Ырыстан Ерасыл Өмірұзақұлы – «Білімдінің күні жарық» деген ұстанымдағы оқудың пайдасын түсініп, білім шамшырағын жаққан алғыр ұлан. Денсаулық кепілі саналатын спорт пен келешектің кепілі саналатын білімді бір бойында ұштастырған Ерасыл 2008 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген. Моральдық құндылықтарды балаларына үйретіп отырған зиялы ата-ананың баласы Ерасыл – нағыз ақылды, талапшыл, жігерлі өрен. Ерасыл – отбасының тұңғышы. Оның ізінен ерген қарындасы мен інісі бар. ![]()
Ізденістің кілтін қолына алған Ерасыл «Балапан» балабақшасының тәрбиеленушісі болып балабақша қабырғасында жүріп көп нәрсені үйреніп, көңілге тоқыды. Жаңа ортаға қалыптасып, әдеп әліппесін бойына сіңірді. Алғыр, талапты Ерасыл 2014 жылы туған жеріндегі №241 мектепке шәкірт болып қабылданып, білім әлеміне қадам басты. Өрелі өрен домбыра үйірмесіне қатысып, шеберлігін шыңдап, 23 күйді толық меңгерген.
Жетістігі: Ырыстан Ерасыл – «Білімнің нәрі – бастауыш» сатысында 1 сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін Мақтау қағаздарын иемденген озат оқушы, ұстаздарының мақтанышы. 2-сыныпта математикалық турнирге қатысып, Бас жүлде иемденсе, «Мақал-мәтел» сайысынан тағы да Бас жүлде иемденіп, бәсі жоғары болды. Ерасыл 3-сыныпта математикалық байқаудың І орын жүлдегері атанды. 3-сыныпта «Тәуелсіз ел ұланы» ән сайысына қатысып II орынға, «Ғажайып сурет әлемі» атты білімділер байқауында «Рухани жаңғыру» үлгісін туынды арқылы көрсеткені үшін марапатталды. «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысып III орынға ие болды. 4-сыныпта «Мен өнерлі боламын» тақырыбындағы сайыстан І орын, «Ойын – ой ұштар» зияткерлік сайысынан ІІІ орын алып, мерейі үстем болып, жетістік қақпасын айқара ашты.
Сүйікті ісі: домбыра тарту, музыка тыңдау, тіл үйрену, есеп шығару.
Арманы: Әлем мемлекеттерін аралап, саяхатқа шығу, олардың мәдениетімен танысу. Адамның жанын да тәнін де емдейтін жылы жүректі майталман дәрігер болу.
![]()
![]()
[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]