Жаңабай Сымбат

Рейтинг:

«БОЛАШАҚТА ЭСТРАДА ЖҰЛДЫЗЫ БОЛУДЫ АРМАНДАЙМЫН»

      Ән салғанда өзіндік ерекше дауысымен сахнаны жандандырып, тыңдармандарының жүрегіне жеткізе орындайтын күміс көмей әнші Сымбат Рамжанқызы 2011 жылдың 8 қазанында Оңтүстік қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келді. Бағалай білгенге әншілік – ұлы  өнер, мыңның қолы жете бермейтін тау шыңындағы асыл тас. Құс қанатындағы сазды әуен мен көмейінде бүлкіл қаққан үнді үндестіре білген Сымбат бақытты балалық шағын «Балдырған» балабақшасында өткізді. Сол  кезден бастап Сымбат өзін жоғары деңгейлерден көрсете білді. Балабақшаішілік іс-шараларда, түрлі деңгейдегі ән байқауларында өте жоғары марапаттарға ие болды. Көптеген сахналарда ән айтып, дүйім жұртты тамсандырды. Өнерімен көрермендерді сусындатып, көптің қошеметіне бөленіп келе жатырған жас әнші, талантты оқушы қазіргі таңда Абай атындағы мектеп-лицейінде 2-сыныптағы ең үздік оқушылардың қатарында білім алып келеді. Үш жасынан бастап бойындағы ерекше өнерімен мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінген танымал Сымбаттың ата-әжесі мен әке-анасына деген көрсетер құрметі бөлек, айтар алғысы шексіз. Атасы Қарақұлов Жаңабай ауданға белгілі ел ағасы, ауданның Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер. «Айналайыны» оттан да ыстық әжесі Асылбекова Нұрзада «Алтын алқа» иегері, Батыр Ана. Маңдайынан иіскеп, еркелетіп, бастамаларын қолдап отыратын асқар тау әкесі Қарақұлов Рамжан жеке кәсіппен айналысса, қандай құрметке лайықты анасы Балбекова Меруерт «Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының» қызметкері. Жаняның ішін ыстық мейірім мен шаттыққа, махаббатқа толтырып жүрген Айша, Еркежан, Медина есімді бауырлары бар.       Сабақта озат, қоғамдық жұмыстарда белсенді Сымбат өзінің өнерін шыңдап, қабілетін ұштап, үлкен сахна төрінен көріну үшін еңбектеніп келеді. 
      Жетістігі: 2016 жылы «Балапан» балабақшасында ұйымдастырылған «Әдемі-ай» сұлулық байқауынан І орын, 2016 жылы өткізілген аудандық «Айгөлек» байқауына қатысып, өнерпаздардың арасында үздік атанып  Бас жүлде алды. 2017 жылы 1 маусым «Балаларды қорғау күніне» орай ұйымдастырылған бағдарламаға қатысып, аудан әкімінен Алғыс хат, Мектеп жасына дейінгі балалар арасында өткізілген аудандық «Айгөлек-2017» балалар шығармашылық байқауынан Бас Жүлде иемденіп, мерейі үстем болды.2018 жылы талантты жастарды анықтау мақсатында өткізілген облыстық «Әнші балапан» байқауының  І орын жеңімпазы. 2019 жылы Шымкент қаласында өткізілген «Golden Stars of Qazaqstan» байқауына қатысып «Grand prix» яғни Бас Жүлде мен Медаль иемденіп, мерейі үстем болды.
      Сүйікті ісі: Ән айту, би билеу, қосымша білімін жетілдіру.
      Арманы: Өнер саласының майталманы, атақты әнші болу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}