншуақ» Республикалық фестиваль-конкурсының топтық би бойынша ІІ орын, жеке би бойынша І орын иегері. «ТОНИКА» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсы жеке би бойынша І орын, XIII Республикалық Ақ көгершін балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында топтық би бойынша І орын және жеке би бойынша І орын алып, мерейі үстем болды. «Би думаны» байқауында жүлделі І орын, II Халықаралық «Жадыра, жас дарын» фестиваль-конкурсында топтық би бойынша ІІ орын, VII Республикалық «Алтын күз» фестиваль-байқауынан топтық би бойынша ІІ орын, «Ақбөбек-IV» республикалық шығармашылық байқауынан топтық биноминациясы бойынша І орын иегері. 2017 жылы I Республикалық Серпер балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының жеке би жанрының, I Республикалық «Серпер» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауының және 2017 жылы «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының топтық би бойынша Бас Жүлде жеңімпазы, 2018 жылы ІІ орын, жеке би жанры бойынша қатысып, жүлделі ІІ орын иемденген. Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Ай, керім» жас биші қыздар арасында топтық биден ІІ орын, IV Халықаралық балалар өнер фестивалінің жеке би бойынша І орын, «Almaly.kz – 2017» IV Халықаралық балалар өнер фестивалінен топтық және жеке би бойынша өнер көрсетуден І орын алды. Осы жылы «Балапан» телеарнасының «Балапан жұлдызы» жобасында өнер көрсетті. II Халықаралык балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсы «Өнер қанатында» топтық және жеке би бойынша өнер көрсетуден І орын жүлдегері атанды. 2018 жылы I Республикалық «Қазақстан Таланттары» рухани-патриоттық байқауынан ІІ орын, 2018 жылы Мәскеу қаласында өткен балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық «Открытая Европа-Открытая Планета» атты фестивалі топтық биден ІІІ орын, жеке биден ІІ орын иегері. V Халықаралық балалар өнер фестивалі «Almaly.kz–2018» топтық биден Бас Жүлде жеңімпазы. 2015 жылы «Ақ сұңқар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсында домбырадан – ІІІ орын, «Жас музыкант» сайысында домбыра жанрынан ІІ орын жүлдегері. 2016 жылы Рысбай Ғабдиевтің 80 жылдығына арналған Республикалық «Рух» қайырымдылық фестиваль-конкурсының «Жүректе жатталған естелік» бөлімі бойынша І орын, «Әуен толқынында» бөлімі бойынша ІІІ орын иегері. II Халықаралық «Жадыра, жас дарын» фестиваль- конкурсында домбыра жанрынан І орын, топтық биден ІІ орын иегері. «Ақбөбек» IV Республикалық шығармашылық байқауы мен IV Халықаралық «Жадыра, жас дарын» фестиваль-конкурсынан домбыра жанрынан ІІ орын жүлдегері. 2018 жылы «Жылыой өрнектері» I облыстық байқауында топтық биден ІІІ орын, XIV«Дельфий» ойындарында топтық биден І орын, I Халықаралык балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсында жеке биден І орын, топтық биден І орын иегері. Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауынан және «Танцуй всей душой» Өзбекстан мемлекетінде өткен конкурс бойынша топтық биден Бас жүлде иегері. Республикалық «Atyrau Music Festival» байқауынан вокал жанрынан ІІ орын, топтық биден жүлделі І орын алған. 2019 жылы Халықаралық конкурс-фестиваль «Я звезда» жеке биден І орын, Францияның Париж қаласында өткен XIII Халықаралық конкурс-фестивалінде жеке орындаудан І орын, VI Халықаралық балалар өнер фестивалі, «Almaly.kz –2019» топтық биден І орын және Халықаралық әр түрлі жанрдағы фестиваль-конкурс «Best Stars» топтық биден І орын, жеке би бойынша Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. I Республикалық «Қазақстан Таланттары» рухани-патриоттық байқауының және «Ақ сұңқар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль конкурсы топтық биден Бас жүлде жеңімпазы. Каратэ-до шотокан спорт түрінен ІІ орын, 2018 жылы 8 Кью Сары белбеу, 2019 жылы 6 Кью Жасыл белбеу иегері. Ағылшын тілі пәнінен мектепішілік олимпиаданың ІІІ орын иегері.
Сүйікті ісі: Музыка тыңдау, би билеу, ән айту, тик-ток видеоларын түсіру. Жақындарын қуантып, тәтті тоқаштарды жиі дайындап, анасына көмектеседі.
Арманы: Болашақ бедерінде кино өнерінің жұлдызы, атақты киноактриса болып, танымалдылыққа жетуді армандайды.
Қанатқали Шырайлым – «Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң, Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң» деген ұстанымдағы көркем, ізетті, білімпаз өрен. Атырау қаласында 2010 жылы 16 шілдеде дүние есігін ашқан. Қазыналы қарттары бар толық отбасында тәлімді тәрбие алуда. Атырау қаласындағы №43 балабақшаға барып, таным көкжиегін кеңейтті. Жаны жайсаң, көркем мінезді, қолөнерге біртабан жақын өнерлі өрен қазіргі кезде №38 мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы. Сынып белсендісі, оқуға ынталы, қоғамдық жұмыстарда белсенді шәкірт – сыныптастары мен ұстаздарының мақтанышы.
Жетістігі: Руханият әлеміне жақын
Қанатқали
Шырайлым 2016 жылы «Алтын күз
![]()
» VII Республикалық балалар өнер фестиваль байқауында топтық биден ІІ орын, «Ақ сұңқар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсында топтық биден ІІ орын иегері. «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсында топтық биден ІІ орын және I Республикалық «Серпер» балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында топтық биден ІІ орын, IV Халықаралық балалар өнер фестивалі «Almaly.kz – 2017» және «Ақбөбек» IV Республикалық шығармашылық байқауы бойынша топтық биден ІІІ орын жүлдегері. «Ақбөбек» V Республикалық шығармашылық байқауы топтық биден Бас Жүлде иегері. «Almaly. kz – 2018» V Халықаралық балалар өнер фестивалі және «Алатау шыңы» II Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсы бойынша топтық биден І орын жүлдегері. 2018 жылы «Алтын Самұрық» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының, I Республикалық «Қазақстан Таланттары» рухани-патриоттық байқауының топтық би өнері бойынша І орын жеңімпазы. Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауынан Бас Жүлде алған жеңімпаз. Мектепішілік «Көрікті көктем» сурет байқауынан І орын, 2018 жылы «Танцуй всей душой» Өзбекстан мемлекетінде өткен конкурс бойынша топтық биден І орын иегері. 2019 жылы Республикалық «Atyrau Music Festival» байқауынан вокал жанрынан ІІ орын, топтық биден жүлделі ІІІ орын алған. 2019 жылы Халықаралық конкурс-фестиваль «Я звезда» вокал жанры бойынша І орын, Францияның Париж қаласында өткен XIII Халықаралық конкурс-фестиваль жеке орындаудан (вокалдан) І орын, «Almaly.kz –2019» VI Халықаралық балалар өнер фестивалінде топтық биден Бас Жүлде және «Best Stars» Халықаралық әр түрлі жанрдағы фестиваль-конкурс топтық биден – І орын, жеке би бойынша Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды. I Республикалық «Қазақстан Таланттары» рухани-патриоттық байқауының және «Ақ сұңқар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсында топтық биден Бас жүлде жеңімпазы. «Премия Нового Формата» Халықаралық конкурс-фестивальға вокал жанры бойынша қатысып, ІІ орын иемденген талантты жас.
Сүйікті ісі: Сурет салу, би билеу, қолөнермен айналысу, әр түрлі слаймдар жасау, бөлмені өз талғамына сай безендіру, тоқыма өнерімен шұғылдану.
Арманы: Адамдарға жылылық пен жайлылық сыйлайтын дизайнер-модельер болу, ата-ананың үмітін ақтау, талғамы жоғары майталман мамандар қатарына ену.