Коймурат Нурасыл

Рейтинг:

     Қос ішекті күмбірлете тартып, өскенде әнші болуды армандайтын Қоймұрат Нұрасыл Қожаназарұлы 2009 жылы 4 тамызда киелі Маңғыстау аймағының Қарақия ауданы, Жетібай кентінде дүниеге келген.
      Бір жасқа толғанға дейін Мұнайшы кенті, Станция Жетібай ауылында тұрған ол 2010 жылы аққулы Ақтау қаласына көшіп келген болатын. Содан бері самал ауасы жанға қуат беретін Ақтаудың дарынды тұрғынына айналған Нұрасыл өсу баспалдақтарынан аяңдап келеді.
      2012 жылы 3 жасқа толғанда №54 балабақшасына барса, оны 2015 жылы бітіріп, №21 мектепке 6 жасында 1 «ж» сыныпқа оқуға қабылданады. Ерекше үнді Нұрасыл қазіргі таңда оқуда озат атанумен қатар, өнерлі жігіт ретінде есеюде.
       Сабақтан тыс кездері домбыра тартып, ән айтып, кітап оқуды негізгі дағдысына айналдырған ол, өскенде ата-анасының үмітін ақтауды парызына балайды.
      Күлім қаққан күнмен таласа адал еңбекке ұмтылатын Нұрасылдың әкесі Мүнішов Қожаназар Қоймұратұлы мен анасы Елубаева Тілектес ұлдарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруде. Үлкен ағасы Нұрсұлтан мен үлкен апасы Айсұлудың ізіне ілесіп, кіші ағасы Асылбек пен кіші апасы Айданадан үлгі алып ер жетудегі ұмтылысы жоғары Нұрасыл бауырларын ерекше құрметтейді.
      Ұйықтап жатқан көңілге сергектік сыйлап, тылсым бір арман-қиялға жетелейтін ән айтуда талабы да талғамы да жоғары әнші жігіт ортасына сыйлы. Сыныптастары оның пікірімен жиі санасып, жарыстарда қолдау білдіреді. Құйқылжыта салған оның әнін тамсана тыңдап, тоқтаусыз ду қол шапалақ соғады.
     Құлақтан кіріп бойды алатын әннің құдіретін әлі бала болса да жете түсініп, әсте ән айтуға ұмтылатын Нұрасылдың әнге деген қызығушылығы мен махаббаты айрықша. Әрдайым сазы әдемі әндерді іздеп, шығармашылығын дамытып отыратыны да сондықтан.
       Вокалдық мүмкіндігімен қаршадайынан талайды тамсандырған ол бірнеше ән байқауларының жеңімпазы.
       Ең алғаш рет Нұрасыл «Айналайын» №54 балабақшасында 2015 жылы тәрбиеленіп жүргенде кезінде дипломмен марапатталған.
      Одан кейін облыстық «Балауса ән» эстрадалық ән орындаушылар байқауында ІІІ орынға ие болды. Мұнымен шектелмей, халықаралық шығармашылық жастар байқауы «Көк тудың желбірегені» атты республикалық өнер додасында шығармашылық дарыны үшін марапатталып, 2018 жылы Ақтөбеде өткен халықаралық деңгейдегі «Таңғы шұғыла» конкурсынан ІІ орын жеңімпазы атанды.
       Алматы қаласында өткен халықаралық шығармашылық жастар байқауында «Күзгі әуендер» «Вокал» номинациясы бойынша I орынмен марапатталды.
      2019 жылы Ақтауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық өнер және білім байқауына қатысып, «Вокал» номинациясында қола жүлдеге қол жеткізді.
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» атты Ақтөбе қаласында өткен Республикалық өнер байқауындағы жетістігі үшін I дәрежелі диплом иегері атанды.
     «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Дала сазы» атты байқауында «Вокал» номинациясы бойынша жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін III орынмен марапатталып Диплом және Сертификат иеленді. Осы байқауда Алматы қаласында «Біз бақытты баламыз» байқауына және «Алакөлдегі көңілді жаз – 19» фестиваліне шақырту алды.
       Бұл марапаттар Нұрасылдың ән бағытындағы бағындырған белестері ғана.
    Яғни, жан-жақты қабілетті Нұрасыл 2016 жылы «Денсаулық жолы» шарасы аясында ұйымдастырылған «Біз жарқын болашақты таңдаймыз!» ұранымен өткізілген спорттық жарысқа белсенді қатысқаны үшін алғыс хат еншілеп, 2017 жылы Ақтауда Астана күніне арналған іс-шарада диплом олжалады.
     Қоғамдық өмірге де белсене араласып, жеңіске бастайтын жолда жүруге тырысатын әнші жігіт, №12 ЖББОМ КММ жанынан ашылған «Самал» лагерінің іс-шараларында белсенділігімен көзге түсіп, «Жұлдыз» тобының құрамында мадақтамаға ие болды. Ендігі оның мақсаты – арманына жетуде ешбір мойымай, кідірмей көкке өрлеу.
       Біз де таланты ұлдың табиғат берген талантын шыңдап, межесіне абыроймен жетуіне тілекшіміз!

[lang=ru]Оставить комментарий[/lang][lang=en]Leave a comment[/lang]
  • [lang=ru]Ваше имя[/lang][lang=en]Your name[/lang]*:

    E-Mail*:

  • [lang=ru]Комментарий[/lang][lang=en]A comment[/lang]*:

  • [lang=ru]Подтвердите что вы не робот[/lang][lang=en]Confirm that you are not a robot[/lang] - [] *:

{lang_lastnews}