Тасқынқызы Нұрай

Рейтинг:

«ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ АҚҚУЫ»
 
      Ұлттық болмыс, сыйластық,  тағылымды тәлім-тәрбие  отбасынан бастау алады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөздің мәніне, астарына үңіліп қарасаңыз, көп жайтты аңғарамыз. А.Байтұрсыновтың «Балам» деген жұрт болмаса, «жұртым» дейтін бала қайдан болсын?» деген сөзін еске  ала отырып, көрегенділік пен даналықтың ізін қалыптастырып отырған анасы Қойбағарова Бөбек Едігеқызының қолғанаты, арқа сүйер ақылшысы Тасқынқызы Нұрай – ұлттық өнердің жанашыры, күмбірлеген сазды үнімен жүректі баурап алатын күйші ару.  2007 жылы   25 қаңтарда Атырау қаласында дүниеге келген өнерлі балауса үш жасынан бастап «Әсем» балабақшасының «ізгілік әліппесінен» тәлім алып, білім алу жолында болашаққа қанат қақты. Ардақты әкесі Ибрашев Тасқын Қыдырбекұлы ағайын-туыс пен достары ортасына сыйлы жан еді. 2017 жылы кенеттен дүниеден озды. Перзент тәрбиесіне үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған аяулы анасы – Эмбадьойл «Южная Қамыскөл» мұнай өндіру кенішінің аспазшысы. Сүйкімді сіңлісі Тасқынқызы Інжуге қамқор әпке, ақылшы досы болып ж.үрген Нұрай сапалы білімі мен талантты өнері жарқын болашаққа бастар жарық жұлдызы боларына сенеді. Сенім мен үкілі үмітін  арқалаған дарынды жас Тасқынқызы Нұрай – бұл күнде  №7 Е.Халықов атындағы орта мектебінің дарынды шәкірті. Мектеп мақтанышы. 
      Өнер – алысқа алып ұшатын қанат, бақытқа жеткізетін жол. Ананың ақ сүтімен бойға дарыған киелі өнер кез-келгеннің уысында ұстайтын құбылыс емес. Табиғи дарынмен келген қабілетті әрі қарай шыңдап, ұштамаса, жетістік шеңберіне қол созу мүмкін болмас еді. Сол себепті де,  талантты қабілетін жетілдіру мақсатында Токсанбай Култумиев атындағы №1 Құлсары балалар саз мектебінің шәкірті атанды. Саз мектебінде дәріс беретін ұстазы Ибрашова Жанаргүл Қыдырбайқызының қолдауымен  ұлттық өнерді дәріптейтін домбыра аспабының құдіретін сезініп, өнерге ынтық болмысымен бой түзеп келеді. Білім мен өнердің киелі сахнасында шоқтығы биік. 
      Жетістігі.  «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Дала сазы» атты байқауда «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін арнайы жүлде иегері; І республикалық «Алтын Самұрық» атты конкурс-фестивалінде «Домбыра тенор» номина-
 циясында ІІІ дәрежелі  диплом және лауреат атануы; «Талантты болу Тәңірден» атты IV мектепішілік домбырашылар сайысында ІІІ орын жеңімпазы;  «Геолог Казахстана» атты командалық конкурста Алғыс хат еншіледі.
      Сүйікті ісі: Анасына көмектесу. Отбасымен серуендеу. Кітап оқу.
      Арманы: Білімді жастар қатарында ел өркениетінің дамуына өз үлесін қосу. 
 
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}