Аманжол Меруерт

Рейтинг:

ӨНЕР ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН ҚАНАТТЫ ҚЫРАНЫ

      Қолына домбырасын алып сахна төріне көтерілгенде сахнаны нұрландырып жіберетін өнерлі Меруерт 2005 жылдың 1 наурызында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келді. Қазақтың тілі, қазақтың жанына айналған қара домбыраны жанына серік етіп, өнер әлемінде қанатын кең сермеп келе жатқан талантты қыз – сыныптың ғана емес, бүкіл мектептің мақтанышы. Жүздің емес, мыңның біріне ғана таңдап қонатын ұлы өнерді бойына сыйдырып, домбырамен қатар өзге де музыкалық аспаптарды меңгеріп, киелі сахнаның жарық жұлдызына айналып келе жатқан Меруерт мектеп табалдырығын №42 Ақниет мектеп-гимназиясында аттап, бүгінде қаладағы №34 А.Тайманов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сыныбында білімін жалғастырып келеді. Жүрегін өнер кернеп, таланты мен талабын ұштап алға ұмтылатын жас – оқу озаты, сынып белсендісі. Әрдайым тілеуін тілеп, қайрап, биікке жол бағыттап жүрген анасы Газизова Гүлшат Қазбекқызы – кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкер. Үнемі өзіне қорған болатын Аманжол Райымбек есімді ағасы бар. Мұғалімнің айтқанын қағып алатын алғыр, қабілетті, қолына алған ісін аяғына дейін жеткізетін жауапкершілігі мол, әрдайым ізденіс үстінде жүретін Меруерт – қара  домбыраның даңқын асқақтатар, өнер әлемінің алтын қанатты қыраны. Домбыра тартуды алғаш үйреткен Риза Оразбекқызына және Зауреш Кабдрахманқызына, гитара тарту мен вокалдың қыр-сырын үйретіп жүрген Мөлдір Есімқызына алғысы шексіз.
      Жетістігі: «Кел, ойнайық!» атты интеллектуалдық ойынға қатысып, өз білімділігін, шеберлігін көрсете білгені үшін Мадақтама; 2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» атты аудандық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы байқауында көрсеткен белсенді өнері үшін «Әгигай» вокалдық триосы құрамында Мадақтама; 2018 жылы мектепішілік кіші пәндік олимпиада қорытындысы бойынша білімділігін танытып қазақ тілі пәнінен II орын, ағылшын тілі пәнінен III орынға ие болды. 2018 жылы «Miss Instagram models school Uralsk» байқауына қатысып, белсенділігі мен жеңіске деген ынтасын танытқаны үшін Грамота, 2018 жылы мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен III орын; 2018 жылы қала бойынша өткізілген «Өнерлі бүлдіршін – 2018» байқауында «Жас домбырашы» номинациясы бойынша II орын иегері (Жетекшісі Зауре Кабдрахманова). «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген «Алтын жүлде» Республикалық өнер мен білім байқауынан «Аспапта ойнау» бөлімі бойынша I орын; 2018 жылы мектепішілік өткізілген «Жыл оқушысы – 2018» байқауында «Жылдың өнер қыраны – 2018» атағына ие болғаны үшін Сертификат, 2018 жылы бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған Республикалық «Дарабоз» өнер мен білім байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша III орын; 2019 жылы мектепішілік пәндік олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен III орын; 2019 жылы www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайтының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген олимпиадада қазақ тілі пәнінен I дәрежелі Диплом; 2019 жылдың наурызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қыдырниязова Шолпан Батырқызының 70 жас мерейтойына орай «Алтын қалам» атты облыстық сырттай өткізілген байқауынан «Шығарма» бағыты бойынша III орын жүлдегері. 2020 жылы "Әлемнің Абайы" Республикалық дарынды балалар байқауында көрсеткен өнері үшін "Аспапта ойнау" жанры бойынша Аманжол Меруерт Бас жүлдені жеңіп алып, мерейі үстем, мәртебесі биік болып, жақындарына шексіз қуаныш сыйлады.
      Сүйікті ісі: Домбыра, гитара музыкалық аспаптарда ойнау, ән салып, би билеп, кітап оқу, үй шаруасында анасына қолғабыс беріп, түрлі тәттілер дайындау.
      Арманы: Әнші, актриса болып, Қазақ Еліне адал қызмет ететін білікті маман болу.

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

Айгерим- 24 марта 2020 21:30
Алар асуың аласармасын біздің, еліміздің мақтанышы ақылды да, әсем ару Меруертім!

{lang_lastnews}